Общество

Қазақтың соңғы хандығы. Жәңгір хан.

Серік Ерғали

01.12.2021

1801 жылы кіші жүздің саяси белсенімінен қаймығып әрі оны өз пайдасына тиімді ету үшін Ресей империясы өзінің вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында Бөкей ордасын құруға жол ашады. Бұл — әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтары басқарған мемлекеттік құрылым еді.

Бұның құрылуына Әбілқайырханұлы Нұралының екінші ұлы Бөкейдің амбициялық әлеуеті себеп болды. Ол — Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі, атасынан қалған хан ордасындағы ішкі тартыста шыныққан тұлға. Бөкей өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен бүкіл кіші жүздің ханы Айшуақпен де тіреседі. ХІХ ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болып, ақыры оның амбициясы ресейлік саяси мүддеге сай келіп, хандық құруға жол ашылады.

1801 жылы Бөкей сұлтан орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне мекендеу үшін рұқсат сұраған өтінішін Ресей императоры Павел ІІқанағаттандырып, жарлық шығарады.

Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарайтын 5 мың отбасымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Осылайша тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған хандықтың іргесі қаланды.

Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы тиімді шешім ретінде қарастырды. Ақыры бұл құрылым 19 ғасырдың ортасына қарай 300 мың адамы бар Бөкей ордасына айналды. 1808 жылы Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі.

1812 жылыпатшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады.

1815 жылдың мамыр айында Бөкей хан қайтыс болып, тақ мұрагері Жәңгір тым жас болғандықтан, орданы уақытша Бөкейдің інісі, Шығай сұлтан Нұралыұлы басқарады.1823 жылы 22 жасында Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып, 1824 ж. маусымында «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланды.Сөйтіп, Ресей вассалы болған Бөкей хандығының тарихында жаңа парақ ашылады.

Жәңгір хан жастайынан білімге құштар болған сауатты тұлға еді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленіп, еуропаша білім алады. Сол жерде хандықты әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренеді. Ол қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі есебінде 1827 жылы Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған әуелі ақсүйектер, кейін қарапайым халық үй салып, Хан ордасы саяси-экономикалық маңызды орталыққа айналады.

Бөкей ордасы 12 әкімшілік төңірекке дейін ұлғайды. Әрбір төңіректі әкім-правитель басқарды. Ордада руханият саласын үйлестіретін ахун лауазымы белгіленді. Ахунның негізгі білімі хандықта рухани білім беру болды. Бұл реформалар барысында рухани қызметкерлер санының өзгеруі орын алды. Сонымен бірге мұсылман мектептері мен медреселердің санын көбейтті. 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Каким был флаг Казахского ханства?

История Казахстана: легенды и легендарность

Бөкей ордасы мемлекетке тән барлық шаруашылық-рухани инфрақұрылымды жасақтады. Тұрақты жәрмеңке өткізіліп, сауданың дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын жылы қазынашылық ашылып, банк қызметін атқарды.Ордада өрт сөндірушілер тобы мен пошта тасымалы жасақталды. Тіпті, Ресейден ауа райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеобекет жұмысқа кірісті.

1832 жылы Жәңгірдің бастауымен егілген Орда орманын қорғау мақсатында Орман шаруашылығықұрылып,оның жанынан түлекжай (питомник) жасақталып, зерттеу жұмысы қолға алынады. Осының нәтижесінде Нарын қарағайы дүниеге келеді. Малдәрігерлік орын ашылып, онда малдарға обаға қарсы емдеумен кәсіби ғалым-дәргерлер жұмыс істеген.

1841 жылы Ордада Жәңгір хан өз қаражатына жоғары мектеп ашып, М.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, К.Шығаев, тағы басқалар білім алған. Сол жылы Жәңгір Бөкейұлы Қазан университеті жанындағы ғылыми кеңеске құрметті мүше болып сайланып, 1843 жылы генерал-майор атағын алады. Жәңгір хан асыл тұқымды жылқыларды өсірумен айналысқан. Ол қазақ шежіресін жинаумен, халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданып, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазған. 1844 жылы қазанда Жәңгірдің «Мұхтасар әл-фикғайат» атты еңбегі жарық көрген.

1911 ж. қазақ баспасының қарлығаштарының бірі — «Қазақстан» газеті белгілі ақын Ғұмар Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шыққан еді.

Жәңгір хан Ұлы дала тарихындағы прогрессив хант ретінде тарихта қалды. Ол өз ордасында 1862 жылы кітапхана ашады. Кітапхана қорында ресейлік баслымдармен бірге, О. Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконың кітаптары болыпты.

Бөкей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды.

Жәңгір хан (1801-1845) небәрі 44 жыл жасады. Шын аты – Жиһангер, әскери шені - генерал-майор. Бөкейұлы Жәңгір хан билік құрған кезеңде саяси жағдай шиеленісіп тұр еді. Сол тұстағы басқару мен жер бөлуде жіберілген кемшіліктерге орай, ол халыққа қарсы бір қатар әрекеттерге баруға мәжібүр болды. Бұл жағдайды Ресей қазақ хандығы аумағын отарлау мақсатында ұтымды қолдана білген. Қазақ халқы үшін негізгі экономикалық шектеулердің бірі қазақтарға Каспий теңізі, Жайық пен Еділ өзендерінің жағалауларындағы аумаққа қоныс аударуға тыйым салынуы еді. Шаруаның бұл өзендерден балық аулауға және мал суаруға құқы жоқ болған. Дегенмен, Жәңгір ханның патшалық Ресей алдындағы тәуелді саясатының ақыры И.Тайманов пен М.Өтемісов (1836-1837) бастаған шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Бұл көтерілістің негізгі сипаты Ресей отарлаушылары мен феодалдар саясатына жасалған қарсылық еді. Жәңгір хан көтерілісті Ресей әскерінің көмегімен басып тастады. Жәңгір ханның соншалықты прогрессив көзқарасы мен ісіне қарамастан, осылайша Бөкей ордасының тарихында қаралы парақ қалды.

1845 жылы тамыз айында Бөкей ордасының ұлы реформаторы, қазақ даласының көрнекті жаңартушысы Жәңгір хан Бөкейұлы қайтыс болды.Орнына сайланған ұлы Сайыпкерейекі жылдан соң қаза табады. Бөкей ордасындағы хандық құрылымы жойылып, Уақытша Кеңес құрылады. Орданы Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында биледі. Бұның басты себебі, сол кездегі болған ірі Исатай-Махамбет, Кенесары көтерілістерінен шошыған Ресей империясы Бөкей Ордасын тұншықтыруға мәжбүр болды.


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 07.10.2024

Это важно для будущих граждан страны — Александра Суслова

ИНТЕРВЬЮ | 07.10.2024

Символ прогресса и развития

НОВОСТИ | 07.10.2024

Около 800 млн тенге заплатили казахстанцы за услуги психиатра

НОВОСТИ | 07.10.2024

Только 53,2% домохозяйств в РК подключены к газу

НОВОСТИ | 07.10.2024

Более 37 миллиардов тенге вывели казахстанцы из ЕНПФ за месяц

НОВОСТИ | 07.10.2024

Президент Монголии Ухнаагийн Хурэлсух посетит Туркменистан