Общество

«Нұр Отанның» 1993 жылғы прототипі

Серік Ерғали

26.01.2022

Осыдан 29 жыл бұрын жағдайы ауырлаған «Азат» қозғалысын ыдыраудан аман сақтау мен жұмысын жандандыру жолында мәселе қойып, қозғалыстың Ақтөбе филиалы барлық шығынды өз мойнына алып, белсенділердің бәрін Ақтөбе қаласына жинап, үш күндей мәслихат, демалыс шаралары мен істеліп жатқан жұмыстармен таныстырған еді.

«Азат» қозғалысының жағдайының күрделенуіне екі факторды атаған жөн:

1. Елдің басты саяси ньюсмейкері болып келген айтулы қозғалыстан құтылып, автократиялық билікті аңсаған топтардың ұйымды ыдыратуға деген барлық құлшынысы мен әрекеттері – қозғалысты материалдық қолдаудан қақты, қалыптаса бастаған жас буржуазия «ұлтшылдарға» менсінбей қарады – «Азат» қозғалысын қолдамады;

2. Елді құрсаған экономикалық-әлеуметтік жағдайдың ушыға түсуі қозғалыс мүшелерінің ғана емес, саяси ықпалға деген халықтың құлықсыздығын, саяси апатиясын қалыптастырды.

Ақтөбе филиалы ол кезде республикалық қозғалыстың маңдайалды бөлімшесі болды:

1. «Алдаспан» бірлестігі кезінде алға қойған бүкілалаштық үш корпорацияны құруға беталып, Ақтөбе қаласында «Бекарыс» компаниясын дөңгелетіп жатқан.

2.Баспанасыздарға үй салу мен әлеуметтік мәселені шешу үлгісі ретінде 1993 жылы «Отау» әлеуметтік-құрылыс кешенін құрып, қаланың оңтүстік-батысынан түгелдей бір көшеге жер алып үй сала бастады.

3.Өңірдегі қозғалыстың бірқатар белсенділері облыстық және қалалық деңгейдегі атқару билігіне қызметке алынды; Ақтөбе қалалық мәслихатының үштен бірі азаттық депуттар болды.Осылайша филиалдың «Азат» қозғалысын одан әрі ықпалды саяси ұйымға айналдырудың нақты жоспарын құрып, соны бекітіп іске асыруға әлеуеті дайын болатын.

Сонымен 1993 жылы шілденің басында қозғалыстың басшысы Сәбетқазы Ақатай мен Михаил Есеналиевтерден басқа басшылар мен республиканың түкпір-түкпіріндегі белсенділер келді. Фотодан көріп отырғандай, Батырхан Дәрімбет, Хасен Қожахмет, Жасарал Қуанышәлин және барлық облыс басшылары жиналды.

Мына фото «Азат» қозғалысының әуелі Ақтөбе қалалық кейін облыстық филиалын басқарған Серік Сапарғалиевтің фейсбук парақшасына бірнеше жыл бұрын салынған екен. Фото көзге оттай басылып қоймайды, 29 жыл бұрынғы хикаяның бетін ашатын дереккөз...

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

«Азат» қозғалысы – Тәуелсіздік қарлығашы

Осы жиыннан кейін Ақтөбе қаласын «Ақылтөбе» атандырған Ақтөбе облыстық «Азат» филиалы Күн тәртібіне басты екі мәселенің бірін қабылдауды ұсынып әзірледі:

1. Қозғалыс басшылығын өңірлерге белгілі бір мерзімге ауыстыру арқылы Алматыдағы басшылар арасындағы (биліктің араласымен екені айқын еді) кикілжің мен ит-ырқылжыңды жою мақсатымен қозғалысты күшейту, өңірлік басшылардың деңгейін арттыру - мысалы, 6 ай бойы қозғалысты Ақтөбе филиалы басқарады, сосын кезекті келесі Қызылорда алады... т.т. осылай қозғалыс ыдырау мен ішкі дағдарыстан құтылады. Бірақ бұл шешімді қабылдауға келгенде көптеген қатысушылар дайын болмады, өздеріне жауапкершілік алудан жүрексінді, лидерлер бұндай тактика мен масштабқа әзір болмады.

2- шешімнің жобасы: «Азат» қозғалысын солайымен «Отан» аталатын партияға айналдыру болатын. Бұл да қозғалысты жаңа саяси деңгейге көтеріп, елге оңды ықпал ету мен ұлттық мүддені қорғаудың төте жолы болатын. Сол кезде қоғамдық-саяси жағдай ушығып, автократия мен демократияның тайталасы айқын көріне бастаған-ды. Бірақ конференция делегаттары бұған да дайын болмады. Қатысушылардың бірталайы билік пен сатқындықтың құрбаны болып, шешім қабылдауға қауқарсыз болып шықты. Тіпті көпшілігі бұдан жеке өңірлердің саяси сепаратизмінен сақтанып, ақыры қозғалысты осы солақай ұғымның құрбаны етіп тынды. Бұл - ащы да болса - шындық, Ақтөбеде болған «Азат» конференциясы тарихи болса да - факт!

Бұл жиыннан кейін қозғалыс құрып біткен жоқ, бірақ жүйелі біртұтас ықпалды күш ретінде әлсірей берді.Бұған сол кезде автократиялық режим орнатуға мүдделі билік қуанды, ұйымның барлық бастамасын өзіне иемденіп, қолда бар ресурстарды соған жұмсап, өзін халық алдында легитимді етуге жанталаса кірісті. Соның бірі - Н.Назарбаевтың бастамасымен 1999 жылы құрылған «Отан» партиясы еді. Бұл кезде «Азат» қозғалысы әр жерде әлсіз топтар түрінде 400 мыңдай мүшесі болған телегей теңізден көлшіктер күйіне түсіп, ыдырай бастады...

Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

ГЕОПОЛИТИКА | 21.11.2024

Санкционные противоречия и Казахстан