Культура

Ғұндар

Серік Ерғали

28.03.2022

Дүние жүзі тарихында ерекше рөл атқарған ғұндар секілді халық өте сирек. Бұл халықтың өзінен бұрын олардың атауы тарихта барынша ұзақ мерзімге жайылды. «Ғұн» этнонимінің жаңғырығы ғұн халқы тарихтан ығысып қалса да, бір жарым мың жыл бойы құлақта жаңғырып келеді. Ал ғұндармен бір дәуірде өмір сүрген халықтар туралы тек қана тарихшы мамандар ғана біледі, былайғы жұрт оларды ғұндармен тұстас болғанынан хабарсыз. Демек олар қарабайыр халық болмағаны, оның үстіне ондай халық Тынық пен Алант мұхиттарының арасындағы енапат кеңісте ондаған, тіпті жүздеген халықтардың қалыптасуына әсер етпеген болар еді.

Ғұндар тарихына арналған мыңдаған деректі фильмдер мен кітаптар, зерттемелер шықты. Соншалықты көптеген еңбектер бола тұра «ғұн» этнонимінің шығуына қатысты бірыңғай пікір мен пайым жоқ, әрқайсысы әр жаққа тартуда. «Ғұн» сөзінің нақты нені білдіретінін анық айтуға ешқайсысының батылы жетер емес. Жуырда тарихшы әрі ютубер Асланбек Қаңсарбаев осы тақырыпқа барып, барлық нұсқаны қарастырып шықты.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Сақтар парсы империясына қалай көмектесті?

Спитамен – Македонскийден Ұлы даланы қорғаушы

Сақтар Македонский әскерін қалай жеңді?

Ежелгі үндіні 5 ғасыр билеген сақтар

«Гун» этнонимін алғаш рет ғылыми айналысқа 1926 жылы совет тарихшысы К.А.Иностранцев енгізді. Ол европалық ғұндардан азиялық хундарды ажырату үшін, тарихты бұрмалау үшін бұған кіріскен болатын. Осылайша «ғұн» этнонимі жасанды түрде тарих ғылымын шатастыруға қасақана қосылған жаңалық болатын. Шын мәнінде бұлар тұтас бір халықтың атауы болатын.

Әуелі 18-ғасырда Паллас Маңғолия аумағындағы хұндардың атауын маңғол тілінен іздеу керегін ұсынды. Маңғол тілінен аударғанда «хұн» сөзі адам дегенді білдіретін. Бірақ бүгінгі маңғол аумағында болған хұндар өз атауын маңғол тілінен алуы міндетте емес еді. Келесі бұл мәселеге «қытайлық» көзден қарауды қарастырған теория болды. Оның пайымынша, «хұн» сөзі қытай жазбасында кезіккендіктен оның мағынасын да сол тілден табу керек болатын. Алайда бұл теориядан түк шықпады.

Қытай жазбасы «хұнну» да, «хұн» сөзін де кездестірмеді. Дегенмен Л.Н.Гумилев қытайдың тарихи жазбасынан «ху» сөзін тапты. Ол қытайша «көшеген» дегенді білдіретін.

Бұдан кейін «қытайшыл» теория көздеушілер «хұнну» сөзінің солтұстағы көшегендердің жалпы атауы деген тұжырымға келеді.

Алайда «ху» сөзі ежелгі қытай тілінде «көшеген» дегенді ғана емес, «жабайы», «варвар» яғни қарақшы дегенді білдіретін.

Ғұндар шынында да сол заманда алпауыт қытай империясын тізе бүктіріп, әлемдегі ең ұзын қамал тұрғызуға мәжбүрлеген қаһарлы халық болатын.

Бұдан басқа «өзендік» теория да бар. «Хұнну» немесе «ғұн» сөзі бүгінгі Маңғолия жеріндегі Орхон өзенінің атауынан деген пайым еді бұл. Алайда бұл да қисынға келмейтін. Енапат өлкені мекендеген халықтың бір өзенге қатысты аталуы мүмкін емес еді. Маңғолия мен Қытайдың солтұсындағы аумақта Селенгі мен Керулен секілді бұдан да зор өзендер бар еді.

«Ғұн» атауына қатысты славяндық та теория болды. Орыс тарихшысы Николай Бурланков бұл теорияға барын сала насихаттайды.

Оның пайымдауынша, «ғұн» немесе «хұнну» кәдімгі орыстың «юный» сөзімен байланысы бар жас, балғын дегенді білдіреді-міс. Сонда бұл халықтар кімге қатысты балғын не жас болмақ деген сауал өзінен өзі туындайды.

Ғұндар өздері тізе бүктірген әрі басты жауы болған қытайдың інісі болуы екіталай. Қазақ тарихшысы Бекжан Әденұлының ұсынған теориясы да маңызды. Бұл теория ғұндардың бидайөңді болғандығы, далалықтардың жел қаққан өңін көршілердің «қоңыр өңді» атауы мүмкін. Қазақ тарихшысы бұл «қоңыр» сөзі қытай жылнамашыларының қолымен «хұн» болып өзгергендігін келтіреді. Өйткені шынында да қытай тілінде Р дыбысы атымен жоқ. Бұл пайым бойынша ғұндардың тікелей ұрпағы бүгінгі қоңырат тайпасы болмақ.

Бұдан басқа Қалыбек Данияровтың пайымы бар: «құн» сөзі мығым, құнды, құн ұғымдарын береді дейді. Алайда бұл да қазақ сөзін індетуден шыққан жасанды теория болып көрінеді.

Әзірге назар аудартатыны Асланбек Қаңсарбаевтың «ғұн», «хұн» сөздерінің «күн» сөзі екендігі. Қытай жазбасынан ғұндардың табиғатқа табынғандығы мәлім. Соның ішінде олардың Күнді ерекше кие тұтқандығы мәлім. Ғұндар бұдүниенің бар тірлігі күнге барып тірелетінін жақсы біліп, соны қадыр тұтқандығында. Әрине, ғұндарда күн культі болғандығы мәлім  болғандықтан, олар өздерін Күннің ұрпағымыз дегендері де қисынды. Сөйтіп олардың өз атауы да, тіршілігі де күннен еді. Олар таң атқанда күнді қарсы алып, күн батарда күнді шығарып салды. Далада туып, далада ғұмыр кешкен көшеген жұрт үшін Күннің қадыры ерекше болғандығы аян. Сол себепті олар өздерін «күннің баласымыз» деуі әбден қисынды болатын.

Қалай болғанда да бұл мәселеге әлі де нүкте қойылған емес.

Фотосуреттер ашық дереккөздерінен алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

СПОРТ | 14.12.2024

Бельгия — фаворит. Мы — в аутсайдерах

ИНТЕРВЬЮ | 14.12.2024

Алексей Шемес: Я искал Спилберга!

НОВОСТИ | 13.12.2024

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

НОВОСТИ | 13.12.2024

Что построят вместо резиденции президента в Актау

НОВОСТИ | 13.12.2024

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

НОВОСТИ | 13.12.2024

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы