Общество

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Серік Ерғали

13.10.2022

1929 жыл. Қызыл империяның барлық жерінде Лениннің Жер туралы декретіне байланысты жер-су реформасы басталады. Қазақ АССР-ның 1926-1928 жылдары патшалық Ресейдің қазақтардан тартып алып, Сібір мен Орал казактарына, орыс переселендеріне берген жерлерін қайтару басталады.

Былай қарағанда бұл әділдік болып көрінгенімен, шын мәнісінде бұл жаңа саясат қазақ халқына тағы бір сұмдығын әкелді.1920-21 жылдардағы жаппай ашаршылықтан енді естерін жыйған қазақ халқы бұл реформаның барысында өз жерін қайтарып алмақ түгілі, керісінше, жаңа аштықтың басы болды.

Өйткені, бұл реформа бойынша барлық жерлерде 150-ден асатын малы бар қазақтың бәрін байларға теңестіріп, жаппай кәмпескелеу науқаны басталған еді. Осылайша 2-3 малды ғана қалдырып, қазақ халқын жаппай тақыр кедейге айналдырудың асыра сілтеу науқаны қызып кетті. Мал советтің серіктестік шаруашылықтарына таратылды.

Бұған қарсы әрине көзі ашық қазақ басшылары ашықтан ашық қарсы шықты. Соның бірі қазақтың малдарын қайтаруды талап еткен Астархан облысында бой көрсеткен Мақсұт Жылысбай болатын.

Ол 1974 жылы қазырғы Жамбыл облысы Мерке ауданының 7-ауылында, белгілі Аспара өзенінің бойында дүниеге келген. Оның әкесі Жылысбай ауқатты әрі Жетісу өңіріне белгілі ықпалды кісі болған. Мақсұт ауыл молдасынан сауат ашып, 1911 жылы Меркедегі орыс-қазақ мектебін бітіреді де, Бішкекте Ауылшаруашылық техникумын оқып мамандық алады. Сол техникумда ол мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлмен жолығып, екеуі достасып кетеді.

Оқуды бітірген соң ол Меркеге келіп жұмысқа тұрады кейінірек, соттың тілмашы қызметіне ауысады. Ал 1916 жылы бүкіл қазақ даласын шарпыған Мерке көтерілісіне қатысады.

1917 жылы Мақсат пен Тұрар бірігіп, есірген казактарға қарсы қазақ жастарының ұйымын құрады. Оның бұл баскерлігі большевиктерге іздегенге сұрағандай еді. Көп ұзамай ол Әулиеаталық төтенше комиссия төрағасы болады.

ЧК басында жүріп ол орыстың кулак бандыларын ауыздықтауға барын салады. Әсіресе бейбіт қазақ ауылдарын шапқан орыстың ақ гвардияшыларына қырғидай тиеді. 1921 жылы ол Қызылорда болыстық жер шаруашылығы бөлімін басқарады. 1922 жылы Тұрар Рысқұл Түркістан АССР-ын басқарған кезде, ол өзінің досы Мақсұтты орынбасар етеді. Екеуі екі жыл бойы біртұтас Түркістан республикасының қалыптасуына барын салады. 1924 жылы Тұрар мен Сталин арасы ажырап, Т.Рысқұл Маңғолияға қуылғанда, Мақсұт та Қазақ АССР-ның сауда комиссарының орынбасары лауазымына ығысады.

1926 жылы елге оралған Тұрар Түрксіб теміржолының құрылысын басқаруға кіріскенде, тағы да орынбасары ретінде Мақсұтты қызметке алады. Бір жылдан кейін Тұрар Халық комиссариатының төрағасы орынбасарлығына тағайындалып Мәскеуге аттанады, М.Жылысбай сол жылы Астархан облысының балық шаруашылығын дамытуға аттанады. 

Бірақ Мақсұт Жылысбайұлы балық шаруашылығымен шектелместен Қазақ КСР-ындағы жер-су реформасының барысына араласып, бақылауды өз міндеті етті. Ол Мәскеудегі Рысқұлұлымен байланысын үзбей, Қазақстанға Астархан облысын қосуды ойластырады. Бұл М.Жылысбай мен сол кездегі Қазақ КСР-ын басқарған «қужақ», Голощикинмен арадағы қатынастарын шиеленістіреді. Ақыры Мақсұтты Астарханнан Голощекиннің бұйрығымен Жетісу өңіріндегі Ақсу аудандық бірінші хатшылығына ауыстырады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

«Нұр Отанның» 1993 жылғы прототипі

«Азат» қозғалысы – Тәуелсіздік қарлығашы

Ақсу ауданында ол алғаш рет қызылша шаруашылығын қолға алып, түрен салдырады. Ақыры соның еңбегінің арқасында Қазақстанда қант шаруашылығының ірі ұйымы «Сахартрест» құрылып, соның 1930 жылы төрағасы болады. Осының арқасында ол бес қант зауытын аштырады. Егер де 1933 жылы Л.Мирзоянның бұйрығымен қамауға алынбағанда, ол бұдан басқа не тындырар еді?! Үштіктің шешімімен бес жылға Омбыға айдалады. Ол кесімді мерзімді өтеп елге келгесін, оны тағы да пантүрікшіл, ұлтшыл ретінде қамап, ақыры оған ату жазасын кеседі. Онымен бірге оның екі жолдасы Ілияс Жансүгіров пен Жұмат Шанин де бірге атылған еді.

Қазақ жерін теріп, Қазақияға қосуды армандаған жарқын тұлға М.Жылысбайдың тағдыры осылай аяқталған болатын.

Фотосуреттер ашық дереккөздерден


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

ГЕОПОЛИТИКА | 21.11.2024

Санкционные противоречия и Казахстан