Культура

Наурызды мейрамдаудың үш санаты

Серік Ерғали

17.03.2022

Ежелгі түркілерде жеті саны ғарыштың кемелдік күйін білдірген сыйпырлық мазмұн болған. Жетібасты нәрсенің өзі кемелдікті меңзейді. Сондықтан да «жеті» сөзінен «жетік» түріндегі кемелдік сипаттың мағанасы аңғарылады. Осыдан келіп, кемелдікті, дамуды білдіретін ұғымның сипырлық мәні «жеті» түрінде қалыптасқан және кез келген нәрсенің кемелдігі оның жетілік даму сатыны дәріптеуге орныққан.

Сөйтіп, Наурыздың санаттары да жетілік санмен қамтылған. Өйткені Наурыз мейрамы ғарыштың ежелгі ұлы үш санаттың (категория) жеті еселенуімен анықталады: жеті дәм (наурызкөже); жеті өң (алуан бояулы әшекей, түрлі түсті киешек); жеті үн (жетіген, жеті қоңырау немесе жеті адамның хоры).

Наурыз Құбылыстың басы болғандықтан, оның санаттарының жетік те кемел болуы ойластырылған және іске асырылған. Сол себептен, Наурызда біртекті дәм емес, жетітекті дәмнен тұратын наурыз көже пісірілген. «Көже» сөзінің өзі тәңірлік танымның жұрнағы: кө – Көк, же – ас, «Көктің киелі асы» деген мағына сыйып тұр.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Амал. Көрісу. Мүшелдік жыл басы

Наурыз мерекесі қайда, қайдан шыққан?

Наурыз көжеге сүр еттің салынуы, өткен шақтағы уақыт тізбегінің жаңа уақытпен сабақтастығын қамту идеясы. Яғни ескінің жаңаруы үшін оның жаңаруға қатысуы міндетті. Бұл - ескісіз жаңаның болмайтынын меңзеген ежелгі философиялық даналықтың жұрнағы еді. Сол себепті Наурыз көжеге жеті дәммен қатар ескі жылғы соғымнан қалған сүр ет, қарынға салынған сары май араласады. Бір астың пісірілуіне әр уақыттағы алуан тұрпатты дәмдердің салынуы уақыт пен кеңістің бір сәтте және бір қауыздық мәнге ие болу сипатын паш етуден шығады. Тайқазан – кеңістік, сүр ет пен сүт және басқа дәмдер – уақыт (өткен шақ пен осы шақ) нышаны. Қазақта да, адамзаттың бәрінде де дүние әубаста тарының қауызынан жаралған деген бастапқы ғаламдық күйді білдіретін тәмсіл бар. Бұл соны паш ету.

Ақселеу Сейдімбековтің «Қазақ әлемі» еңбегінде күн мен түннің теңелу сәтін білдіретін бас таңды қарсы алу кезінде ауылды азан-қазан қылатындай жастардың дауылпаз ұрып, қоңырау соғып, кернейлетіп, сырнайлату арқылы түрлі дыбыс пен үнге ерік беруі ұлы істің үнін жетік етуден туған ырым. Бұл күнді сол себепті – Ұлы Істің (ұлыстың емес) Ұлы күні атайды. Бәлкім, бүгінде қолданысы тым тарылған қазақтың жетіген аспабы сықылды арфалардың о бастағы шығуы осыған қатысты болуы ғажап емес.

Ақселеу Сейдімбековтің «Қазақ әлемі» еңбегінде күн мен түннің теңелу сәтін білдіретін бас таңды қарсы алу кезінде ауылды азан-қазан қылатындай жастардың дауылпаз ұрып, қоңырау соғып, кернейлетіп, сырнайлату арқылы түрлі дыбыс пен үнге ерік беруі ұлы істің үнін жетік етуден туған ырым. Бұл күнді сол себепті – Ұлы Істің (ұлыстың емес) Ұлы күні атайды. Бәлкім, бүгінде қолданысы тым тарылған қазақтың жетіген аспабы сықылды арфалардың о бастағы шығуы осыған қатысты болуы ғажап емес.

Оның үстіне «жетіген» сөзі «жетік (кемел) үн» тіркесінен де туып тұр. Осылайша бір кезде кең қолданылған бірнеше қоңырау тағылған сылдырмақ аспабы да шығуы кәдік.

Наурыздың өң санатына келсек, ол да жеті бояумен анықталады. Аспандағы алғашқы көктемгі жеті түсті көпірқосақтан (әубастағы «көмпір» сөзі бұзыла келе «кемпірге» айналған) бастап, жер бетіндегі бірыңғай ақ түсті қардың кетуінің өзі жер бетін талай түске бояйтыны, мереке күнгі алуан өңді киім-кешек пен үйдегі түрлі түсті заттарды жайу көріністері жетік түс принципін әспеттеу болып табылады. Наурыз мейрамы кезінде қазақ әйелдері өздерінің түрлі түсті сырмақ, текемет, құрақ көрпелерін далаға шығарып жайып, айналаны безендіретін салты бар. Бұдан басқа бұл күндері кәрі-жасы түрлі түсті киім-кешек киініп мерекелейді.

Ежелгі түркілердің түсінігінде әр түстің өзіне тән құбылыстық сыйпаты бар: солғын жасыл түс балаңдық пен бастау түсі; ақ түс кемелдіктің, қартайудың белгісі болып табылады.

Сондықтан да, жас келіннің шымылдығын, жас жұбайлар отауын әлем-жәлем етіп, алуан түспен жасандырса, қарт әженің басына ақ жаулық тартуы мен қария бейітінің басына шыққан қасиетті ағашқа ақ орамал байлау оның кемелдігін мойындау болып есептеледі. Кәзірде кең қолданыс тауып отырған қазақы құрақ көрпенің шығу төркіні де, осы наурыздық алуан өңді паш етуден туындаған жұрнақ деп топшылаймыз.

Ақ түс - қарттықтың нышаны, өңдердің кемелдік сатысы, түстердің жыйылу көрінісі, ақ түс физикада да жеті бояудың синтезі болып табылады. Ал, қыс - Жылдың қартаю мезгілі (маусымы). Абайды қыс мезгілін «Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» дейтіні осыдан. Қазақ кемеліне келген адамның бейітіне ақ шүберек байланады да, ал той-думанда жас-кәрісіне қарамастан қазақтар қызылды-жасыл (ақ пен қара түстен өзге) алуан түсті киім киінеді. Бұл – мерекелік мәнді жеті өң принципін қанағаттандыруға тиіс. Үндістан халқы Наурыз мейрамын «холи» - бояу мерекесі деп атап мейрамдайды. Оларда тек қана бояу принципі сақталған.

Сайып келгенде, қазақ Наурызы осындай үш принципке негізделген мейрамдау салтанатынан тұрады және ғасырлар бойы бұл жалғасып келді.

Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

СПОРТ | 14.12.2024

Бельгия — фаворит. Мы — в аутсайдерах

ИНТЕРВЬЮ | 14.12.2024

Алексей Шемес: Я искал Спилберга!

НОВОСТИ | 13.12.2024

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

НОВОСТИ | 13.12.2024

Что построят вместо резиденции президента в Актау

НОВОСТИ | 13.12.2024

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

НОВОСТИ | 13.12.2024

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы