Ржевский котел. Как это было


Послание, написанное сердцем


Медаль за город Будапешт


Казахстанец стал лицом промовидео чемпионата по брейкингу


Олеся Яхно: «Мы ничего не боимся»


Мнения

Автор: Серік Ерғали

Серік Ерғали

Астана

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Өз дәуірінде ауқатты да көзі ашық болған Шегедектiң екi әйелiнен сегіз ұл, 4 қыз тарайды. Осы сегіз ұлдың iшiнде Биахмет, Жанахмет, Халел, Дәлел және Салық орысша-қазақша оқыған, саяси сауатты азаматтар болды. Сәрсен әулеті Алаш қозғалысына белсене қатынасқан.Биахметтің жалғыз ұлы Ғалихан туғанда, әкесі есімін Алаш көсемі Әлиханның құрметіне Ғалихан қойған. Ғалихан Сәрсенұлы 1995 жылы өз қолымен

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Самат тарихшы белгілі қағанның ұрпағы Әбілқайырдың тарихтағы ақтаңдағын оның Ресейге бой ұсынбағандығынан көреді. Ол Кіші жүзді басқарған күннен бастап, Ресеймен арадағы қатынас ылғи күрестен тұратынын келтіреді. 1580 жылы Орал казак әскері құрылғаннан бері қазақ жеріне шабуылдаумен болғаны мәлім. Олардың басты мақсаты – бекіре балығы тайдай тулаған Жайық өзенін түгелімен өздеріне қарату еді. І

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Бұл жолғы әңгіме кіші Бөкейхан Ғабдолхакімге арналмақ. Екеуі де Шыңғысханның ұрпағы болғанымен, төреге жатқанымен, Ғабдолхакім Әлиханға туысқан емес. Әлихан белгілі, Орта Жүзді билеуге қатысқан Көкжал Барақтың тұқымы болса, Ғабдолхакім Кіші Жүздің белгілі ханы Әбілқайырдың ұрпағы болып келеді. Кіші Бөкейхан Бөкей ордасында 1896 жылы көкек айында Нұрмұхамбет төренің отбасында дүниеге келеді. Оның

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Осылайша Ресейдің ішкі саясатында үш топ таласқа түскен күрделі кезең басталды: Петрдің реформасын жақтайтындар бір топ, боярлар құрылымын қалпына келтіруді аңсайтындар бір жақ және «орыс немістерінің партиясы» аталғандар үшінші тараптан аңдысты. Бұған қоса сыртқы саясатта Франция мен Ресей «Полша мұрасына» таласты. Ал 1735 жылы Ресей мен Осман империясы Қырым үшін соғысты. ТАҚЫРЫП БОЙЫНША

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Былай қарағанда бұл әділдік болып көрінгенімен, шын мәнісінде бұл жаңа саясат қазақ халқына тағы бір сұмдығын әкелді.1920-21 жылдардағы жаппай ашаршылықтан енді естерін жыйған қазақ халқы бұл реформаның барысында өз жерін қайтарып алмақ түгілі, керісінше, жаңа аштықтың басы болды.Өйткені, бұл реформа бойынша барлық жерлерде 150-ден асатын малы бар қазақтың бәрін байларға теңестіріп, жаппай

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Көшпелі жұрттар күзгі бұл мейрамды негізінен жылқы сауынының жабылуымен, қой күйегінің аяқталуымен байланыстырса, отырықшыл түркі халықтары егіс науқанының аяқталуымен, егіннің жиын-терінімен байланыстырады. Сабантой – күз маусымының басталуына сәйкес келетін әрі күзгі күн мен түннің теңесуі қарсаңындағы аталатын түркі мерекесі. Сабантой – түркі халықтарының ежелгі тәңірлік танымына негізделген

Түркештер өздерін «Алаш баласы» атаған

Алайда бұл мықты тайпаның тарихы бұлдыр, мәлім жағы аз. Археологиялық қазбалар жағы соншалықты болмашы. Бірақ түркештер туралы барынша нақты жазылған ежелгі жазбалар бар. Сонда да олар бүгінгі тарих үшін мейлінше аз танылған болып есептеледі. Кейбір тарихшы-сарапшылар интернетте түркештер туралы мәліметтің жоқтығын, әлдебір маңызды нәрсені қасақана құпия ұстап отырғандықтан дейді. ТАҚЫРЫП

Зұқа батыр

Алайда, Жоңғарияның қалған жерін түгелімен Қытай өзіне қаратқан жоқ. Өйткені жоңғар мұрасы үшін таласқа қазақтар да шыққан еді. 1755 жылы сұлтан Абылайдың пәрменімен найман Көкжал Барақ пен қыпшақ Қошқарбай батырлар Таулы Моңғол Алтайын қазаққа қаратады. Бұны сырттай бақылап отырған Ресей де өзіне тиісті олжасын алуға ұмтылады. Сөйтіп, 1756 жылы Елизавета патша қатын жарлық шығарып, Таулы

Шамға ауған Ықылас ишан кім еді?

«... Құныскерей Қожақметов дейтін атақты «жарты басыңыз» ысық Кейкіман батырдың әулетінен. Кейкіман және Қожақметтің туған әкесі 1869 жылғы «Ел ауа» кезінде, кәдімгі Жем бойындағы «Ал келді» дейтін жердегі патша әскерімен шайқаста қаза тапқан. Қожақмет сол кезде 11 жасар бала. Ал Кейкіманның інісі сол уақиғадан кейін Шора батыр, тана Жалмұқамбет молда, ишан Досов дейтін адамдар соңына ерген

Пушкиннің қазақ ұстазы кім?

Енді осы Державиннің Ресейде ашық айтуды ұнатпайтын және жасырын ғұмыры туралы айтпақпыз. 1405 жылы Сырдарияның жағасында Есікұлы Хасанның жанұясында Ұлық Мұхамбет есімді ұл дүниеге келеді. Барлық Шыңғысхан тұқымына тән, бұның да ғұмыры мен тағдыры төрелердің өзара жанжалының аясында өтеді. Ұлық Мұхамбет бірнеше рет Алтын орда ханы болып, тақтан бірнеше рет айырылды. 1428 жылы алтын тақты

Тоғызқұмалақ бұрын «тоғызат» аталған

Ойынды зерттеушілер еңбегін шолғанда, басты төрт атауды ғылыми-тарихи нысан ретінде қарастыруға болады: тоғызқұмалақ,  тоғызкоргоол, орда, тоғызат. Бұл атаулар түркі халықтарының қолданысында ғана емес, ғылыми айналыста болып келген. Тоғызқұмалақ. Бұл атау Краснов А.Н. (1887), Пантусов Н. (1904), Карутц Р.(1910), Куфтиннің Б.А. (1926) тарихи-этнографиялық еңбектерінде 1887-1926 жыл аралығында

Қазақстан совет тарихшылары жасырған қаған кім?

Түн-Жабағының әкесі Тардұш Естеми қағанның тұңғыш ұлы болатын және ол өз дәуірінде Жетісу өлкесін билеген еді. Алайда Тардұш 603 жылы Төрік қағанатына бағынудан бас тартып, Жетісуды бөліп алып, Батыс Төрік қағанатын құрады. Тардұштың бұлай істеуіне бірден бір себеп болған – Төрік қағанатына қытайлардың сұғына енген саяси ықпалы болатын. Тардұш дүниеден өткен соң, оның тағына балалары арасында

Айтыс қалай туындаған?

Алайда ақындарға импровизация жолымен поэтикалық туынды шығару тән емес, негізі бұл жыраулық өнер. Жыраулық өнерге басты екі қасиет тән: импровизация және мақамдатып өлеңдету дәстүрі. Бұлар ақындық өнерге ешбір жатпайды. Сол себепті, суырып салма өлең шығару қабылеті мен дәстүрі ежелгі көшпелі өмір салтынан туындаған жыраулық өнердің бірден бір көрінісі екені анық. Сондықтан да жазба поэзиясы

Қазақ пен өзбек бір туған

Тарихи үдерісте тағы бір осындай егіз тағдырлы екі халық бар, олар қазақтар мен өзбектер. Орталық Азияда тәжіктерге ұқсайтын отырықшы төрік халқы болды, олар «сарт» аталады. Бұл сөздің бір мағынасы – саудагер. 15-ғасырда сарт деп негізінен парсытілді жұртшылық аталған болатын. 19-ғасырға қарай отырықтанған Ташкент пен Ферғана өңірінің қарлұқтілді төріктері «сарт» атала бастады. Бұл өңірдің

Шыңғысханға жеңіліс дәмін татырған сол ғана. Жалаладдин.

Бірақ ол барынша білімге де, ел билеуді де құштарлана игерген еді. Поэзияға жаны құштар әрі дінге ықыласы ауған жігіт болатын. Ол өзінің бауырларына қарағанда, әскери іс пен қол бастауды кемеліне келтіре меңгерді. Ол суық қаруды жақсы қолданып, садақты шебер атты, атқа қонғанда оны ешкім де аудара алмайтын. Әкесі баласының мұншалықты қабылеті сарбаздар мен қолбасшылар арасында ерекше ықылас

«Беш» пен ас. Нансадақа мен малсадақа.

Шындығында  «қазақы ет» тағам ретінде жуырда ғана қалыптасқан, бұған дейін ол құрмалдық ас ретінде басты маңызға ие болғандықтан, өз алдына арнайы атауы болмай келді. ХІХ ғасырда тарихта қалған Сағынайдың асы – ежелгі құрмалдық жоралғысының соңы болатын. Өйткені, бұл ас ежелгі ритуалдардан жұрдай болғанмен, мазмұны қазақы этнографияға толы сипатта өткен шара еді. Астың тарихи көрінісіне бірден

Қызылдарды мойындатқан Тобанияз хан

Тобанияз 1875 жылы Маңғыстаудағы Жеменей болысының Әлнияз Пұсырманұлының қарапайым жанұясында дүниеге келеді. Ол Адай тайпасына қарасты жеті атасынан бері қаратабан кедей әулетінің ұрпағы еді. Бірақ та Тобанияздың арғы атасы жоңғар шапқыны дәуіріндегі елдің қорғаны болған атақты Ер Қонай Кенжеұлы болатын. Тобанияз бала кезінде ауыл молдасынан сауат ашып, арапша қаріп таныған. Дегенмен жасынан

Қазақы танымдық сандар мен ғұрыптар

Уақыт пен Кеңісті адамзаттың ежелгі ерте танымына айналдырған түркілер бұл асты рухани құндылық ретінде алып келе жатыр.  Бұлайша он екіге жіктелу малдың он екі жілігінің болғандығынан емес, мәселе - түркітектілердің онекімүшелдік Уақыт пен он екі шоқжұлдыздық ғарыштық Кеңіс құрылымын негіз етуіне қатысты берілетін құрбандықта жатыр. Түркітектілер әубаста ғаламды Жаратушының жаратындысы ретінде

Жеті ата институты – ұлттың мәйегі

Осындай жағдайда халқымыздың ішкі әлеуетінің мәні зор, әсіресе қазақ социумы қандай болды деген сұраққа ат басын бұру маңызды. Қазақ социумының иерархиясын қарайтын болсақ, мынадай құрылымға кезігеміз:1) Индивид, дара жан;2) отбасы – индивидтер жанұясы;3) әулет – бір атадан тараған жанұялардың ошағы; 4) аталық – жеті буынға кіретін әулеттердің тұтасу құрылымы; 5) ру – бірнеше аталықтар біріге

Бекболат Әшеке батыр

Бекболат Әшеке 1943 жылы Жетісу облысына қарасты Жайылмыс болысындағы Үшқоңыр шатқалына таяу маңда туған. Оның сойы қазақ халқын қорғауда аты шыққан текті әулеттен еді. Бекболаттың арғы атасы Есенқұл өзінің он ұлымен жоңғар шапқынына қарсы шыққан белгілі батырлар әулеті болатын. Есенқұлдың үшінші ұлы Дайырбек батырдан Бекболат туған еді. Ол батырлығымен ғана емес, қонақжайлығымен,

Сабатой – Сабантой емес

Бұл мерекені бүгінде түркі халықтарының ішінде тек қана саха жұрты «Ысыах» атауымен жоғары дәрежеде жаңажылдық мәртебе беріп өтіп жүр. Мереке ғасырлар бойғы алуан идеологияның әсерімен түрліше аталып, түрлі сипатқа енгенін жасыра алмаймыз. Сабатой мерекесі - аса ежелгі тәңірлік танымнан бастау алатын мейрам. «Сабатой» сөзі былғарыдан тігілген қымыз құйуға арналған ыдыс атауынан қалыптасқан.

Юечжи – ошақтылар хандығы

Алайда, «юечжи» түрінде жазылған сөз А.Қансарбайдың ойынша «ошақты» дегенді білдірмек. Әрине, ошақты тайпасы кәзір қазақ халқының құрамында бар. Бұл пайымға қарсы тұратындар жеткілікті, бірақ тарихшы бұған өз айғағын қарсы қойып отыр. Егер де қытай жазбасындағы сөзде басында О дыбысы келсе, оны қытайлар ЮЭ деп оқиды. Осыдан келіп бұл жазба «юэшақты» болып айтылады. Бірақ бұл ежелгі қытайлар үшін

Ежелгі Қаңлы елі

Қытай жазбасында Қаңлы алғаш рет «кәнзөй» түрінде б.д.д. 2-ғасырда аталады. Б.д.д. 138 жылы қытайдың У-ди императоры батысқа қарай елшісін жөнелтеді. Онымен бірге аттанған кінәз Дшән Сиән 13 жылдан кейін оралады. Оның жазып қалдырған сапархатында бұрын беймәлім елдер туралы ақпар бар. Солардың ішінде Қаңлы елі де бар еді. Қаңлының 90 мыңдық қолы бар екен. Қытайлық Хән тарихында Қаңлы туралы

Тоғызат. Арап сыйпыры. Абақ-керей.

Б.з.д. 5-ғасырға дейінгі кездерде қолданылған грекше «абак», латынша «абакус» аталған санау сайманы болған. Бұл сайман тақтада қатарласқан ұзынша бөлмешіктерге бөліп және тізілген фишка/ойынтастарды сол бөлмешіктерде жылжыту арқылы санау жүзеге асқан. Осы тақтаның қатарлас сопақ бөлмешіктері тоғызат тақтасындағы қатарласқан отауларын еске салады.Абақ сайман ретінде тарихта ежелгі Бабылда б.д.д.

Қаратай хан

Оның аты әлі күнге ресми тарихта таныла қойған жоқ, оқулықтарда кездеспейді. Бұның басты себебі, Ресейлік саясаттың Қаратай ханның кейпін мейлінше жек көріп, барынша тарихтан аластағанында болып отыр. Қаратай – қазақ халқының тарихындағы биік те, беделді әулетте дүниеге келді. Оның атасы Әбілқайыр хан аңызға айналған бүкілқазақтық қолбасы болғаны мәлім, оның есімі әсіресе жоңғарға қарсы жорықта

Қымызмұрындық рәсімдері

Жоғарыда аталған мазмұнды көріністерге қарағанда, қымызмұрындық ежелгі дәуірдің мифологиялық-сенімдік дәуірдегі танымнан тамыр тартатын, одан бергі дәуірлерде дүниетаным мен ғұрыптарға қаныққан іргелі жоралғы. Алайда бұл шараны жай ғана сусын мерекесі ретінде еуропалық сыра тойымен шатастыруға болмайды. Түрлі ақпарат көздерінен жинақталған қымызмұрындық рәсімдерін

Ғұндар

Ғұндар тарихына арналған мыңдаған деректі фильмдер мен кітаптар, зерттемелер шықты. Соншалықты көптеген еңбектер бола тұра «ғұн» этнонимінің шығуына қатысты бірыңғай пікір мен пайым жоқ, әрқайсысы әр жаққа тартуда. «Ғұн» сөзінің нақты нені білдіретінін анық айтуға ешқайсысының батылы жетер емес. Жуырда тарихшы әрі ютубер Асланбек Қаңсарбаев осы тақырыпқа барып, барлық нұсқаны қарастырып

Наурыздың қазақы атаулары мен табиғи нышандары

Бәлкім, «наурыз» сөзі ертеректе «наруыз» аталуы да мүмкін: нар – күн. Уыз-мереке атауына қатысты Болат Бопайұлының мына бір халық өлеңін келтіруі тегін емес: Уыз айы туғанда, көкте ай толғанда,Қозы, лақтар маңырап, қой мен қозы жамырап, Рахаттанып қаласың, уызға қарын тойғанда.Уыз айы болғанда, ай қараңғы солғанда, Ақ көбейіп бұл маңда, қыраңдап бір қаларсың, Уыз айда уыз бай, уызға келер қонақ

Түркілер Наурызды қалай тойлаған

Отырық жұрттар күнтізбені шаруаға, тіршілікке қолайлы болу-болмауына барынша мұқият қарастырса, көшегендердегі Наурызға деген көзқарас тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғұрыптық, жоралғылық, танымдық рәсімдермен айшықталған. Осындай жазбаны белгілі этнограф-жазушы А.Сейдімбекұлы былай келтіреді: «...Грек тарихшысы Квинт Руф (б.з.д. І ғ.) өзінің «Ескендір жорығы» деп аталатын еңбегінде Орта Азия

Наурызды мейрамдаудың үш санаты

Сөйтіп, Наурыздың санаттары да жетілік санмен қамтылған. Өйткені Наурыз мейрамы ғарыштың ежелгі ұлы үш санаттың (категория) жеті еселенуімен анықталады: жеті дәм (наурызкөже); жеті өң (алуан бояулы әшекей, түрлі түсті киешек); жеті үн (жетіген, жеті қоңырау немесе жеті адамның хоры).Наурыз Құбылыстың басы болғандықтан, оның санаттарының жетік те кемел болуы ойластырылған және іске асырылған. Сол

«Алдаспан» бірлестігі – азаттық қарлығашы

1990 жылы «Алдаспан» клубы құрылғанда, оны құрушыларды ұлттық рухтың жалаугері болар деп ойламақ түгілі, «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деп қудалауға салғандар да болған еді. Бірақ, бойды буған жастықтың бұл күш пен рухани қуаттың арқасында, 25-35 арасындағы жас қыз-жігіттердің сағын ешкім де, ештеңе де сындыра алмады. Олар Ақтөбені қойып, Алматыдағы интеллигенттердің

Амал. Көрісу. Мүшелдік жыл басы

Сол себептен де қысы қатал далалық аттылы түркілер үшін бұл үдеріс қыспен бірге ескі жылмен де қоштасу осы кезге сәйкес келеді. Яғни, Амал мен Күннің «қауышуы» далалықтардың да ежелгі көкірек түйістіру ғұрпының туындауына түрткі болуы мүмкін. Сөйтіп, Григориан күнтізбесінде – 14 наурыз (ескіше, Юлианша – 1 наурыз) мүшелдік Жаңа жыл орнайды. Биыл Сиыр жылын Барыс жылы осы күні ауыстырады. Бұл

«Банды» аталған Аманғали батыр

Аманғали Кенжеақметұлы Бөкей ордасыТума ауылында 1888 жылы дүниеге келіпті. Ол он баланың тұңғышы болды. Шыққан тегі Алшынның Байлы тайпасына жататын Беріш еді. Ол жастайынан батыл да өжет болып өскен, кіші жүздің белгілі палуаны, серісі, ақыны болып атағы жайылған жігіт болатын. 1916 жылғы ресейлік патша жарлығы бойынша Аманғали тылдағы жұмысқа алынып, туған елге 1917 жылы болған буржуазиялық

Наурыз мерекесі қайда, қайдан шыққан?

Ежелгі Бабылда көктемгі Күн мен Түннің теңелісін 12 күн бойы атап өтіпті. Ол дәстүр Жерорта теңізі маңындағы халықтар арқылы Еуропаға жетті дейтін пайым бар. Дәстүрлі діндер қалыптасқанға дейін көп халықтар сол біртұтас онекікүндік көктемгі мерекені атап келген. Мысалы, славяндар «масленица» аталатын ежелгі мерекесін он екі күн атайтын болған, одан халық ажырамағасын, христиандық мейрамға

Нағашы мен айдаһар

«Дала дракондары мен оның құлдары және айдаһар», мақаламызда айдаһарлардың ежелгі бейнелері мен аңыздары ата-бабамыздың құндылығы саналғанын, ол қасиетті рух пен қуатты, күшті білдіргенін келтіргенбіз. Алайда қазақ санасы сол рухани дүлей бейнеден қалай айырылды, неліктен ол қорқынышты, үрейлі кейіпке айналды?Іздестіре келгенде, жылантекті айдаһарға қатысты қыруар қат-қабат рухани қазынаға

Дала дракондары мен оның құлдары және айдаһар

Канадада тұратын қытайтекті Тенгудің дәйегіне қарағанда, дракон культіне қатысты Қытайда 3 дәуірге жататын 3 түрлі драконның сорабы табылған. Б.д.д. 8 мың жыл бұрынғы, 7 мың жыл бұрынғы және 6 мың жыл бұрынғы болып келеді де, бұлардың бәрі де, қытай қамалына кірмейтін Ішкі Маңғолиядағы ежелгі көшегендердің жерінен табылған. Басқаша айтқанда, дракон тарихы Қытай жерінен табылмай отыр.ТАҚЫРЫП

Салахаддинді тұстастары Мұзаффар-аддин Көкбөрі атаған

Оны біреулер күрт, енді біреуі төрік-оғыз, тағы бір нұсқа бойынша ол түрікпенделген күрт тайпасынан делінеді, яғни ұзақ уақыт бойы оғыздар арасында тұрып, соларға сіңген күрт тегінен дейді. Мәселен, қазырғы кезде түрікпендер арасына сіңген күрттер жеткілікті. Олардың тілі түрікпенше және өздерін түрікпенбіз дейді. Айюбилер әулетін қарастыра келе, бұл әулет төрік (түркі) руларымен тығыз

Анақарыс пен Абай – ұлы даланың қос ойшылы

Бізге жеткен тарихи ақпар бойынша ежелгі сақтардың саптағы ең төменгі әскери бөлімі 9 сарбаздан тұрған: шайқас алаңында төртеуі алдыңғы шепте, бесеуі артқы қатарда жайғасады. Артқы бестіктің қақ ортасында тоғызбасы жүреді. Бұнымен ол өзіне қарасты әскери бөлімшені көруге, басқаруға және сардар ретінде өзінің қауіпсіздігіне мүмкіндік алады. Сақтардың майдандағы бұл шебінен хабары мол гректер

2500 жыл бұрын үйсіндер өздерін «қазақ» атаған

Ежелгі қытай жазбалары бойынша «б.д.д 117 жылы Қытай үйсіндерге Шыжән Сиән деген елшісін жібереді. 300 адам ерткен елші өзімен бірге сыйлыққа 600 жылқы, 1000 өгіз бен қой, орасан мол ақша мен жібек артып аттанады.»Алайда Үйсін еліне келіп, сарайға келген қытай елшісі үлкен мәселеге тап болады. Үйсіндер өздерінің ғұн тайпаларынан шыққандығын және олардың өздеріне туыс екендігін білетіндігі өз

«Банды» Ерғали

Құныскерей қонақтарын құшақ жая қарсы алып, қазан көтереді. Асқа енді кірісе бергенде Құныскерей ауылына 22 қызыл әскерден тұратын милициялар жасағы жетіп келеді. Олар үйді қоршап алады. Милиция бастығы Құныскерейге «Төріңе совет өкіметінің жауын шығардың, бізге оны ұстап бер» деп айқай салады. Құнекең оған «Ерғали менің жауым емес - құдайы қонағым. Оны ешкімге бере алмаймын» дейді. Дереу сол

«Нұр Отанның» 1993 жылғы прототипі

«Азат» қозғалысының жағдайының күрделенуіне екі факторды атаған жөн: 1. Елдің басты саяси ньюсмейкері болып келген айтулы қозғалыстан құтылып, автократиялық билікті аңсаған топтардың ұйымды ыдыратуға деген барлық құлшынысы мен әрекеттері – қозғалысты материалдық қолдаудан қақты, қалыптаса бастаған жас буржуазия «ұлтшылдарға» менсінбей қарады – «Азат» қозғалысын қолдамады; 2. Елді құрсаған

Шымқала Мәскеуден 1200 жыл бұрын салынған

Бұл қаланың пайда болуы ежелгі дах тайпаларының Арал маңынан ығысу тарихымен тығыз байланысты. Бұдан бұрын 3000-2000 жылдар арасында кәзіргі Шымкенттің маңында шағын ғана қоныс пайда болады. Тарих ғылымдарының докторы Рустам Сулеймановтың айтуынша, 3000 жыл бұрын геологиялық құбылыстың әсерінен Қызылқұм аумағы өзгеріп, Сырдарияның аңғары да өзгеріске ұшырайды. Сол маңдағы дахтар аталған далалық

Большевиктерден жеңілмеген Құныскерей батыр

Совет өкіметі жылдары Құныскерейге банды, контрреволюционер,барымташы, азғын деген айдар тағылып, жаманатты етіп, оның халық батыры кейпін өшіруге тырысты. Алайда егемен ел ретіндегі Қазақстан тарихшылары оның барлық іс-әрекеті мен ғұмырын зерттей келе, оның қайғылы өмірі нағыз халық батырына тән екеніне көз жеткізіп отыр. Оның батырлығы мен ерлігі сонда – жалғыз өзі тұтас кеңес жүйесіне қарсы

Зарина – даланың дана патшайымы

Бұл қағанатқа массагеттер, парадарайлар, тиграхаудтар мен хаумаваргалар біріккен еді. Бұл күрделі заман болатын, бір ғасыр бұрын сақтардың соққысына киммерліктер, барлық Жерорта теңіз аймағы, Палестина, Урарту, Ассирия мен Мысыр қаратылған еді. Мәди қаған енді сол дәуірдегі алдырмас патшалық Бабылға қарсы аттануды көздеген кезі болатын. Бірақ Бабылды бір өзі шапқысы келген Мидияның патшасы

«Азат» қозғалысы – Тәуелсіздік қарлығашы

Бұл кезде Балтық бойы мен Қап тауындағы елдерде, Украина мен Беларустасаяси ұлттық майдандар құрылып жатты. Прибалтика, Кавказда, Украина мен Өзбекстанда саяси шаруа Одақтан бөлінуге сайығанда, Қазақстанда 1988 жылы қуғын-сүргін үдерісін әшкерелейтін одақтық «Мемориал» қоғамының бөлімшесі «Әділет» қоғамы іске кірісті. 1989 жылы антиядролық Невада–Семей қозғалысы мен  «Қазақ тілі» ұйымдары

Түркілерде кескіндеме болған ба?

Ішінара алиялық, соның ішінде Қытай, Оңтүстік Азия елдерінің де мұраларын таныстыратыны бар. Ал бүкіл Евразияны бағындырған, Азияға, Таяу Шығысқа өз білегін талай көрсеткен түркі халықтарының кескіндемесі бар ма? Болса қайда деген сауалдар мазалайтыны табиғи жайт. Тарихтың бұған қатысты үнсіздігі әділетсіз еді. Шын мәнінде түркілер кескіндемесіз болған емес! Рублевтар, Бангоговтар, Шишкиндер,

Бір күнде қолға екі рет түскен желтоқсаншының әңгімесі

«Желтоқсан оқиғасы басталғанда «Қазақфильм» киностудиясында қызмет едім, – дейді ол. – 17 желтоқсан күні жұмысқа ертеңгісін келсем, қызметтестерім абыр-сабыр болуда. Бәрі жамырасып: «Жаңа алаңда не болып жатыр, көрдің бе?» – деп сұрақ жаудырды. Олар түнгі пленумда Қонаевты орнынан алып тастағаны туралы ашу-ызамен жарыса жеткізді. Жолдастарымның көздерінде – от. «Онда не тұрыс, жігіттер, кеттік»,

Бәйтерек пен жолтерек

Бәйтерек туралы белгілі қазақ аңызы Уақыт пен Кеңістікті және Жер мен Көкті қосатын ғаламдық өзекті паш етеді. Бұл мифтің мазмұны былай: айдалада жер мен көкті тіреген алып бәйтерек тұр. Оның басына келіп Асыл құс самұрық алтын жұмыртқа туып кетеді-міс. Оны бәйтеректің түбін мекендейтін айдаһар жұтып тұрады екен, ақыры айдаһарды бір батыр келіп басын шауып өлтіріп, алтын жұмыртқаны құтқарады.

Қазақтың соңғы хандығы. Жәңгір хан.

Бұның құрылуына Әбілқайырханұлы Нұралының екінші ұлы Бөкейдің амбициялық әлеуеті себеп болды. Ол — Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі, атасынан қалған хан ордасындағы ішкі тартыста шыныққан тұлға. Бөкей өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен бүкіл кіші жүздің ханы Айшуақпен де тіреседі. ХІХ ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болып, ақыры оның амбициясы ресейлік саяси мүддеге

Сақтар парсы империясына қалай көмектесті?

Тарихтың атасы Геродоттың жазуына қарағанда, сақтардың патшайымы Томирис Кирдің мәйітін табуға бұйырыпты. Сөйтіп, Кирдің басын қанға батырып қояды.Бірақ сақтар Кирдің өздеріне шабуылға шығатынын күтпеген еді, себебі, оған сақтар жуырда ғана Ассирияны бағындыруға көмектескен болатын. Екінші рет сақтардың жеріне б.д.д. 519 жылы парсының екінші ұлы билеушісі Дарий І жорыққа шығады. Алайда, Дарийдің

Реплика. Политолог Ризван Гусейнов о Симоньян и Кеосаяне

«Народ войлочных стен». Серия 3. Алтайцы. Проект Армана Нурмуханбетова

«Народ войлочных стен». Серия 2. Калмыки. Проект Армана Нурмуханбетова

«Народ войлочных стен». Серия 1. Азербайджанцы. Проект Армана Нурмуханбетова

Политсуфлёр: «Труд, трут и ртуть»

Политсуфлёр: «Язык жестов и испанский стыд»

Политсуфлёр: «Талибан: ориентация – север!»

Политсуфлёр: «Самохамчики рулят на дорогах»

ПолитСуфлёр: «У кого что Полит...»

Редакция