Культура

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Серік Ерғали

10.11.2022

Бұл тақырып Қазақияны Ресей қалай бодан етті деген сауалға да жанама түрде жауап береді. Тарихшы Асланбек Қаңсарбаевтың келтіруіне қарағанда, ол кезең Ресейдің Қазақстанды жұта қоятындай қауқарының бар кезі емес еді. Оның үстіне Әбілқайыр хан мен Ресей империясының арасындағы 1731 жылы құрылған одақ болды. Ресей тағына ол кезде 1-Петрдің немере қарындасы Анна Иоанновна қатын патша отырған еді.

Осылайша Ресейдің ішкі саясатында үш топ таласқа түскен күрделі кезең басталды: Петрдің реформасын жақтайтындар бір топ, боярлар құрылымын қалпына келтіруді аңсайтындар бір жақ және «орыс немістерінің партиясы» аталғандар үшінші тараптан аңдысты. Бұған қоса сыртқы саясатта Франция мен Ресей «Полша мұрасына» таласты. Ал 1735 жылы Ресей мен Осман империясы Қырым үшін соғысты.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Қаратай хан

Қазақтың соңғы хандығы. Жәңгір хан.

Әбілқайыр хан Ресейдің осы жайсыз ахуалын қазақтардың пайдасына шешуді мақсат етіп, орыстар айдап салған башқұрттарды, қалмақтар мен ноғайлардың жорықтарын тоқтатып, Оралдағы орыстардың қару-жарақ зауыттарына қол жеткізуді ойластырады. Бірақ Кіші жүздің аңғал ханын алдауды айлакер қу түлкі Иван Неплюев қолға алады және қазақ даласын отарлаудың қырық қатпар саясатына кіріседі.

И.Неплюев 1693 жылы дворян отбасында дүниеге келеді. Ол бала кезінен-ақ қитұрқы жолмен мансап иеленуге барын салып ер жетеді. Оның алғашқы қадамы Петр патшаның жолдасы әрі досы Иван Татищевтің қызына үйлену болды. Патшаға жағыну мақсатымен екінші қадамды ол Петрдің жолдауымен Венецияға барып оқуға қол жеткізеді әрі императордың көзіне түседі. Одан кейін ол Осман империясындағы Ресейдің елшілігінде қызмет етеді. 1735 жылы Неплюев Ресей империясының ең ірі губерниясы саналатын Украинаның губернаторы тағайындалады.

Ол мансаптың шыңына шықтым деп есептеп, енді өзінің қамын жасауға кіріседі. Сөйтіп ол өзінің жеке баюына жол ашқан Украинада жемқорлықтың желісін жолға қояды. Қалтасы қалыңдаған ол Анна патшаның маңындағы немістер тобының басы Биронмен сыбайласады.

Алайда, Аннаның өлімімен бірге оның да мансабына қатер төнеді. Оны губернаторлықтан алып, жемқорлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Бірақ бұдан сатылып шығады: ол өзінің байлығынан өз еркімен баста тартып, тәркілеуге еркімен беріледі. Бұнымен бірге ол өзінің істестерін де қылмыстық іске тоғытады. Онымен қоймай, Неплюев таққа жаңа отырған қатын патша Елизаветаның көзіне түсу үшін осы кезде орын алған башқұрттардың көтерілісін басып-жаншуға барын салуға уәде береді. Ақыры оған кешірім беріліп, 1742 жылы оны арнайы башқұрттардың аптығын басуға құрылған комиссияны басқаруға Орынборға жібереді. Ол келген бойда өзінің алдындағы басшылардан мүлдем бөлек саясат жүргізеді. Алдыңғылар дала ханы Әбілқайырмен келісіп, қазақтармен сауда-саттық жүргізуге ден қойса, бұлерекше бір нәрсе жасап, бұрынғы шыққан биікке қайта өрмелеуді ойынан шығармады. Бірақ башқұрттар көтерілісі жаншылды да, оған соншалықты көзге түсудің реті келе қоймаған еді.

Неплюев салыстырмалы түрде басқа губернаторлардай орталыққа шақырылып, үлкен кеңестерге баратындай мансабы зор болмады. Оған көп ақша да, әскери қол да бөлінбеді. Содан ол 1744 жылы сенатқа Орынбор өлкесін губернияға айналдырып, қазақ жерінің бәрін қаратуға арналған жоба жібереді. Бұл оның жоғарғы биліктің өзіне назарын аудартатын басты дәйегі болатын. Сөйтіп ол Ресей саясатын ешбір арнайы дайындықсыз, заңсыз, пәрменсіз тәуелсіз қазақ хандығын отарлауға күш салады. Әрине бұл идея сенатқа жаққасын, көп ұзамастан Орынбор аймағын губернияға айналдыратын шешім шығарады.

Енді Неплюев сенатқа берген уәдесін қайтсе де орындауға тиіс болды. Ол – қазақ даласын Ресей империясына қосу болатын. Осы мақсатпен ол қазақтармен сауда орталығы етіп Орынборды жасақтайды да, қазақ саудагерлерін тәуелді етуге кіріседі. Ал ол кезде Орынбор қаласы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өтінішімен сол кездегі қазақ жеріне салынған еді. Енді оны Неплюев ресейлік сауда орталығы етуге барын салады. Сөйтіп әуелі орыс көпестері, одан соң оларды күзетуге орыс-казактар қаптайды. Көп ұзамай Орынборға Неплюевтің өзі де келіп жайғасады.

Келесі кезекте ол қазақ ішінен сатқындарды іздестіре бастайды. Бірақ ол Әбілқайырмен алғаш жүздескеннен-ақ онымен келісудің, оны сатып алудың да, қорқытудың да мүмкін емесін ұғады. Бірақ ықпалды ханды тақтан ығыстыру үшін, әуелі одан құтылу керек болды. Осы мақсатпен ол Кіші жүз ханының абыройын аласартуға барын салады. Бір жағынан ханның рөлі мен ықпалы қазақтардың ғана емес, башқұрттар үшін де зор екенін аңдайды. Бұл екі халықты Әбілқайырдың біріктіріп кетпеуіне барын салады.

Ақыры дала халқын жақсылап зерттеген ол, Әбілқайырға қарсы қоятын Орта жүз сұлтаны Барақты табады. Оның бұл ниеті сенатқа жіберген хабарламасынан анық байқалады. Ол хабарламада хан мен сұлтанның бірігіп кетпеуіне барынша күш салынуы керегін жеткізеді. Бірақ ханның тұлғасы Қазақ даласында барынша ықпалды екенін біліп, ол император қатыннан Әбілқайырға қатысты «барынша қатаң шара» қолдануға рұқсат сұрайды.

Неплюев Әбілқайырды бейбіт келісім жасау үшін Орынборға шақырады да, бірақ өзімен бірге қарулы жасақ шығармай, аздаған күзетпен шектелуді өтінеді. Онымен бір уақытта келуге Барақ сұлтанды да шақырып, оған орасан қолмен келуге хабар береді. Және де Неплюев Әбілқайыр мен Барақтың Орынбор жерінен тыс маңда кездесіп қалуына дейін ойластырған еді. Ақыры аңдыған жау Әбілқайырды алғызып тынады...

Фотосуреттер ашық дерккөздерден алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

СПОРТ | 14.12.2024

Бельгия — фаворит. Мы — в аутсайдерах

ИНТЕРВЬЮ | 14.12.2024

Алексей Шемес: Я искал Спилберга!

НОВОСТИ | 13.12.2024

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

НОВОСТИ | 13.12.2024

Что построят вместо резиденции президента в Актау

НОВОСТИ | 13.12.2024

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

НОВОСТИ | 13.12.2024

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы