Культура

Түркілер Наурызды қалай тойлаған

Серік Ерғали

22.03.2022

Наурыз тарихын саралай отырып, отырық өркениеттер шаруашылыққа қолайлы оның күнтізбелік қана мәніне назар аударса, ал көшпелі халықтар Наурыздың теологиялық-мифологиялық мазмұнын барынша маңызды көрген. Оған дәлел, ежелгі парсылық жазбалардағы Наурыздың күнтізбелік көрінісінің ғана хатталуы болса, ал көшегендердің Наурызды мерекелеуі сол отырық өркениет өкілдерін қайран қалдырған, оларды барлық ғұрыптық, жоралғылық рәсімдерін қызығып қағазға түсіруге мәжбүр еткен.

Отырық жұрттар күнтізбені шаруаға, тіршілікке қолайлы болу-болмауына барынша мұқият қарастырса, көшегендердегі Наурызға деген көзқарас тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғұрыптық, жоралғылық, танымдық рәсімдермен айшықталған. Осындай жазбаны белгілі этнограф-жазушы А.Сейдімбекұлы былай келтіреді: «...Грек тарихшысы Квинт Руф (б.з.д. І ғ.) өзінің «Ескендір жорығы» деп аталатын еңбегінде Орта Азия көшпелілерінің ұлыс тойын қалай тойлайтынын тамсана жазады. Ұлыстың ұлы күні таң шапақ шашып, күн шығар сәтте қаған ордасының үстіне күн бейнелі жалау көтеріліп, қотанға шымқай қызыл мауытыдан киім киген 365 бозбала шығатын болған.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Наурызды мейрамдаудың үш санаты

Амал. Көрісу. Мүшелдік жыл басы

Наурыз мерекесі қайда, қайдан шыққан?

Балаларды саны бір жыл ішіндегі тәуліктердің айғағындай болып, 365 өнерпаз бозбала тойдың шырайын келтірген. Бір жыл ішіндегі әрбір тәуліктің шежіре-баяны сияқты 365 күй тартылған. Сонан соң, бүкіл елдің батагөй абызы, Тәңірмен тілдес бақсысы ортаға шығып, қағанаттың үміт-тілегін Тәңірге жеткізетін 9 күй тартқан. Бұл 9 күй міндетті түрде қобызбен тартылатын болған. Мұнан әрі, Ұлыстың ұлы күнін тойлау бүкілхалықтық қуаныш-қызыққа ұласқан». 

Бұл ежелгі сақтардың Наурызды мерекелеуге қатысты дәстүрінен көрініс, ал шығыстағы ғұндардың да дәл осы мейрамды өздеріне тән дәстүрмен тойлағанын белгілі этнограф Жағда Бабалықұлы былайша суреттейді: «Қытайлардың жазғанына қарағанда, ғұндардың хандары – тәңірқұттар Наурыз басталатын күні тау басына шығып, ұясынан жаңа көтерілген күнге қол жайып, тілек сұрап, дұға қылады. Ол дұға қайырғанда, тәңірқұттың арқа жағын ала қолында қобызы бар абыз отырады. Тәңірқұт дұғасын оқып болғанда, абыз 9 қоңыр күй тартады екен. Ол күй тартып болғанда, оның соңын ала отырған 365 күйші бір-бірден күй тартады. Содан кейін наурыз тойы басталатын болған. Бұндағы 9 және 365 сандарының астарында өзіндік мән жатыр. Соған қарағанда, арғы ата-бабаларымыз Наурызды аса ардақтап, аса бір салтанат-даңқпен тойлаған ба деп ойлаймын. Осы тойды тәңірқұттың өзі бастап тойлайтын болса, наурыздың мемлекеттік дәрежедегі мереке болғаны ғой».

Бір қызығы сақтар да, ғұндар да жылды құрайтын 365 күнді мерекеге басты тиек етіп алғандығы және бұлардың ортақ дәстүр мен танымды ұстанғандығын байқаймыз.

Ал, мейрамның көшпелі түркітектілерде идеологиялық сипаты мен теологиялық қасиетіне қаншалықты мән берілгендігін орта ғасырлық түркі ғалымы Махмұт Қашғари былайша атап кетеді: «Көшпенділер өз жаңа жылдарын тойлағанда, барлығы бір ауылда жиналып, өткен ескі өшпенділіктерін ұмытып, қару-жарақтарын тастап, бір біріне ізгі тілектерін айтады». Көшегендердің белінен тастамайтын қару-жарақтарын тастауының өзі, олар үшін Наурыздың дағды мен дәстүрден де жоғары ұлы таным мен нанымның болғандығы емес пе?! Ал, таным мен сенімге берілгендіктің ондай дәрежесі басқа жұрттан сіңіретіндей ардақты болмас еді. Демек бұл олардың төлтума салты мен сенімінен туындаған дәстүр екенін көреміз.

Наурыздың түркі пәлсапасы мен аңыздарына сәйкестігін ешкім де жоққа шығара алмайды және ол бүгінде мифологияның қызықты тақырыбы екендігі даусыз. Наурыз мерекесі түркінің төл мерекесі екенін зерттеуші Бақыт Әбжет те дәлелдеп жазды. Оның жеткізуіне қарағанда көне түркінің мифі бойынша жерді өгіз көтеріп тұр деп есептеледі.

Ол өз мақаласында: «Жерді бір мүйізіне салып көтеріп тұрған көк өгіз мүйізі талғанда екінші мүйізіне қарай ауыстырады. Жерді жылына бір рет қана екінші мүйізіне аударады, осы кезде жер қайта жаңарып, тіршіліктің ояна бастауы жаңа жылдың келгенін білдіреді. Халық өгіз белгі бергеннен халық Наурыз мейрамын тойлауға кірісетін болған. Мысалы, әзербайжандар Көк Тәңірінің құрметіне жұмыртқаны көкке бояп, оны айнаның үстіне қояды. Жұмыртқа тербеле бастаған кезде өгіз жерді екінші мүйізіне ауыстырды деп, жаңа жылды тойлауға кіріседі екен» - деп жазады.

Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 10.12.2024

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

НОВОСТИ | 10.12.2024

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

НОВОСТИ | 10.12.2024

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана