Культура

Тоғызқұмалақ бұрын «тоғызат» аталған

Серік Ерғали

26.07.2022

Тоғызқұмалақ – бес мыңжылдық тарихы бар, күллі түркі халықтарына ортақ, ойлау өнерінің салтанат құру сайманы. Бұл ойын қазақ, қырғыз, қарақалпақ, алтай халықтарында сақталған және әр түрлі атаумен аталып, бұл жағдай бүгінде жағымсыз сипат алып отыр: қазақта бұл «тоғызқұмалақ» аталса, қырғызда өтетін осы ойын «тоғызкоргоол» аталып еларалық ауқымда насихатталады. Бірақ бұдан тек қана құндылығымыз ұтылуда, әлемдік ауқымға тарала бастаған ақыл спортымыздың атауы әлі күнге әрі-сәрі, нақтыланбаған күйі жұртты шатастыруда.

Ойынды зерттеушілер еңбегін шолғанда, басты төрт атауды ғылыми-тарихи нысан ретінде қарастыруға болады: тоғызқұмалақ,  тоғызкоргоол, орда, тоғызат. Бұл атаулар түркі халықтарының қолданысында ғана емес, ғылыми айналыста болып келген.

Тоғызқұмалақ. Бұл атау Краснов А.Н. (1887), Пантусов Н. (1904), Карутц Р.(1910), Куфтиннің Б.А. (1926) тарихи-этнографиялық еңбектерінде 1887-1926 жыл аралығында ғылыми айналыста аталып, қалыптасқандығын көреміз. Бұл атау қазақ халқының отырықтану үдерісін бастаған кезіне сәйкес, ойынның ежелгі көшпелі құндылықтарының азайып, қарабайырланған атауға ұшырағанын байқатады.

Ақтеңіз жағалауындағы көшпелі түркі тайпалары «тогузташ» атағаны да мәлім. Соған қарағанда «құмалақ» сөзі бұрынырақтағы қолданыста тек қана малдың ұсақ жұмыр нәжісін білдірмеген. Мұның үстіне «тоғызқұмалақ» сөзі мейлінше шұбалыңқы, өзгетілді адамдардың тілін келтіру аса қиындық келтіруде.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Тоғызат. Арап сыйпыры. Абақ-керей.

Анақарыс пен Абай – ұлы даланың қос ойшылы

Тоғызкоргоол. Бұл қырғыз атауы ойынды алғаш рет 1898 жылы фин зерттеушісі Карл Отто Мунк (1898) қолымен фотоға түсірген сәттен аталады. Ал венгер ғалымы Дж.Алмаши ойын сипаттамасын жазып қалдырған. Бірақ бұл сипаттама бойынша (М.Шотаев) ойын ережесі бүгінгі тоғызкоргоолдан мүлдем бөлек болған. Бұл сөз Алмаши нұсқасында «колгор» түрінде түскен. «Коргоол» сөзі моңғолдың домалақ ұғымын беретінін ескерсек, бұл да «құмалақ» сөзінің калькасы екені рас. Және бұл атаудың қағазға түскен сәті де көшпелі өмір салтына отырықшылық ықпалының зорайып, көшпелі құндылықтардың біршама ығыса бастауымен тығыз байланысы байқалады.

«Тоғызкоргоол» атауына да тоғызқұмалақ секілді кемшін сипаттар тән: бұл да мейлінше шұбалыңқы, өзгетілді адамдардың тілін келтіру аса қиындық келтіреді, ойынның қырғызша қалыптасқан бұл атауы фонетикалық жағынан да, семантикалық жағынан да біршама тоқырауға ұшырап, өзінің бастапқы көшпелі мәдени сипатынан ажырап, сыртқы қарабайыр мағынасын сақтаған.

Орда. Ойынның «орда» аталғандығы да сөз болуда, алайда ғылыми еңбектерден гөрі бұл атау фольклорда сақталған. Мәселен «Манас» жырында осылай аталады:

Баштаптыр Манас Ордону,

Ордо деген оюнду

Бизге мирас қылғаны

Тогуздап коргоол салғаны

Бу Манастан қалғаны.

Бұл атаумен ертеректе кәзіргі ұтыс тасы жиналатын ұяшықтың «орда» аталғаны да байқалады. Соған қарағанда ойынның бір кездері «орда» атауымен де аталғандығы мәлім. Алайда, бүгін аталмыш ойынды «орда» атау күрделі жағдайларға тірейді: орда сөзінің бірнеше семантикалық сипаты қалыптасты да, ойынды осылай атау үдерісі біршама қасаң кедергіге ұшырайды.

Тоғызат. Бұл атау ресейлік этнограф-шенгер Г.С.Загряжскийдің 1874 жылғы еңбегінде көрініс тапқан. Аталмыш еңбек әзірге тоғызқұмалақ ойынын хаттаған ең алғашқы дүние болып отыр. Түркілік зияткерлік ойын үшін бұл мақаланың өзектігі сонда, аталмыш жазба қағазға түскенде көшпелі өмір салтына тән сана бұзыла қоймағандығымен құнды. Оған себеп – ойын атауының аса ежелгі сипаты «тоғыз ат» түрінде сақталып қалғандығы.

Тоғызқұмалақ ойынының құрылымына зер сала отырып, атаулар мен ұғымдар негізінен жылқыға, аңшылыққа және көшпелі сипатқа қатыстылығы айқын көрініп тұр. Ойындағы ұяшық атаулары қазақ, қырғыз, қарақалпақ халықтарында сәл өзгерістері болғанымен, әуелгі тұтас мазмұнға барынша жуық әрі бірін бірі толықтырады.

Бұл атаулардың барлығы дерлік жылқыға қатысты сөздер. Тоғызқұмалақты зерттеушілер бұл атаулардың әр отауға сәйкес міндеті мен мүмкіндігін ашатынын пайымдауда.

Бұл ойында барлық отауы дымсыз қалған ойыншының жағдайын «атсырау» ұғымымен атайды, бұл – атсыз қалу дегенді білдіреді. Демек, ойынның басты атрибуты да ат болғаны және бір кезде «тоғызат» аталғандығы да осыдан көрінеді. Тіпті, ойын кезіндегі жүрістің «көшу» етістігімен айтылатыны да ойынның «көшпелі» болмысын аша түседі. Тоғызаттың аттылар өркениетіне тиесілі екенін С.Аманжоловтыңмына бір сөзі нықтай түседі: «Бұл ойынның ерекше бір қасиеті терминдерінде: терминге қарап бұл нақтылы мал шаруашылығының тудырған нәрсесі екен дейсің...» Сайып келгенде,  «тоғызат» сөзі барлық түркілерге ортақ, талас тудырмай қабылданатын және ойын мазмұны мен тұрпатына сәйкес номадтық мәні мен сипаты зор лексема.

Фотосуретер ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

ОБЩЕСТВО | 26.04.2024

Оставаться верным фактам

АНАЛИТИКА | 26.04.2024

В этот день. Трагический календарь

ГЕОПОЛИТИКА | 25.04.2024

Ильхам Алиев заявил, что в случае «серьезной угрозы» его страна примет «серьезные меры»

ОБЩЕСТВО | 24.04.2024

Вспомнить всё…

АНАЛИТИКА | 24.04.2024

Тик-так для «Тик-Тока»

СПОРТ | 24.04.2024

Елена Рыбакина выиграла Гран-при Porsche по теннису