Культура

Юечжи – ошақтылар хандығы

Серік Ерғали

12.05.2022

Ең алғаш мемлекет құрған көшпелі халық ретінде хұндар (хунн) аталады. Алайда тарихшы Асланбек Қансарбайдың пайымына қарағанда бұл қате пікір екен. Өзінің мемлекетін алғаш құрған көшпелі тайпа әрі бүкіл Қытай аумағынан тарихта тұңғыш рет алым жинаған, қытай тарихында жазылып, «юечжи» атауымен мәлім халық көрінеді. Сонда бұл «юечжи» деген нені білдіреді деген сауал туындайды. Қытай жылнамашылары оның мағынасы «ет жеушілер» дегенді білдіретінін жазады.

Алайда, «юечжи» түрінде жазылған сөз А.Қансарбайдың ойынша «ошақты» дегенді білдірмек. Әрине, ошақты тайпасы кәзір қазақ халқының құрамында бар. Бұл пайымға қарсы тұратындар жеткілікті, бірақ тарихшы бұған өз айғағын қарсы қойып отыр. Егер де қытай жазбасындағы сөзде басында О дыбысы келсе, оны қытайлар ЮЭ деп оқиды. Осыдан келіп бұл жазба «юэшақты» болып айтылады. Бірақ бұл ежелгі қытайлар үшін айтуға күрделі болғандықтан, оны қытай тарихшылары өздеріне лайықтап «юечжи» атап кетеді.

Грек тарихшысы Страбон Грек-Бактрия патшалығын ата руынан шыққандар басқарған юечжилердің жойғандығын жазады. Ошақты руын қарастыра отырып, оның құрамында әрі көп, әрі мықты аталық руының барын білеміз.

Үшінші айғақ ретінде. Өткен ғасырдың 60-жылдары советтік тарихшы-археолог С.В.Киселев ошақты тайпасының өкілдері мен Ішкі маңғолиядағы үйіктерде жерленген ежелгі адамдардың тұқымдас екенін дәлелдепті. Ал бұл аумақтар ежелгі юечжи тайпасыныңтұрғылықты жері екені мәлім. Бұл жайында қытай тарихшысы Сыма Цянның жазбасында сақталған. С.В.Киселевтің келтіруіне қарағанда аталмыш маңдағы жерленген ежелгі юечжилердің қан құрамында Y-хромосомдық R1a-Z93 гаплотобы көбірек ұшырасқан. Дәл осы қан тобы да қазақтың ошақты руында молынан кезігеді.

Қазақ шежіресіне сәйкес ошақты да ежелгі тайпалардың бірі болып саналады. Тіпті дастархан басына отырарда, төрге отырғызу үшін араларынан ошақты өкілін іздестіретін бізде дәстүр де қалыптасқан. 

Бұл да халқымыздың ежелгі ошақтылардың тарихи маңызын қастерлегенін білдіреді. Осылайша аңызға айналған юечжи тайпасы қытай жазбасына юэшақты болып енген ошақты тайпасы болып шығады.

Ошақты тайпасы туралы тарихта алғаш рет б.д.д. 645 жылы хатқа түскен «Гуанцзы» трактатында айтылады. Бұл жазбада ошақтылар тауда нефрит тасын өндірушілер ретінде аталады. Қытайдың басқа тарихи «Му көктің ұлы туралы» аталатын б.д.д. 3-ғасырдағы дереккөзінде нефритке бай юечжи елі шығыс Хуанхе өлкесінің солтүстік Шанси жерінде жайғасқан делінеді.

Ал юечжилердің мекені белгілі тарихшы Сыма Цянның жазбаларында барынша нақтырақ келтірілген: Цилян мен Тяншан тауы және Дунхуан тауларының арасында дейді. Дәлірегі - Шығыста Тарим бассейні мен солтұстағы Гәнсу провинциясының арасындағы жерде орналасқан.

Ошақтылар құрған мемлекеттің гүлденген мезгілі б.д.д үшінші ғасырға сәйкес келді. Сыма Цянның жазуынша, Ошақты мемлекетінің билігі кәзіргі Маңғолияның мен Жоңғарияның жері және Тяншан мен Хуанхе алабын қосқан енапат жерді алып жатты.

Қытайлардың ақпарына қарағанда, ошақты әскері 100 мыңға жеткен. Бұл әскер сол кездегі қытайтекті шашылған уақ елдерді жұмсақ жұдырығында, ашса алақанында ұстапты. Тіпті қытайдың тұңғыш императоры болған Цин-Ши-Хуанди да ошақтыларға алым төлеп тұрған. Ошақты мемлекеті сол кездегі Тарим бассейнінен өтетін Жібек жолының тармақтарын бақылауға алыпты. Сонымен бірге бүкіл шығыс Азиядағы нефрит саудасын толық бақылаған.

Сол кезде Ошақты мемлекеті хұндарды да өз қарауына алған еді. Алайда, уақыт өткен сайын хұндар күшейе түсті. Олар бірте-бірте енді ошақтылардың бақылауынан сытылып шыға бастайды.

Ақыры екі мықты елдің арасында кемінде үш рет үлкен қақтығыс болады. Біріншісі, б.д.д. 220-209 жылдары хұндарды Тауман патша басқарғанда, тұтқиылдан ошақтыға бас салады. Бірақ хұндар жеңіліп тынды. Екінші рет, б.д.д. 203 жылы хұн мемлекетін атақты Мәди басқарғанда Ошақтының едәуір жерін басып алады. Ал үшінші шайқаста, Мәди б.д.д. 177 жылы екінші рет басып кіріп, ошақты елін мүлдем өзіне қаратып алады. Хән тарихының жазбасына қарағанда, хұннан жеңілген қалың ошақты екіге жарылады. 150 мың жанұядан құралған аз ғана тобы оңтұсқа қарай Тибетке өтіп кетеді де, сол маңда хәндердің, тибет пен ұйғырлардың құрамына кіреді де, кіші юечжи аталған осы топ тибет пен ұйғырдың қалыптасуына басты ұйытқы болады. Ал ұлы ошақты үйсін халқына қақырата соққы бере отырып, солтұс-батысқа қарай жөңкіледі. Б.д.д. 165 жылы Іле алқабына жетіп, онда тиграхауда-сақтармен бірігіп кетеді. Кейінірек бұл біріккен елге сарматтың бірнеше тайпасы келіп қосылады. Көп ұзамай, бұл аймаққа аңызға айналған Мәди басқарған үйсіндер басып кіреді. Бұл тепкіннің нәтижесінде өз жерінен кетіп, көші-қоннан қалжыраған ошақтылар тағы да пышырауға мәжбүр болады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Ғұндар

Ежелгі Қаңлы елі

Бір бөлігі үйсіннің бодандығын қабылдаса, ошақтының енді бір бөлігі парадария-сақтар мен массагеттерге араласып, Қаңлы мемлекетінің негізін құрайды. Ошақтының ұлы бөлігі б.д.д. 132 жылы Ферғана жазығына жайғасып, Табан (Дабан) мемлекетін құрады. Табан мемлекеті шүйгін жазықта мал мен жанын молайтып, қуатты елге айналады. Ошақты елі б.д.д. 124 жылы Парфиямен соғысқа қатысады. Бұл соғыста парфяндық патша қаза тапқанмен, Ошақты жаңа аумаққа ие бола қоймайды. Б.д.д. 120 жылы оңтұсқа қараған маңдағы Грек-Бактрия табандық Ошақтыныңтонауына ұшырайды.

Ал б.д.д. 101 жылы Табан еліне қытайлық Хән патшалығы бас салады. Алайда Қаңлы патшалығының қолдауымен ошақтылар қытайдың бетін қайтарады. Ақыры жан-жағына шапқылаған әрі қытайдың шапқыншылығы әлсіреткен Табан мемлекеті беске бөлінеді. Бұлардың бәрін де бес әулеттің басшысы бес жаққа бөліп әкетеді. Кейін осылардың ішіндегі Құтжола Қатфиз тарихта аңызға айналған Құшан қағанатының негізін қалады. Осылайша тарихты айғыздаған ошақтылардың бір бөлігі бүгінде қазақ халқының құрамдасы болып отыр.

Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 06.12.2024

Франция готова поддержать Казахстан в строительстве АЭС

НОВОСТИ | 06.12.2024

Стамбульский план борьбы с коррупцией обсудили в Астане

НОВОСТИ | 06.12.2024

Шавкат Мирзиёев встретился с главой МАГАТЭ

НОВОСТИ | 06.12.2024

Франция поможет Казахстану сохранить озеро Балхаш

НОВОСТИ | 06.12.2024

Японский опыт применят для сейсмозащиты Алматы

НОВОСТИ | 06.12.2024

Бежавший из Таджикистана преступник найден в Астане