Общество

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Серік Ерғали

02.12.2022

Дәл осындай тұжырыммен белгілі тарихшы, Мадрид университетінің профессоры Самат Өтениязовтың мақаласы шықты. Жалпы әбілқайыртанушы ретінде бұл тарихшы 30 жылдан аса Кіші жүздің ханы Әбілқайырды зерттеп келеді.

Самат тарихшы белгілі қағанның ұрпағы Әбілқайырдың тарихтағы ақтаңдағын оның Ресейге бой ұсынбағандығынан көреді. Ол Кіші жүзді басқарған күннен бастап, Ресеймен арадағы қатынас ылғи күрестен тұратынын келтіреді. 1580 жылы Орал казак әскері құрылғаннан бері қазақ жеріне шабуылдаумен болғаны мәлім. Олардың басты мақсаты – бекіре балығы тайдай тулаған Жайық өзенін түгелімен өздеріне қарату еді. І Петр кезінде Кіші жүз қазағына қарсы қалмақтарды айдап салды, оларды жақсы қарумен жарақтап, дем берді. С.Өтениязов осындай дұшпанкөздік Кіші жүз қазақтары мен орыстардың арасында үш ғасырға созылғанын атап өтеді.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қаратай хан

1709 жылы Сыйзранға (Сызрань) бара жатқан казактың орасан көп жүкті керуенін қазақтар басып алады.

1711 жылы 16 мыңдық қазақ әскері Жайық қалашығына (қазырғы Орал) бағытталған астық керуенін қолды етеді. 300 казак тұтқынға түсіп, Хиуаға құлдыққа сатылады.

1713 жылы Самарға (Самара) бара жатқан жолда орыстың балық керуені 800 сарбаздан жасақталған Кіші жүз қазақтарына жем болады. Орысты басынған осындай шабуылдар өте жиі болып, Ресей патшасын ығыр еткені мәлім болып отыр.

1718 жылы қазақтың 20 мың әскері Самар қаласымен екі ортаны айдан аса уақыт бойы бөліп тастайды.

1719 жылы шілде айында Әбілқайыр хан қолбасшы болған 20 мың қолмен қазақ әскері Жайық қаласын қоршап алып, оны басып алуға шақ қалады. Бұл шайқаста екі жақтан да көп адам қырылады.

1720 жылы қыркүйекте Самар өзенінің бойында қазақ пен казак арасында кескілескен шайқас болады. Казактар қолға түскен 50 қазақты жауыздықпен кескілеп өлтіреді.

1721 жылы атаман Балмашновтың басшылығымен казак пен қалмақтан құралған әскери қол қазақ даласына Ойыл өзеніне дейінгі аралықта қырып-жойып шабуыл жасайды. Біршама адамды тұтқынға алады.

1722 жылы қаңтарда қазақтар жауапты шабуылға шығады. 300 қазақ жігіті Шағын өзеніндегі казак станицасын шауып, 70 казакты тұтқындайды. Осылайша ушыққан тарихи үдеріс қазақ үшін жоңғар шапқыншылығына келіп тіреледі.

1722 жылы Петр І қазақ даласын тұтастай қаратуды шешеді. Оның жоспары бойынша Даланы шұғыл түрде соққы жасап, бірден тізе бүктіру болатын.

1723 жылы қыстың басында уағда бойынша шығыстан жоңғар шабады да, батыстан – казак жасақтары мен қалмақ қолы тиісуі керек болады. Осылайша Ресей жоңғарларға ең жаңа қару-жарақ жеткізеді. 1722 жылдың күзінде жоңғар өлкесіне қару алып артиллерия капитаны И.Унковский жөнеледі. Ол шын мәнінде тарихта айтылатындай дипломат емес, әскери маман болатын. Сөйтіп, жоңғар шапқыны қыста басталады. Жоңғарлар жайбарақат жатқан қазақ даласын Түркістанға дейінгі енапат аумақты оңай басып алады. Бірақ жоспардағыдай батыстан майданға казак-қалмақ қолы жылжи алмайды. Оған кедергі Әбілқайыр хан болатын.

Шындығына келгенде қазақтың қаралы тарихында орын алған жоңғар шапқыны Ресейдің тікелей кірісуімен болған еді. Егер де 1723 жылы Әбілқайыр хан шешімтал шараны қолға алмағанда, Қазақстан сол жылы-ақ Ресейдің табанына түсер еді.

«Ақтабан шұбырынды» аталған Ұлы Отан соғысында қазақты құтқаруда Әбілқайыр ханның тікелей қатысы бар. Ол казак пен қалмақты Жайық пен Еділ арасында аса күш жұмсамай-ақ тоқтата алды. Қалмақтың Аюке ханы басқарған қол мен казак әскері Әбілқайыр ханнан қалай құтыларын білмей дағдарады. 1723 жылы 28 қарашада Әбілқайырдың қолы алғашқы шайқаста-ақ 2 мың түтіннен құралған Лекбей тайшы ұлысын быт-шыт етіп, орасан тұтқын мен қаптаған малды қолға түсіргені туралы ресейлік Әскери алқа княз А.П.Волыйнскийдің ақпарын алады.

Осы бір қазаққа қаралы уақытта Әбілқайыр хан батыстан келетін кеселге үлкен бөгет бола алды. Ол Жайық қалашығын тырп еткізбей, Жайық пен Еділ өзендерінің арасын емін-еркін әскерімен бақылауға алады. (И.В. Ерофеева, стр.133).

Осылайша жалпы қазақтың ортақ тағдырында Кіші жүз бен Орта жүздің біршама бөлігін билеген Әбілқайыр хан үлкен рөл атқарды. Өкінішке қарай, тарихи әділдік әлі орнаған жоқ. Оған басты түрткі - ресейшіл тарих пен осал тарихшылар және трайбалистік кеселден арыла алмаған тұлғалар.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

ГЕОПОЛИТИКА | 21.11.2024

Санкционные противоречия и Казахстан