Культура

Зұқа батыр

Серік Ерғали

23.08.2022

1755-1759 жылдары Жоңғар хандығының қонтайшысы Ғалдан Серен өлгесін, оның тағына талас басталып, соңы жоңғарлардың ұлы қасыретімен аяқталды. Таққа үміткердің бірі Әмір сана өз бәсекелестерін тықсыру мақсатымен Қытай билігіне шығып өзіне қолдау сұрағанмен, оған ешбір қолдау берілмейді. Оның орнына 500 мыңдық әскермен Цин империясы шолу жасай отырып, осы сәтті пайдаланып, жоңғар хандығын құртуды ойластырады. Сөйтіп, қытайлар ақыры жоңғарды жойып жібереді. Он мыңдай аман қалған жоңғар қолы Еділ бойына қашып, «қалмақ» атанады. Жанталасып, кейбір аман қалған бөліктері Ауғанға, Бадақшанға қарай жосады. Олар сол елдердің билігіне қызмет етіп, ақыры мұсылманданып сіңіп кетті.

Алайда, Жоңғарияның қалған жерін түгелімен Қытай өзіне қаратқан жоқ. Өйткені жоңғар мұрасы үшін таласқа қазақтар да шыққан еді. 1755 жылы сұлтан Абылайдың пәрменімен найман Көкжал Барақ пен қыпшақ Қошқарбай батырлар Таулы Моңғол Алтайын қазаққа қаратады. Бұны сырттай бақылап отырған Ресей де өзіне тиісті олжасын алуға ұмтылады. Сөйтіп, 1756 жылы Елизавета патша қатын жарлық шығарып, Таулы Алтайды Ресейге қосуға бұйырады. Осы жарлықты пайдаланып, әрі Алтай мен Тарбағатайдың құнарлы жерін жайлау етпек болған қазақтар жаппай жайлай бастайды. Бұлар негізінен қазақтың керей, найман, албан, суан тайпалары болатын. Олар Қара Ертістің, Нарымның, Күршімнің бойларын иелене бастайды. Осының арқасында қазақтарға Жетісу, Іленің батысы, Жоңғар Алатауының үлкен бөлігі, Тарбағатайдың барлығы дерлік, Зайсан көлі аумағы қазаққа қарады. Ұзақ уақыт жоңғар иелігінде болып, ол хандық құлаған соң қытайлар оның бәрін өзіне тиесілі болуы керек деп есептеген еді.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Бекболат Әшеке батыр

Қазақтың соңғы хандығы. Жәңгір хан.

Қаратай хан

Цин империясы Таулы Алтайдың Ресейге қарауын мойындамады, алайда сол кездегі көшпелі қазақтарды ығыстыра алмаған Қытай билігі оларды қалдыруға мәжбүр болды. Көп уақытқа дейін қазақтың Орта және Ұлы жүзі мен Қытайдың арасында нақты шекара болмады. Шығыс Түркістанды жайлаған қазақтар Шығыс Қазақстан мен ортада емін-еркін көшіп-қонумен болды және Қытай билігін мойындамады. Тек қана Пекинде 1860 жылы, Петербургте 1881 жылы қол қойылған келісімшарттар Ресей мен Қытай арасындағы бұрынғы Жоңғариядан қалған аумақтың тағдырын шешкен еді. Осы келісімдердің арқасында ғана шекара сызығы кәзіргі Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны нақтылауға негіз болды. Осылайша, Қытай жақта қалған Шығыс Түркістандық қазақтар атажұрттан бөлініп қалды.

Әуелде қытайлар қазақтарға барынша жұмсақ қарады. Бірақ бірте-бірте қысым жасала бастайды. Бұған себеп, шығыстүркістандық қазақтардың қытай билігін мойынсұнбай, өздерін үлкен Қазақстанның бір бөлігі санағаны болды. Қытай еркін де көшпелі қазақты өзіне көндірудің талай әдісін жасады. Осы мақсатпен қазақ жеріне ұйғырларды, дұңғандарды, моңғолдар мен қытайларды қоныстандырады. Бұның арасында қитұрқы жолмен қазақтарды қуғындау, діндеріне қол сұғу секілді әрекеттер жатқан. Бірақ қазақтар бұған да бой ұсынбады. Олар бұл саясатқа қарсы барынша тегеурінді қарсылық танытумен болды. Іле-Тарбағатай Қазақ ауданы өздерінің аса құнарлы жеріне әлі күнге бөтен ұлтты жібермей келеді. Осылайша бұл маңда Қытай басқыншылығына қарсы қалыптасқан өз тарихымен бірге өз қаһармандары да бар.

Солардың бірі – Зұқа Сәбитұлы. Ол 1866 жылы Алтай жерінде керей тайпасынан шыққан діндардың отбасында туған. Оның атасы Нұрмұқанбет абыз Бұқара мен Уфада оқыған. Ірі діни қайраткер, көріпкел, аузы дуалы данагөй кісі болған және оны жергілікті қазақтар әулие тұтқан. Зұқаның әкесі Сәбит белгілі ағартушы болған кісі, жеті жасында оны әкесі белгілі діндар Уфадағы Қазырет Уалғанға оқуға берген. Ол 9 жыл бойы оқып, түркінің сол кездегі басты қалалары Бұқара, Қазан, Самарқан қалаларын аралайды, білімін толықтырады. Ол 25-ке толғанда ұстазы Уалған қазырет оның толысқан ой-санасы мен тұлғасына разы болып, өзінің немересі Бәтиманы қосып, қасиетті асатаяғын сыйлайды.

Сәбит туған мекені Марқакөлге кеңпейіл де парасатты азамат болып оралады. Ол Шығыс Қазақстан өңіріндегі қазақтарды ағартуға бірден кірісіп кетеді. Төрт медресе ашады. Сол кездегі өлшеммен бұл оқу орындарынан бес жүзден аса шәкірт біліммен сусындап шығады. Осыдан кейін ол қазақтар арасында «дамолда» атағын алады. Сәбиттің тұңғышы Зұқа жасынан-ақ өз әкесінен сауаттанып үлгереді. Есейгесін оны әкесі Мұқамбет Мумин ишанға одан әрі діни білім алуға жібереді. Өз тұстастарынан ширақ та сергек, зерделі де есепке жүйрік, тапқыр Зұқа жасынан-ақ халықты басқаруға араласа бастайды. Әбден толысқан ол батыр әрі би атағын иеленеді. Сөйтіп, Зайсан өңірінің белгілі биі әрі батыры атанады. Ол билік айтқанда құран аяттарынан, шариғат талаптарымен бірге Абайдың өлеңдерін де жатқа айтып жұртты аузына қаратады. Бірақ Ресей билігіне берілген қазақтың бетке ұстарларынан көңілі қалған ол, патша билігіне іштей қарсылығы үдей түседі. 1883 жылы 17 жасқа да толмай тұрып-ақ, Алтайдың қытайға қараған Сауыр аталған бетіне көшіп кетеді. Өзі діндар, білімді, шешен, шариғатты жақсы білген ол осы маңдағы абақ-керейдің ықпалды билеушісі қазақ ханы Әбілмәмбет ханның немересі Жеңісхан төремен достасады. Ол Зұқаны әуелі өз ұлысының молдасы тағайындап, кейін түрлі дау-дамай шешуге би етеді. Ел билеумен бірге ол халықты ағарту жұмыстарын жалғастырады.

Бірақ ХХ ғасыр басында Шығыс Түркістанның әкімі болып қатыгез Бижинго тағайындалып, Зұқа батырдың өмірінде жаңа парақтар ашылады. Ол келген бойда мешіт-медресені жауып, салықты бірнеше есе көбейтеді. Бас көтерген қазақты аямайды. Осы жағдайда Зұқа батыр ұлт-азаттық күресін бастап кетеді. Басында қытайлар маңғолдарға қазақ жерлерін беріп, өзара қырғи-қабақ етеді. Зұқа батыр қытайлар тек қана күшті мойындайтынын біліп, амал жоқ қазақтарды қаруландырып, көтеріліске бастайды. Ол сарбаздарын әскери іске тыңғылықты дайындайды. Кейін оның шәкірттері арасынан талай батырлар шығады. Бала кезінде-ақ Оспанды танып, өз ісін жалғастыратын болашақ батырға бата бергендігі туралы да аңыз бар.

Сөйтіп, қазақ Зұқа батыр қытай мен моңғолға қарсы күресумен бірге, шекарадан өткен орыстың ақ гвардияшыларымен де шайқасады. Ақыры Зұқаның қолы Алтайдан Сарысүмбеге дейінгі енапат аймақты жайлаған бейресми хандыққа айналады. 20-жылдары кеңестерден қуғындалған алашордашылардың кейбірі Зұқа батырдан пана тапқан деген де ақпарат бар. Дұшпандары Зұқа батырды ала алмағасын, Синзянның жаңа билеушісі Дзин Шурен, бірқатар куәгерлердің айтуынша, батырмен келісе алмай, оны өлтіруге бұйрық беріпті. 1922 жылы түн ортасында Зұқаның ауылына 200-ден аса қытай солдаттары басып кіреді. Қиян-кескі ұрыс кезінде, батыр қолға түсіп, азапталып барып, 54 қандыкөйлек жолдасымен бірге қаза болады. Қазақтарды үрейлендіру мақсатымен, батырдың басын, Ертіс өзенінен өтер тұста сырыққа шаншып қойыпты. 40 күнге дейін басты алуға рұқсат етпепті. Батырдың мүрдесін талап еткен қазақтарға қытай билеушілері оның тұңғыш ұлы Сұлтаншәріптің келуін талап етеді. Бірақ ақсақалдар оның орнына молда Шериазданды жібереді. Батырдың ұлын алдап қолға түсіре алмайтынын біліп, Шурен әкім қазақтардан қарсыласуды доғаруды талап етеді. Сөйтіп қазақтар қаруларын тастап, батырдың мүрдесін Көктоғай ауданындағы Белқұдық қорымына арулап жерлейді. 

Зұқа батырдан қалған он екі ұл мен жеті қыз әкенің бастаған ісін одан әрі жалғастырады. Олардың бірқатары туған Алтайдан кетуге мәжбүр болады. Бірақ та оның көптеген немере-шөберелері бүгінде 12 елде аман-есен тұрып жатыр.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

СПОРТ | 14.12.2024

Бельгия — фаворит. Мы — в аутсайдерах

ИНТЕРВЬЮ | 14.12.2024

Алексей Шемес: Я искал Спилберга!

НОВОСТИ | 13.12.2024

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

НОВОСТИ | 13.12.2024

Что построят вместо резиденции президента в Актау

НОВОСТИ | 13.12.2024

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

НОВОСТИ | 13.12.2024

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы