Культура

Наурыз мерекесі қайда, қайдан шыққан?

Серік Ерғали

01.03.2022

Наурыз мерекесін «нов» және «руз» сөздеріне қарап тек қана парсы халқына телу орын алған. Шын мәнінде солай ма?! Жоқ, әрине. Күн мен Түннің теңесуі америндтерде (америкалық үндейлер/индеецтерде) де, ежелгі шумерлер мен Бабылда да, Мысырда да аталғандығы, оның мерекелік және басқалай жоралғы сипаттары болғандығы мәлім. Ал бұл мәдениеттерге кіндіказиялық атты мәдениеттің тікелей араласын ешкім жоққа шығара алмайды.

Ежелгі Бабылда көктемгі Күн мен Түннің теңелісін 12 күн бойы атап өтіпті. Ол дәстүр Жерорта теңізі маңындағы халықтар арқылы Еуропаға жетті дейтін пайым бар. Дәстүрлі діндер қалыптасқанға дейін көп халықтар сол біртұтас онекікүндік көктемгі мерекені атап келген. Мысалы, славяндар «масленица» аталатын ежелгі мерекесін он екі күн атайтын болған, одан халық ажырамағасын, христиандық мейрамға айналғанымен, оның түбірі сол - Наурыз.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Праздники казахов. Той не главное?

Праздники казахов. Веселимся с умыслом

Серик Ергали: «Наурыз следует праздновать 14-го, а не 22 марта»

Бұл мерекенің басқы иесі - ежелгі Шумерде бұл мереке күн құдайы Мардукке арналған егін шаруашылығының жоралғысы болған. Оларда да он екі күні бойы мейрамдалған. Ашшурбанипал патшаның кітапханасынан табылған сазбітіктер бұл мерекенің оңды-солды еркіндіктің салтанаты болғандығы турасында хабарлайды. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі жетінші ғасыр. Ежелгі грек жағырафшысы Страбонның хабарламасына қарағанда, Қосөзен (Тигр-Евфрат) тұрғындары мерекені От ғибадатханасына жиналудан бастаған. Мейрам он екі күнге созылып, соңында жұрт алқапқа шығатын болған. Бұндағы мән – күннің жаңарған сәулесі болашақ жаңа жылда бақыт пен игілік дарытады-мыс деген сенімде жатыр.

Зороастрлық сенімдегілер бұл мереке кезінде әруақтар жерге оралып, бірнеше күн бойы туысқандарымен бірге болады деген сенімде мейрамдаған. Бұл жоралғы Наурыздағы қазақтың әруақтарды еске алатын «иіс» ғұрпына сәйкес келеді. 

Ебірейлік иудей дінінің пурим мейрамы да ай күнтізбесімен есептелгенімен, көктемгі теңелістен әлгі масленица секілді, аса көп алшақтамай аталып өтеді. Пурим ғұрпы да ежелгі халдейлік (қаңлылық), яғни бабылдық дәстүрден басын алатыны белгілі: ебірейлер б.д.д. 586-539 жылдар арасында Бабыл патшалығының боданында болады да, пурим ғұрпы содан олардың діни дәстүріне сіңіседі. Иудейлік дін қаншама рет оны аластағысы келгенімен, қанша ғасыр өтсе де, бүгінде ол ебірейлердің діни салтына еніп кетті. Пурим де наурыздағыдай емін-еркін сайрандау сипаты бар мереке. Ал жаңажылдық мейрам ебірей халқын парсының патшасы Ксеркстің құтқару аңызына сіңісті етіліп қабылданған, яғни, ежелгі өгей мереке басқа идеологияда қалып, бәрібір өзін ақтауға мәжбүр еткен.

Осылайша гректердегі Дионисии де, римдік Вакханалия да, еуропалық Карнавал да – бәрі көктемгі теңелістен туған салт-ғұрып мерекелері. Бізге жеткен ақпаратқа қарағанда, бұның басының бәрінде ежелгі шумерлер тұрғандығы айтылады. Ал олардың прототүркілермен байланысы тым зор.

Наурызды мереке ретінде қайбір нәсілге тели салумен шектелу, оны ежелгі жалпыадамзаттық танымның пұшпағы ретінде мойындауғакедергі болады. Жапан халқының Наурызға мұншалықты жақындығы, мейрамның парсылығынан емес, адамзаттық маңызынан хабар берсе керек. Көктемгі наурыз мерекесінің жапондарда да өзіндік нұсқасы бар, ол «хиган» («басқа жағалау» деген сөз) аталады. Бұл мерекені көктемгі және күзгі теңелістерде көбіне будда дініндегі жапондар мейрамдайды. Бұларда да аталмыш ғұрып әруақтарды еске алу мен дәріптеуге арналады. З.А.Джандосова: «...Наурыз секілді мейрам ежелден берді Жапан аралдарында да бар, алғашқы айдың (бүгінде жетінші ақпан) жетінші күні күріш ботқа пісіріледі, оған «жеті шөп» (яаяпкуса) қосылады, және де кейбір өңірлерде арнайы Нанакса мацури деген мерекеніні тойлайды...». Осы пікірдегі жапандардың күріш көжесіне жеті шөпті салып пісіруі, тіпті, мерекенің «нанакуса», жапан көженің «яаяпкуса» аталуы амалсыз есімізге наурыз көжені еске салады. Мұндағы «куса» аталып отырған сөз жапандалған «көже» сөзінің бір нұсқасы емес пе екен?!

Дегенмен, Наурызды мыңдаған жылдар бойы үзбей ерекше мерекелеп келе жатқан басты екі нәсілді атасақ, олар: парсылар мен түркілер. Парсылық Наурызға негізінен мерекенің сипаты тән болса, түркілік Наурызға оның танымы мен мәні көбірек жақын. Оған мына уәждерді келтіруге болар.

Сафар Абдулло, «Магия Наурыза»:

«Наурыз 1000 жылдан артық уақыт ішінде Ахеменидтерден бастап Сасанидтерге дейін үш ұлы иран империя патшалығында араптар жаулап алғанша мерекеленіп келді».

Белгілі этнограф Жағда Бабалықұлы былай жазады:Мұқым ғаламның жыл басы тойы», «Алаш айнасы»,2010 ж. наурыз) «1970 жылдары Мәскеудегi Ленин атындағы кiтапхананың мұрағатынан ескi бiр жырды кездейсоқ оқығаным бар еді. Араб графикасымен жазылған жыр екен...Осы шығармада жер-жиһанды топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесi кеп Қазығұрт тауының басына тоқтағаны, дәл сол күнi күн мен түннiң теңескенi әсерлі баяндалады. Нұх пайғамбар күн мен түннiң теңесуінің құрметіне, сондай-ақ, азғынданған қауымның жойылып, жаңа бір тіршіліктің басталғанын тойлағаны суреттеледі. Жыршы бұл мерекені «Наурыз» деп көрсетеді».

Наурызды мереке ретінде қайбір нәсілге тели салумен шектелу, оны ежелгі жалпыадамзаттық танымның пұшпағы ретінде мойындауғакедергі болады. Жапан халқының Наурызға мұншалықты жақындығы, мейрамның парсылығынан емес, адамзаттық маңызынан хабар берсе керек.

Наурыз қашан, қайда пайда болды деген сауалға, нақты жауап беру қиын. Алайда, Адам баласы «уақытты» есептеу мен бағалай білгеннен бастап, бейнелі ойлау қабылеті туған сәттен Наурызды мерекелеу қажеттігі туған. Біз қарастырып отырған осы жайт бұдан 4-5 мың жыл бұрынғы, Алматының солтұс-батысындағы 170 шақырым жердегі Аңырақай тауындағы жартаста қашалған петроглифте бейнеленген. Онда жер бетілік мақұлықтардан бірнеше есе ірі екі тұлға бейнеленіпті: оң жағында күндидарлы адамкейіпті киелі тұлға бері қарап тұр, бұларды қазақша «Тәңір» мен түндидарлы деуге болады; олардың ортасында сағат тіліне қарсы бағыт бойынша Сиыр жылының 4 маусымы бейнеленген: жаңа туған бұзау, оның үстін ала баспақ жайылып тұр, ал оның сол жағында семіз де мүйізі қарағайдай ірі бұқа Тәңірге қарап тұр да, оның астын ала мүйізі түскен, ауру да көтерем сиыр тәлтіректеп тұр. Бұл сәйкес түрде бейнеленген жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз және қыс. Бұлардың бәрінің астында он екі айуан бейнесіндегі мүшелдік жылкиелер билеп жүр. Бұл – ежелгі Наурыз мерекесі – сиыр жылы?! Мазмұн да, сипатта сол күйінде сақталған.

Адамзатқа тән Наурызды бір ғана этносқа, халыққа телу қате ғана емес, оның ауқымын тарылту және тамырын тайыздату, тарихты бұрмалау болады.

Фотосуреттер ашық дерекөздерден алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 10.12.2024

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

НОВОСТИ | 10.12.2024

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

НОВОСТИ | 10.12.2024

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана