Культура

Шыңғысханға жеңіліс дәмін татырған сол ғана. Жалаладдин.

Серік Ерғали

29.06.2022

Тарихта Шыңғысханды жеңген жалғыз адам бар. Ол - Жалаладдин Мәңгуберді, сол кездегі Орта Азияның ең ықпалды билеушісі Хорезмшах Аладдин Мұхаммедтің тұңғыш ұлы. Ол өзінің ақсүйектігіне, даусыз тақ мұрагері екендігіне қарамастан, сарайдағы сүйікті мұрагер емес еді. Өйткені, оның нағашысы түрікпен жұрты болатын. Хорезмнің төрелері ежелден-ақ түрікпендермен жауласып келген еді. Желаладдин осының бәрін жасынан-ақ біліп, әкесінің өзіне деген салқын қабағын танып өскен болатын. Ол сарайда осыдан-ақ сирек көрінетін болды.

Бірақ ол барынша білімге де, ел билеуді де құштарлана игерген еді. Поэзияға жаны құштар әрі дінге ықыласы ауған жігіт болатын. Ол өзінің бауырларына қарағанда, әскери іс пен қол бастауды кемеліне келтіре меңгерді. Ол суық қаруды жақсы қолданып, садақты шебер атты, атқа қонғанда оны ешкім де аудара алмайтын. Әкесі баласының мұншалықты қабылеті сарбаздар мен қолбасшылар арасында ерекше ықылас аударатынынан сескеніп, оны әскери жорықтарға мейлінше сирек тартты. Ол Ортаңғы Азияға Шыңғысхан басып кіргенде де осылай істеді.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Ғұндар

Сақтар парсы империясына қалай көмектесті?

Спитамен – Македонскийден Ұлы даланы қорғаушы

Ол кезде Хорезмшахтың қарауында Ауғанстан, Иран, Батыс Пәкістан аумағы, Түрікпенстан, Өзбекстан, Тәжікстанның жері мен Оңтүстік Қазақстан аумағы болған еді. Мұхаммед сол кездегі алып мұсылман елінің билеушісі болғасын, қайдағы бір даланың көшегендері соншалықты қауіп төндіреді деп ойлаған жоқ. Көп ұзамай ол өзінің өркөкіректігі мен менмендігі үшін таяқ жеді.

Сұбытай басқарған моғолдардың әскерімен алғаш рет Хорезм қолы 1218 жылдың көктемінде Ырғыз өзенінің жағасында шайқасады. 1219 жылдың жазында Шыңғысханның қолы 2-Мұхаммедтің билейтін шекарасына басып кіреді. Осыдан он ай өткенде Хорезм мемлекеті моғолдың мықты әскеріне шыдамай, картон үйшік секілді қақырап қалады. Барлық сәулетті қалалары мен қуатты қазынасынан айрылған Хорезмшах Арал теңізіндегі аралдан қашып шығып, кейінірек 1220 жылдың күзінде өкпесі суыққа шалдыққан дерттен қаза табады.

Әкесінің өлгенін естіген Жалаладдин Хорезмшах еліне асығып, босаған тақты иеленіп, моғолдарға қарсы бас көтеруге шығады. Алайда, хорезм ақсүйектері түрікпен әйелден туған баланы таққа отырғызуға құштар емес еді. Оған қоса, атынан ат үркетін Шыңғысханға қарсы бас көтеруге де шамалары жоқ болатын. Осыны ескерген Жалаладдин елдің оңтұсына, әлі де моғолдардың аяғы баспаған өңірге қарай Газниге ат басын бұрады. Мұрагердің қарауында бар болғаны 300 ғана атты жасағы болды. Оған көп ұзамай Хорезмшахтың моғолдарға қарсы жантүршігерлік қарсылық көрсеткен жалғызқолбасшысы Темірмәлік қосылды.

Шыңғысхан мұрагерді ұстау үшін бірнеше жасағын аттандырады. Одан сәл ертерек қашып құтылған Жалаладдин Қарақұмның қайнаған құмын басып өтеді. 1221 жылдың қаңтарында моғолдардың іріктелген 700 атты әскеріне тұтқиылдан ойсырата шабуыл жасайды. Газниде Нишапури негізін түркілер құраған 30 мың қол жасақтайды. Бұлардың негізгі бөлігі әлемге аты шыққан Шыңғысхан қолын алғаш қиратқан Жалаладдиннің жасағы құрған еді. Шыңғысхан Жалаладдинге қарсы өзінің ең мықты қолбасшысы Жекетоқаны аттандырады.

Ол Парванға таяу жерге өзінің ауыр атты әскерін жөнелтеді, ал Жалаладдин сайма сай садақ атқыштарын қарсы қояды. Атты моғолдар екі күн бойы Жалаладдинге қарсы шабуылдап әуре болады, әр шабуыл сайын қатарын сиретіп кейін серпіледі. Қарсыластың сілесін қатырған Жалаладдин қарсы шабуылға шығып, әбден әлсіреген, қалжыраған моғолдарға бас салады. Алайда, соншалықты ерлікпен келген үлкен жеңіс алуан тайпадан құрылған Жалаладдиннің әскерін тұтастыра қоймады. Хорезмдіктер, түрікпендер мен ауғандықтар өзара жеңістің олжасы мен абыройына таласып, ыдырап кетті. Шыңғысханға сатылған Хорезмнің бір топ ақсүйегі майдан даласын тастап кетеді. Жас ханзаданың аяқалысынан шошынған Шыңғысхан тез арада әскерінің негізгі бөлігін Газниге қарай аттандырды. Бірнеше есе мықты әскердің қысымына шыдамаған Жалаладдиннің қолы шегіне соғысып, шығысқа қарай ығысты. Мұндағы ойы Солтұс Пенджабтан қосылатын қолға үміт артуы болатын. Моғолдар хорезмдіктер мен ауғандардың соңынан қалмай аңдумен болады. Ақыры көшеген армиядан қара үзіп кете алмайтынын білген Жалаладдин басты шабуылға көшуге шешім қабылдайды.

Ол шабуыл 1221 жылы 20 қарашада Инд өзенінің батыс жағалауында, Таулы Жоги атырабындағы Гартрап шатқалында орын алады. Басында Шыңғысханның қолы 50 мыңдай болады, оны үш түменге бөліп, өзі екпінді атты әскермен резервте қалады. Шабуыл болатын күні хорезмдіктер тылына тағы бір түменді жөнелтеді.

Жалаладдиннің қолы небәрі 30 мың сарбаздан тұрды. Хорезмдіктердің бір қанаты таулы шатқалдың жықпылды жақтауы болса, тыл жағында Инд өзені қоршап ағып жатты. Осылай доға тәрізді табиғи қалқаны бар Жалаладдин қолы доғаның ауызы дұшпан жаққа қарап тұрды. Көшпелі далалық әскер өзіне тән қысқаш тәрізді тактикамен кіріседі. Шыңғысхан негізгі нысанасы етіп қарсы тараптың белгілі бір бөлігін көздеп, шабуылдаумен болады. Мұсылман хорезмдіктер де тайсалмастан садақтан оқ жаудырумен қарсыласып бағады. Далалықтар мұсылмандарды қашуға арандататындай тактикамен кіріскесін Жалаладдин өз қолын жігерлендірумен болады. Шайқастың кімнің пайдасында боларын ешкім білген емес, тек қана тылдан бас салған моғолдардың түмені хорезмдіктерді жағаға қарай тықсыра бастайды. Жалаладдин өзінің таңдаулы жасағымен тар алаңда жанқиярлықпен шайқасады. Шыңғысхан өз әскеріне ханзаданы тірілей қолға түсіруді тапсырып, оқ атпауды бұйырады. Хорезмдік әскердің бір бөлігі Инд өзеніне қойып кетіп жүзіп өткісі келгенімен ауыр жарақпен бірге және бас көтертпес бұршақтай жауған жебеден суға кетіп жатты. Өзеннен өту кезінде Жалаладдиннің анасы отырған қайық төңкеріліп түседі... Тек қана үлкен ұлы тірілей тұтқынға түскен Жалаладдин асау өзенге қойып кетіп, қышап құтылады.

Фотосуреттер ашық дереккөзден алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

Инфляция ускорилась до 8,5% — Нацбанк РК

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное