Общество

«Банды» Ерғали

Серік Ерғали

31.01.2022

1922 жылдың күзі. Алшын еліне әйгілі батыр Ысық Құныскерейдің үйіне бір топ адам сау етіп келе қалады. Құныскерей олардың кім екенін білу үшін тысқа шығып қарсы алады. Ол шыққанда аттан түсіп өзі қарсы келе жатқан Ерғали батырды тани кетті.

Құныскерей қонақтарын құшақ жая қарсы алып, қазан көтереді. Асқа енді кірісе бергенде Құныскерей ауылына 22 қызыл әскерден тұратын милициялар жасағы жетіп келеді. Олар үйді қоршап алады. Милиция бастығы Құныскерейге «Төріңе совет өкіметінің жауын шығардың, бізге оны ұстап бер» деп айқай салады. Құнекең оған «Ерғали менің жауым емес - құдайы қонағым. Оны ешкімге бере алмаймын» дейді.

Дереу сол кезде үйге баса көктеп кірген қызылдар мен батырлардың арасында атыс басталып кетеді. Құныскерей көп ұзамай аудандық милиция бастығын атып түсіреді. Бастығы теңкиіп қалғасын басқа милициялар дағдарып тұрып қалады, қарсыласпайды. Құныскерей мен Ерғали, қос батыр аттарына ырғып мініп, айдаланы бетке алып шауып кетеді...

Ал әйгілі Құныскерей араша түсіп, бірге қашқан Ерғали кім еді? Тіпті аудандық милиция жасағымен соңынан қуып келетіндей қай мықты еді? Ол кеңес өкіметіне несімен жақпады? Ерғали 1869 жылы Орал губерниясы Бөкей уезіндегі Талөкпе ауданы Бостандық ауылында алаша руының атақты Аязбай мергеннің отбасында дүниеге келеді. Ерғалидың әкесі елге қамқор әрі сыйлы да ықпалды кісі болған. Аязбай мерген композитор да, әнші де болған. Қазақтың 1000 әнін жинаған Александр Затаевич оның бірнеше әнін жазып алған.

Ресейдің саяси озбырлығы орын алып, қазақтың құнарлы жеріне бас салған кезеңдерде болған бір соғыста мерген қаза болады. Жалғыз ұлы 9 жасында жетім қалады. Жастай жетім қалған ол әкесінің ғана емес, елінің де кегін алуды аңсаумен есейді. Бұл жолға түсіп оның көрмеген қорлығы мен азабы жоқ. Табалдырық жағалап, қайыр-садақаға қараған кездері де болады. Бұл қиыншылықтар оның сағын сындырмады, өжеттігі арта түсіп ер жетті.

Ол он жасында атқа отырып, он бес жасында «барымташы Ерғали» атанады. Оның бұл ісі, қатқыл қабағы мен суық келбеті қазақты тонаған орыс байларына қарсы бағытталды. Еліне қарай істелген әрбір озбырлықты ол қанды қанмен, малды малмен қайтарып отырды. Одан ығыр болған орыстың байлары, одан құтылу үшін оның басына 10 мың жылқы тігіп бәйге жариялайды. Бірақ қазақ халқы өз қорғанышын, батырын сатқан жоқ. Оны барынша қорғап, паналатты, жасырды.

Байдан малды айдап, кедейге таратқан Ерғали қара халықтың еркесіне айналды.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Большевиктерден жеңілмеген Құныскерей батыр

1917 жылы патша өкіметі құлап, азамат соғысы басталып кетті. Дала қыраны Ерғали басында большевиктерді қара халықтың жоқтаушысы деп қолдайды. Өзінің туған жері Қазтал өлкесінде совет өкіметін орнатуға қатысады. Кейінірек ол уездік совет төрағасының орынбасары болып тағайындалады.

Азамат соғысы кезінде ол қазақтың 300 жігітін ертіп қазақ полкіне кіріп, оның эскадрон командирі болады. Одан соң Серікқали Жақыппен танысып, қазақтың бұл батырының қолдауымен аудандық милиция бастығы да болады. Бұл күрделі тынымсыз қызмет болатын. Ол халықты тонаған орыс-казактарға қарсыласып, елді қорғаумен айналысты. Талай мықтыларды сабасына түсіреді. Ерғалидың бұндай айбыны мен батырлығы көптеген орыс большевиктері мен казактарға ұнай қоймады.

Бірақ бүкіл Қазақстанға танымал Серікқали Жақыптың абыройы мен беделі Ерғалиға қарсы ешкімді тырп еткізбеді.

Қызмет бабымен басқа жаққа Серікқали Жақып ауысқанда, Ерғалиға қарсы домалақ арызды дұшпандары қарша боратты. Осылардың ішінде оның мансабы мен абыройын қызғанған қазақ та аз емес еді. Тоқтаусыз тамшы тасты да теспей ме?!

Және де сол кезеңде қазақ тарихына қаралы кезеңді әкелген Қазақстанға басшы болып «қужақ» Филип Голощекин келген еді.

Ол келе салысымен қазақтың бетке ұстарларын қамап, қырғидай тиді. Сол кезде Ерғали халық жауы атанады әрі қызметінен босатылды. Бірақ чекистер оны ұстап үлгермейді, Ерғали қашып шығып қалың елінің арасына сіңіп кетеді.

Қалың қазағы қамқоры әрі батырын ешкімге бермей паналатты. Ерғалиды қолға түсіре алмай, чекистер әбден қорланады. Оны қаралап «банды Ерғали» деп жария етеді. Бұл қитұрқы амал да нәтиже бермеді, халқы оны бәрібір ұстап бермеді. 

Бұл сергелдең екі жылға созылады да, чекистер оған кешірім берілді деп жалған ақпаратты жария етеді. 

Сөйтіп аңғал батырды ұстап алып, 9 күн бойы қинап, азаптайды. Ақыры оны тергеусіз, сотсыз 1929 жылдың 14-ші қаңтарында Ерғалиды 9 жақтасымен бірге екі ұлы Ақмет пен Жұмабай да ату жазасына кесіледі. Содан кейін ел арасына тарап кеткен Ерғалидың әндері мен өлеңдеріне қатаң тыйым салынады.

Бір тойда оның «Шайтанқара» атты әнін шырқағаны үшін Иманғали Қарабалаев 1937 жылы «халық жауы» деген атаққа ілінеді де, өзі із-түссіз жоғалып кетеді.

Бірақ халық өз жоқтаушысын, батырын ұмытқан емес, оның есімі қайтадан жаңғырып келеді.

Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 06.12.2024

Франция готова поддержать Казахстан в строительстве АЭС

НОВОСТИ | 06.12.2024

Стамбульский план борьбы с коррупцией обсудили в Астане

НОВОСТИ | 06.12.2024

Шавкат Мирзиёев встретился с главой МАГАТЭ

НОВОСТИ | 06.12.2024

Франция поможет Казахстану сохранить озеро Балхаш

НОВОСТИ | 06.12.2024

Японский опыт применят для сейсмозащиты Алматы

НОВОСТИ | 06.12.2024

Бежавший из Таджикистана преступник найден в Астане