Общество

Спитамен – Македонскийден Ұлы даланы қорғаушы

Серік Ерғали

04.11.2021

Тарихта тағы бір ежелгі дала батыры Спитамен б.д.д. 370 жылы туған, хаомоварго көшпелі тайпаның ықпалды көсемінің отбасында туған болатын. Бұл тайпа сол кезде Парсы патшалығының қорғаныс қызметінде болған.

Грекиямен жиі болатын соғыстардың бірінде Спитаменнің әкесіжас кезінде тұтқынға түседі. Тұтқында жүріп ол гректердің жалдамалы жасағына сарбаз ретінде кіреді. Осылайша болашақ Спитаменнің әкесі енді грек жағында жүріп парсылармен соғысады. Сөйтіп жүріп, гректерге тұтқындықта болған сақтың қызына үйленеді. Көп ұзамай дүниеге Спитамен келеді. «Спитамен» сөзі «ерен батыр» дегенді білдіреді екен. Алайда бұл оның шын есімі емес лақататы да болуы мүмкін.

Әкесі Спитаменді бала жасынан ерлікке баулиды, атқа отырғызады. Атты шайқастың небір түріне: садақ ату, найза шаншуды үйретеді. Ол он жасының өзінде олипиаданың атты ойындарына қатысып бірнеше рет жүлделі болады. Бірақ ол бала кезінен-ақ дала өміріне икемделеді, оны естіп,көрмесе де аңсап өседі. Ол кәмелеттік жасқа жеткенде, әкесі жалдамалы сақ әскеріне алдырады. Сөйтіп ол енді кәсіби жауынгерлікті меңгереді.

Әкесі өлген соң, ол грек әскерінің құрамындағы сақтардың қолын басқарады. Б.д.д. 335 жылы жас македон патшасы Александр бүкіл Грекияны жаулап алып, ендігі кезекте Парсы патшалығына ауыз сала бастағанда, гректер Спитаменді отанына қайтарады.Бұл әдейі, парсыларды жек көретін гректердің наразылығын күшейте түсу үшін жасалған Македонскийдің қитұрқы ойы болатын. Отанына оралған Спитамен әбден пісіп-жетілген әрі қалыптасқан тұлға болатын. Оның тұлғасы Парсының қарауындағы Соғды елінің билеушісі Бесстің назарын аударады. Көп ұзамай ол парсы әскерінің қызметінде қатардағы сарбаздан билеуші көмекшісіне дейін өседі. Гректердің парсыларға жорығын пайдаланып Соғдия басшысы өз елін егемен етуді ойластырады. Бірақ бұған әлі ерте екенін Спитамен билеушіге жеткізеді: өйткені, ол Бесске гректерге қарсы басқа серіктестерден айрылып қалатынын айтады. Ол әуелі Македонский жорығын тойтарып барып,мемлекетті сосын құруды ұсынады. Бірақ Бесс өз дегенін істеп, б.д.д. 330 жылы өзін жекедара мемлекеттің патшасы етіп, Артаксеркс 5 деп жариялайды. Бірақ Спитаменнің айтқаны келіп, Бесс өзін патша жариялаған бойда жергілікті әкімдер одан бас тартып, қаша бастайды. Ақыры бірнеше жорықтан кейін ол масқара жеңіліске ұшырап, өзі тұтқынға түседі. Кейін ол Македонскийдің қинауымен өлім құшады. Сонымен Македонский парсының біраз иелігін жаулап алады. Тіпті Ферғана жазығында Александрия Эсхата қаласы пайда болады. Одан әрі Македонский Сыр өзенінің арғы бетіндегі Сақ даласын бағындыруды ойластырады. Осы кезде күтпеген жағдай болады.

Бассыз қалған соғди әскерін Спитамен басқарады. Басты қолы сақтың атты әскерінен құралған ол партизан соғысының тәсілін бастап жібереді. Сөйтіп ол Македонский армиясын әбден қажытады. Қорқыныш ұялатады,тіпті көп ұзамай ол Мараканданы қоршап алады. Ол далалық дах, массағат тайпаларымен бірігіп одан әрі күшейе түседі. Осыдан соң Македонски өз әскерін үшке бөлуге мәжбүр болады: өзі басқарған бөлігі дахтар мен массағаттерді тойтаруға жұмылады; екінші бөлігі Бактрияны жаулауды аяқтау үшін қалдырылады; үшінші Македон әскері Спитаменнен Мараканданы босату үшін аттанады. Спитамен өзіне шыққан әскерді білгесін, Мараканданы қоршаған қолын алып, қарсы жорыққа шығады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Сақтар Македонский әскерін қалай жеңді?

Ежелгі үндіні 5 ғасыр билеген сақтар

Бірнеше тәулік бойы күндіз-түні Спитамен қолы Македон қолын далалық шабуыл тәсілімен әбден сілікпесін шығарады. Жорықтың шарықтау шегі Зарафшан өзенінде болады. Жағаға Спитамен әскері тосқауылда күтіп, арғы бетке өтпек болған македониялық әскерді тарпа бас салады. Александр қолы быт-шыт болып жеңіледі. Ежелгі тарихшылар Арриана мен  Курцидің жазуына қарағанда, 4000 қолдан македондықтарда 40 атты мен 300 жаяу сарбаз ғана қалыпты. Атақты Андромах, Менедем, Каран сияқты қолбасшылары қырылады. Ал Спитаменде бар болғаны 600 атты сарбаз болған! Александрдың Зарафшандағы бұл жеңілісі оның Ұлы даланы жаулауға деген тәбетін қашырған бірден бір шайқас еді. Және де осы соғыс ежелгі Еуропаның атақты қолбасшысы әрі патшасының абыройын айрандай төкті.

Осыдан кейін ол Соғды патшалығына қарайтын халықты қыруға бұйрық беріп, бейбіт ауыл-қыстақтардағы 120 мыңдай халық пен тұтқынға түскен сақтарды жазықсыз қырады. Бұл жағдай орта Азиядағы Соғдыға қараған жұрттың қол астына келіп, Спитаменді қостауына әкеліп соғады. Сөйтіп оның қолы 7000 сарбазға жетті. Бірақ бұны бұрынғы парсы басшылары мен Соғды әкімдері қызғанып, жаратпады. Сөйтіп олар құпия түрде Александр Макендонмен ауыз жаласа бастайды. Александр олардан Спитаменді өлтіріп, басын әкеліп беруді талап етті.

 Дегенмен, Македон әскері енді Спитамен қолына барын сала кірісіп, тықсыра бастады. Сөйтіп Спитамен сәтті бір шабуыл жасап, жағдайын жақсартқысы келеді. Б.д.д. 328 жылы күзде Спитамен мен Александр арасында шешуші соғыс болады.Соғды мен массагеттер жерінің арасындағы Багама жерінде кездеседі. Бірақ бұл ұрыста Спитамен жеңіліп, бар әскерінен айрылады. Бұған басты себеп: шешуші сәтте оған болысуға тиіс Соғды мен Бактр елдерінің төрелері сатып кетіп, Александр Македон жағына шығып кетеді.

Спитамен бұдан кейін массагеттерге барып, күш жинап, тағы да Александрдан өш алғысы келеді. Бірақ ұрыс алаңына қайта оралуды оған жазбаған еді. Б.д.д. 327 жылы батырлығы мен қайсарлығы жұлдыздай жарқыраған даланың ерен ері Спитаменді қандыкөйлек серіктері Александрмен ауыз жаласып өлтіреді. Олар Спитаменге еруден әбден қажыған еді. Ол өзінің әйелімен бірге қаза болды.

Алайда, Спитамен Александр Македоннан Ұлы даланы мәңгіге қорғап кеткен есіл ер еді. Осыдан кейін Македон әскері Далаға емес, Үнді жеріне қарай басып кіргені тарихтан мәлім. Македонның Бактрия бекінісін алуы мен Зарафшандағы жалау желбіреткен жеңіс Спитаменді тарихи аңызға айналған қаһарман етті. Бүгінде оның атына орта Азия жұртшылығы таласуда: өзбектер мен тәжіктер оны өздерінің тарихи батыры санайды; Тәжікстан,тіпті оның атына Спитамен ауданын да беріп қойды.

Бірақ та, Спитамен далалық сақ тумасы ретінде отырықшы елдің ұланы бәрібір бола алмас еді, оның үстіне Спитаменнің сатқындықпен қаза табуына ортаңғы азиялық отырықшы соғдылардың бірден бір қатысы болған-ды. Осылайша Ұлы даланың тағы бір ұланы жусан иісі аңқыған жазықты қорғап, тарихта қалды.


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

ОБЩЕСТВО | 24.04.2024

Вспомнить всё…

АНАЛИТИКА | 24.04.2024

Тик-так для «Тик-Тока»

СПОРТ | 24.04.2024

Елена Рыбакина выиграла Гран-при Porsche по теннису

КУЛЬТУРА | 23.04.2024

Сказ о Самсон-батыре. Как губернатор Туркестана выручил Париж

ОБЩЕСТВО | 23.04.2024

Своевременно и необходимо

ГЕОПОЛИТИКА | 23.04.2024

Песах – основа культа знаний у евреев