Общество

«Алдаспан» бірлестігі – азаттық қарлығашы

Серік Ерғали

16.03.2022

Кәзіргі кездегі қоғамдық-әлеуметтік салаларды қамтыған қоғамдық ұйымдардың бастауында 20-ғасырдың 90-жылдарында ұлттық мүддені нысана еткен ұйымдар құрыла бастаған еді. Ақтөбеде «Алдаспан» клубы да соның бірі болды.

1990 жылы «Алдаспан» клубы құрылғанда, оны құрушыларды ұлттық рухтың жалаугері болар деп ойламақ түгілі, «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деп қудалауға салғандар да болған еді. Бірақ, бойды буған жастықтың бұл күш пен рухани қуаттың арқасында, 25-35 арасындағы жас қыз-жігіттердің сағын ешкім де, ештеңе де сындыра алмады. Олар Ақтөбені қойып, Алматыдағы интеллигенттердің ауызына ілікті. Клуб бірлестік болды, оның арты Азаматтық «Азат» қозғалысына ұласты. 1994-1999 жылдары Ақтөбе қалалық кеңесіндегі 24 депутаттық орынның үштен бірін иеленіп ықпалды ұйымға айналды...

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

«Нұр Отанның» 1993 жылғы прототипі

«Азат» қозғалысы – Тәуелсіздік қарлығашы

«Алдаспан» қалай құрылды? 1990 жылдың 24 қаңтары күні кешкі сағат 18-де сол кездегі басты саясат үйі болып табылатын Облыстық саяси-ағарту үйінің ғимаратына 50-ге тарта адам жиналды. Оның 30-дайы студенттер мен оқытушылар да, қалғаны тіл жанашырлары мен «Қазақ тілінің» белсенділері болатын. Бірақ жастарды қолдау емес, ең әуелі тұқырту басталды. Сол кездегі қалалық «Қазақ тілі» қоғамының басшылығы өре түрегеліп, жұртты жинаған мені бар кінәмен айыптап, мұндай клубтың түкке керегі жоқтығы айтылды. Ағаларымыздың өздері жиынның үстінде кетіп қалғанымен қоймай, жұртшылыққа да тараңдар деген бұйрық тастады. Сол кезде ең алғашқы рухани қолдауды Күләш Ибрагимова деген қарапайым ұстаз жасады. Апай сөз алды да, бастан аяқ идеяны мақұлдап, жұртшылықты қолдауға шақырды. Содан кейін сөз алған Сұлтанбек Ташкенбаев, Айтқали Италиев, Мұхамедияр Аманғалиев, Қаңтарбаева Нұрсұлу, Кемелбаев Болатбек, Дүйсенбина Әсима және бір топ студенттерді ертіп келген Абат Пангереев, «Алдаспанды» құруға қол көтергендер еді. Сол жиынға тіпті алғаш рет 10 сыныптың екі оқушысы да келіп, Үйлестіру кеңесінің мүшесі болған, олар: Нұрбек Уайдин мен Руслан Әбдірахманов еді.

Алдаспан - көшпелі бабаларымыздың мифтік, қынсыз қылышы, яғни қандай жағдайға да даяр қаруы болған. Біз оны сол кезде жүріп жатқан «Қайта құру» саясатының қаруы, керітартпалықты қиып түстетін алмас қылышы деп түсіндірдік.

«Алдаспанды» ресми түрде тіркеудің өзі хикаяға айналғаны бар: сол кезде қоғамдық ұйымды тіркеу тәжірибесі өңірлік билікте болмады және оны қандай заңдамаға сүйеніп тіркеуді білмей сол кездегі Ақтөбе қалалық атқару комитетінің төрағасы Лапшин бір айдай жүрді. Ақыры оған да өзіміз кірісіп, КСРО Министрлер кеңесінің 1930 жылдары шыққан қаулысының негізінде «Білім» секілді ұйымдардың тіркеу жолын ұсынып барып, тіркелгеніміз бар. Сол кезде белгілі мемлекет қайраткері Марат Оспанов бастаған «Ақтөбе қаласының демократиялық күштер одағы» ұйымы «Алдаспаннан» кейін тіркелуге мәжбүр болды.

Ұйымға ақтөбелік зиялы қауым мойын бұрып, беделі арта берді. Ақтөбедегі Наурыз мерекесін алғаш рет қалалықтарға таныстырып, атап өтудің де нәсібі «Алдаспанға» бұйырды. 1990 жылы түкірігі жерге түспей тұрған КСРО-ның облыстық саяси-ағарту үйінің жанына екі бірдей киіз үйді бір біріне тіркестіре тігіп, 22 наурыз күні қалада алғаш рет ұлттық ірі шара жасап, наурыз көже үлестіріп, жақтастарымызды молайта түстік. Бұл - біздің қала деңгейіндегі өзімізді ресми органдарға мойындатқан алғашқы қадамымыз болатын.

«Алдаспан» клубтан ұйымға айналып, Естай Жайлыбаев, Сейілхан Мұстафин, Көшкінбай Ахметов, Оразова Ақжелең, Қуаныш Қарабалаев, Шерәлі Бәйімбетов, Оразбай Жұматов, Кәрімхан Қиқымбаев, Сәбит Сүлейменов, Сатанова Таңсұлу, Нысанбаева Ғалия, Тілеубаева Ботагөз т.б. белсенді азаматтар қосылып жатты. Біздің ықпалымыздан қаладағы ұлттық мәселелер ресми түрде амалсыз шешілуге жата бастады. Соның бірі «Алдаспан» көтерген қазақ драма театрын ашу қолға алынды. Ақтөбеде республика бойынша ең тұңғыш қоғамдық «Тілтағдыр» газетін шығару мүмкіндік туды.

Ақтөбе қаласында қазақтар тұрғындардың төрттен бірін құраса да, жалғыз 21-орта мектеп пен аралас 6-мектептің болуы еді. Ақыры қазақ тілді балабақша мен мектеп ашу мәселесіне білекті сыбанып кірістік. Жергілікті биліктің ашуға бала саны жетпейді деген сылтауын жоққа шығарып, жаңа мектеп пен қасынан балабақша ашу жүзеге асырылды. Бұл оқиғадан соң қазақ тілді балабақшалар мен мектептерді ашу өзінен өзі жолға қойыла бастады.

Қаладағы аралас 6-мектепті тұтас орысша білім беруге ауыстыру шешіміне қарсы болған мектеп директоры Зура Ықсанғалиқызы келіп, жағдайды бізге баяндап, араласуымызды өтінді. «Алдаспан» сол кездегі облыстық кеңес төрағасы Золотарев мырза атына ультиматум түріндегі ашық хат жолданды. Егер де 6 орта мектеп таза қазақ тіліндегі оқытуға толық көшпесе, саяси шараға баратынымызды ескертіп, уақыт бердік. Бұл мәселенің шешім тапқаны өз алдына, облыстық Білім басқармасының сол кездегі басшысы Евдокимов орнынан түсіп, ол орынға кейін облыс әкімі болған Елеусін Сағындықов тағайындалды. Осылайша «Алдаспанның» ықпалы облыста енді кадр мәселесін шешуге де жетті... Бұның бәрі өткен ғасырдың 90-жылдардағы орын алған романтикалық демократия үрдісінің көрінісі болатын.

Фотосуреттер ашық дерек көздерінен алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 07.10.2024

Это важно для будущих граждан страны — Александра Суслова

ИНТЕРВЬЮ | 07.10.2024

Символ прогресса и развития

НОВОСТИ | 07.10.2024

Около 800 млн тенге заплатили казахстанцы за услуги психиатра

НОВОСТИ | 07.10.2024

Только 53,2% домохозяйств в РК подключены к газу

НОВОСТИ | 07.10.2024

Более 37 миллиардов тенге вывели казахстанцы из ЕНПФ за месяц

НОВОСТИ | 07.10.2024

Президент Монголии Ухнаагийн Хурэлсух посетит Туркменистан