Культура

Айтыс қалай туындаған?

Серік Ерғали

14.07.2022

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол импровизациялық жолмен суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе айтысқа ұласқан. Бұл өнерді советтік дәуірде ақындар айтысы аталып, сол әлі жалғасып келе жатыр.

Алайда ақындарға импровизация жолымен поэтикалық туынды шығару тән емес, негізі бұл жыраулық өнер. Жыраулық өнерге басты екі қасиет тән: импровизация және мақамдатып өлеңдету дәстүрі. Бұлар ақындық өнерге ешбір жатпайды. Сол себепті, суырып салма өлең шығару қабылеті мен дәстүрі ежелгі көшпелі өмір салтынан туындаған жыраулық өнердің бірден бір көрінісі екені анық. Сондықтан да жазба поэзиясы негізінен Абайдан басталған қазақ халқы үшін, көшпелі дәуірдегі ақындық жыраулықтан ажырамайтын ерекше өнер ретінде мойындалуы керек және оның өкілдері ақын емес, жырау түрінде қабылдануы әрі әділ, әрі қисынды.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Қазақтың қоңыр күйі шетел асты

Наурыз мерекесі қайда, қайдан шыққан?

Көкпар қалай пайда болды?

Айтыс тарихында айрықша орын қалдырғанжыраулар Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай,

Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. өкілдерді айтқан жөн. 

Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын дегенмен, оларды біршама ажыратуға болады. Кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға мүмкіндік бар. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. Алайда, Өлі мен Тірінің, Жаз бен Қыстың айтысы ежелгі абыздық дәуірдегі идеологиядан хабардар ететіндігін аңғарған жөн. Бұларға ортақ мазмұн – қарама қарсы қосполюстік тараптың шарпысуы. Бұндай шарпысу Күн мен Түннің қайшыласуынан туындаған жалпыадамзаттық.

Қазақтың айтыс өнері Наурызға қатысты дуалистік бейбіт тартысты паш ету көрінісі ретінде мойындалады. Осыған лайық Өлі-Тірі, Жаз-Қыс, Қыз-Жігіт айтыстары Наурыз мерекесінің өнерлі рәсімдеріне жатады.

Қазақтың айтыс өнерінің басты негізі жырмен шарпысу, тартысу не сайысу болды деген үстірт пайым. Бұған басты түрткі – ежелгі Ай мен Күн, басқаша айтқанда Күн мен Түн идеологиялық тартысы болуы керек. Бұлар – қарама-қайшылықтың тұтастығы деген әлемдік принципті қамтиды, және де жарық пен қараңғының нышандары ғана емес, қарама қарсы тараптың тартысына негіз болған үдеріс. Күнге табынушылар мен Айға табынушылар арасында талай тартыс та, соғыс та болған. Бертін келе абыздар бұл тартысты бейбіт, өнер сайысына жеңдіруге тырысқан жайтты айтыстан, күрестен т.б. спорттық-өнер тартыстарынан байқаймыз. Біресе қарсылас,біресе сайыстағы серіктес бола итжығыс идеология қалай болғанда да дуалистік тірлік пен тартысты туғызғаны анық. Соның бірі Ай мен Күннің айтысы болған. Бұл тартыс дами келе, түрлене келе бертін қыз бен жігіт айтысын тудырды.

Бүгінде ежелгі Грекиядан бастау алатын Олимп ойынының атауына қатысты белгілі қазақ ақыны әрі лингвист Олжас Сүлейменов «олимп» сөзінің «би өлімі» тіркесіне қатысты екенін дәлелдеп жүр және бұл спорттық тартыс ежелгі көшпелі түркілердің ата-бабасына тән болғандығын меңзейді. Бұны күні кешеге дейін келіп жеткен қазақтың Ас беру салтынан да көре аламыз. Астың ажырамас бір бөлігі спорттық ойындар болып табылады: бәйге, күрес, сайыстар...

Наурыздық нысан – дуалистік теңгерім (баланс) үдерісі: Ақ пен Қара; Жақсы мен Жаман; Күндіз бен Түн; Жарық пен Қараңғы; Аталық негіз бен Аналық негіз; Ін (ин) мен Ен (ян), Құт пен Жұт ... Ал, дуализмнің үйлесімі – олардың бейбіт тартысында, тәжікелесінде, шарпысында көрініс табады. Бұл көрініс қазақтың Айтыс өнерінде арнайы миссиядай қалыптасқан. Айтыстың әуел бастағы туындау сәті де Наурызбен байланыста. Сол себепті де, Өлі мен Тірінің айтысы, Жаз бен Қыстың айтысы, Қыз бен Жігіт айтысы т.т. қосполюстік айтыс түрлері сайып келгенде наурыздық тұрғының насихаты ғана емес, екі полюстің шарпысу көрінісінің өнердегі проекциясы болып қалыптасқан. Осыдан келіп айтыс өнері туындады.

Наурыздың бірден бір табиғи нышаны – бәйтерек гүлі, ол мұзды тесіп шығып, жаздың қуатын паш етеді. Бір қарағанда бұл да табиғаттағы жаз бен қыстың тәжікелесу көрінісі. Ата-бабамыз бұның бәрін ертеден байқап, оны пәлсапалық тұжырымға айналдыра білгенмен қоймай, өнер туындысына да арқау еткендігі аңғарылады.

Айтыстың қалыптасу дәуірі сонау арлар (арилер) заманына барып тіреледі. Сол себепті де үнді халықтарында да әлі күнге айтыстың прообразы сақталған. Бұның барлығы ежелгі жалпыадамзаттық құндылыққа айналған ақ пен қараның, түнек пен күнектің, жақсы мен жаманның тартысын паш ету арқылы олардың тұтастық балансын сақтайтын ритуалдан бастау алатынын бажайлауға болады.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

СПОРТ | 14.12.2024

Бельгия — фаворит. Мы — в аутсайдерах

ИНТЕРВЬЮ | 14.12.2024

Алексей Шемес: Я искал Спилберга!

НОВОСТИ | 13.12.2024

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

НОВОСТИ | 13.12.2024

Что построят вместо резиденции президента в Актау

НОВОСТИ | 13.12.2024

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

НОВОСТИ | 13.12.2024

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы