Культура

Түркілерде кескіндеме болған ба?

Серік Ерғали

20.12.2021

Кескіндеме (живопись) өнері қай елдің де, халықтың да мәдени өресін байқататын рухани-мәдени құндылық. Алайда, бүгінгі өмірге өз билігін жүргізіп отырған Батыс әлемінің кескіндеме өнері бар болғаны 15-19 ғасыр аралығында ғана ерекше өрлеуге ие болғандығын жасыра алмаймыз. Орта білім алу кезінде біз тек қана мысырдың,гректің, италияның фрескалары мен кескіндемелеріне ғана бағдарланған білім мен талғам алып өстік.

Ішінара алиялық, соның ішінде Қытай, Оңтүстік Азия елдерінің де мұраларын таныстыратыны бар. Ал бүкіл Евразияны бағындырған, Азияға, Таяу Шығысқа өз білегін талай көрсеткен түркі халықтарының кескіндемесі бар ма? Болса қайда деген сауалдар мазалайтыны табиғи жайт. Тарихтың бұған қатысты үнсіздігі әділетсіз еді. Шын мәнінде түркілер кескіндемесіз болған емес!

Рублевтар, Бангоговтар, Шишкиндер, Микеланджело туғанға дейінгі мың жыл бұрын түркілерде дамыған кескіндеме өнері болғандығы айдан анық. Түркілік өркениет пен мәдениет кетігі Ресей патшалығы заманында да, совет дәуірінде де үнсіздікпен ғана толтырылды. Сол үнсіздікпен Батыстың басқыншы идеологиясы мақұлданды.

Алайда үндемеу мүмкін емес болған жағдайда, қитұрқы түрде бұрмаланып аталды. Мысалы, «Ежелгі Пәнжікенттің мүсіндемесі мен кескіндеме өнері» аталған советтік тарихшының бұл кітабын басқаша атауға болар еді: «Ежелгі Түркі қағанатының мүсіндемесі мен кескіндеме өнері». Бірақ бұл советтік идеологияның арқауына қайшы болар еді.

КСРО археологтары өткен ғасырдың 50-жылдары Тәжікстандағы Пәнжікент қаласын қазғанда Түркі қағанатының жәдігерлеріне кездесті. Бірақ оның бәрін Соғды мемлекетіне теліп қоя берді. Ал бұл қала 6-ғасырдағы Түркі қағанатының бір бөлшегі болатын, оның әкімі түркі текті Шекин Білге болғаны тарихтан мәлім болып отыр.

Шын мәнінде, КСРОда тыйым салынған қазақ кескіндемесі Рембрант туындыларынан 1000 жылға ерте болатын. Түркілік кескіндеме өнерін басқаға телу жаппай белең алған. Әсіресе, мұсылмандық Шығыстағы түркілік көркемөнер «шығысқа» немесе «парсыға» телінгені белгілі.

Енді бүгінгі Өзбекстан суреттері Ортағасырлық қаһармандардың бәрін европоид етіп, барлығын өзбектендіруге көшті. Мысалы, шындығына келгенде  Ұлықбектің сыртқы келбеті қазақтың жүзінен аумайтын кәдімгі тұраноид болатын.

 

Көптеген мұсылмандық шығыста қалған миниатюралар мұсылман әлеміне жататыны мәлім. Ал ислам дәуіріне дейін түркілерде кескіндеме болды ма?

Біздің дәуіріміздің 500-700 жылдардағы түркі фрескалары «соғды кескіндемесі» деген атаумен жасырылып жүр. Дәл осылайша, мұсылмандық дәуіріндегі түркі миниатюралары «парсы кескіндемесі» аталып, түркілердің көзінен тасаланған. Бұның барлығы көшпелі түркілердің жабайылығын айғақтау үшін қалыптасып келеді. Өнертану ғылымы бұған әлі назар салар емес, бұған тарих ғылымының да жасқаншақтығы әсер етуде. Мына берілген кескіндемелер орта ғасырдағы европалық классикалық туындылардан артық болмаса кем емес.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

СПОРТ | 14.12.2024

Бельгия — фаворит. Мы — в аутсайдерах

ИНТЕРВЬЮ | 14.12.2024

Алексей Шемес: Я искал Спилберга!

НОВОСТИ | 13.12.2024

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

НОВОСТИ | 13.12.2024

Что построят вместо резиденции президента в Актау

НОВОСТИ | 13.12.2024

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

НОВОСТИ | 13.12.2024

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы