Культура

Амал. Көрісу. Мүшелдік жыл басы

Серік Ерғали

14.03.2022

Күн жүйесіне кіретін 12 шоқжұлдызды Күн жыл бойына «аралайды» да, аспандағы үдерісте бұл күндері Амал/Қамал (парсыша Хамале) жұлдызы мен Күн бір түзудің бойына шығып, Жерден қарағанда беттесіп тұрғандай. Бұл сәтте 90 күн қыс кетіп, көктем басталады.

Сол себептен де қысы қатал далалық аттылы түркілер үшін бұл үдеріс қыспен бірге ескі жылмен де қоштасу осы кезге сәйкес келеді. Яғни, Амал мен Күннің «қауышуы» далалықтардың да ежелгі көкірек түйістіру ғұрпының туындауына түрткі болуы мүмкін.

Сөйтіп, Григориан күнтізбесінде – 14 наурыз (ескіше, Юлианша – 1 наурыз) мүшелдік Жаңа жыл орнайды. Биыл Сиыр жылын Барыс жылы осы күні ауыстырады. Бұл күні қазақша жыл да жаңарады, көктем мезгілі де келеді. Қазақ халқы Амал атауымен айды да атайтыны бар: «Амал келді – жыл келді» дейді.

Күн мен Амал жұлдызына қатысты көктемнің келуін ортаазиялық ақын Рабғұзи (Насреддин) «Көктем» өлеңінде былайша суреттейді:

Ғаламның Күні кезіктіріп

Тоқтыдағы Қамалды,

Қар мен мұзды ерітіп,

аласапыран басталды.

Аяз бенен қарға бөккен ел еді...

Қарашы енді:

Күн келеді, Күн келеді!

Тарихи жазбаларды еске алсақ, Шәкәрімұлы Ақат өзінің Наурыз туралы естелігінде былай дейді: «Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март (14-март – ескіше 1-март), қазақша жаңа жыл, ұлыстың  ұлы күні дейді...»

14 наурызды «Көрісу күні» деп бұрмаланған пікір айтылуда. Қазақ этнографиясында бұрын-соңды бұндай мереке тіркелмеген.  Қазақ дәстүрінде жаңа жылмен құттықтаудың ғұрпы ретінде «көрісу» бар, бірақ олайша аталатын мейрам жоқ.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Наурыз мерекесі қайда, қайдан шыққан?

Праздники казахов. Той не главное?

Праздники казахов. Веселимся с умыслом

Серик Ергали: «Наурыз следует праздновать 14-го, а не 22 марта»

Абай атамыз өзінің әйгілі «Жазғытұры» өлеңінде Амалды Көктем күйінде бейнелеген:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойыны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Жалпы алғанда халқымыз Наурыз мейрамын мерекелеуді ешқашан доғарған емес, бейресми түрде 14 наурызда бастап бірнеше күн бойы мерекелеп, көрісу ғұрпын жасап келді. 1988 жылы Наурыз мейрамын 21-22 наурызға бекіткенде, салттан қалмаған 14 наурызды «Амал», «көрісу күні» деп атап кетті. Осыдан келіп «Көрісу мейрамы» деген шықты. 

ХІV ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ордасына келген ағылшынның суретшісі Джон Кестельдің салған суреттері арасында Көрісу ғұрпы көрініс тапқан: екі ер кісі қолдарын алған күйі арнайы рәсімдік қимылмен көрісуде, олардың артында тізе бүккен әйел қос қолын бүгілген тізеге салып сәлем етуде.

Көрісу жоралғысы ұлы Абайдың «Жазғытұры» өлеңінде де көрініс тапқан:

...Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып...

Аңырақай жотасындағы Таңбалытастағы бір біріне құшақтарын жайған құдыреттердің сұлбасына қарағанда оны да көрісуғұрпының ежелгі нұсқасы ретінде мойындауға тура келеді. Ендеше бұл ғұрып қазақы қыстан шығудың қарапайым сәлемдесу дәстүрі емес, бірнеше мыңжылдық ритуалдық сипаты барын аңғартады.

Қорыта айтсақ, Күн мен Түннің теңесуі бар да, мүшелдік жылдың басы бар, соңғысы күндік күнтізбеге негізделген Юлиан бойынша 1 наурыз, Григориан күнтізбесі бойынша – 14 наурыз. Бұл мүшелдік құбылыс пен астрономиялық құбылыс бір бірімен қабысып, бірігіп кеткен. «21-22 наурыз парсыша мереке, ал қазақтың наурыз мейрамы 14 наурызда» деген пайым да мүлдем теріс. Өйткені парсылар да Наурыз мейрамын 14 наурызда бастайды. 19-ғасырда Бұқарадағы Наурыз мерекесіне қатысқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да 14-21 аралығында ресми түрде сегізкүндік мейрамға қатысқандығын жазады.

18-ғасырға дейін Рим империясы мен патшалық Ресейде де жаңа жыл 14 наурыздан басталып, күнтізбе де солай терілген.  Шоқан Уәлихановтың қазақы күнтізбе туралы жазып, астрономиялық кескінін салған суретінде үш тілдегі күнтізбе сипаттамасы Наурыз айынан басталады.

Сол себепті, Наурыз мерекесі жалпыадамзаттық мейрам, ешбір этносқа тиесілі емес, ешбір шектеуге жатпайды.

Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 14.11.2024

Политолог рассказал о целях визита Токаева во Францию

НОВОСТИ | 21.11.2024

Цифровой коридор построят Азербайджан, Грузия и Казахстан

НОВОСТИ | 21.11.2024

Инфляция ускорилась до 8,5% — Нацбанк РК

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане