Осындай жеңістен кейін б.д.д 150 жылдай бұрын сақтар ежелгі Үндістан жеріне бір шығады. Үнді жерінің климаты мен жерінің шұрайлығы, табиғатының қолайлығы сақтарды таң-тамаша қалдырыпты. Алайда, сақтардың алғашқы шабуылын осы маңды да иеленіп алған грек-бактр әскері тойтарып тастайды. Олар уақытша сол кездегі ауған жерінде қалып, қоныстанады. Ол маңай тарихта содан бері Сақстан аталып кеткен.
Б.д.д. 110 жылы сақтар екінші рет үнділерге қарай шабады. Бұл жолы олар тыңғылықты әзірленген әскери амалмен кіріседі. 30 жыл бойғы соғыстың нәтижесінде сақтар үнді-грек патшалығын күйретіп тынды. Ақырында б.д.д. 80-жылы аумағы жағынан шағын сақ хандығы құрылады. Бұл хандықты билеген Мәуіс өзіне Гандхара мен Таксила жерін қаратып алады. Алайда, Мәуіс өлгесін гректер өз патшалығын терістік Үндістанда қайта орнатады. Бірақ сақ тайпаларын біріктірген Ахес (Ақас), тас түйін болып, жаңа соғысқа шығады. Сөйтіп, б.д.д. 58-жылы ірі Матхуру қаласын басып алып, үндінің солтүстік-батысында сақ мемлекетін жариялайды. Бұл тарихта Үнді-Сақ патшалығы аталды. Ақас патша дәрежесіне ие болады. Ол өзінің тіпті мәнетін шығарады.
Алайда, сақтар мұнымен тоқтамай, үндінің бар аумағын алуды ойластырады. Ал грек билеушілері сақтарға қарсы күштерді біріктіріп, сол кездегі Қытайдың Хән (Хань) патшалығымен одақ құрады. Алайда, қытай патшалығы өзінің теріскейіне алаңдаумен болып, ол одақтан бас тартты.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:
Сақтар Македонский әскерін қалай жеңді?
Дегенмен, б.д.д. 10-жылы сақтар грекке қараған барлық солтұс үнді жерін тартып алады. Үндіні билеген грек Стратон-2 қуылады. Бүкіл үнді жерін иеленген сақ Раджу-Бұла барлық теріскей Үндістанның патшасы болады. Ол Үнді тарихында Теріскей кшатрий патшалығы (Теріскей сарбаздар патшалығы) аталады.
Біздің дәуіріміздің 1-ғасырында билікке таласқан сақ тайпаларының бірлігі жоғын пайдаланып,теріскейден қуатты Құшан көшпелі патшалық басып кіреді. Нәтижесінде құшандардың тарихта қуатты патшалығы орнайды. Алайда, құшандарға жергілікті халықты билеуге сақтардың күші керек болады. Өйткені, сақтар үнділердің алдында өздерінің әділдігімен халықты билей білу өнерін мойындатып үлгерген еді. Солардың бірі Шаштана батыс үндінің жергілікті әкімі болып тағайындалады. Ол күшейе келе құшандардың уысынан шығып өз хандығын құруға бекінеді. 2-ғасырдың ортасына қарай Шаштана өз билігін нығайта отырып, «махакшатрап» атағына ие болады да, осылайша «сақтардың махакшатрап мемлекеті» аталған хандық құрылады. Оның кейінгі ұрпағы сасанидтермен одақтасып, құшандарды тықсырады.
Осылайша 250 жылға созылған сақтардың батыс-орталық үнді патшалығы 395-жылы соңғы сақ билеушісі Рудрасимха-3жергілікті гуптлардың әулетінен шыққанЧандра Гупт-2 үстем шығып, сақтар бағынады. Бұл кезең сақ халықтарының бірте-бірте үнділене бастаған кезеңі еді. Сақтардың қолындағы барлық аумақ гуптлардың қолына тиеді. Ал бұл кезде жергілікті үнділермен араласқан сақ ұрпағы кейін біртұтас үнділерге айналады. Осылайша сақтар 500 жыл бойы үндінің көп жерін билеп-төстеді.
Әрине, сақ дәуірі Үндістан тарихында ізсіз қалмады. Бұл турасында үндінің талай ежелгі жазбасы мен жырлары қалды. Бұған «Калакатшариакатанатсы», «Джунахатқ бәдіз жазба» секілді жазба ескерткіштері куә.