Культура

Жеті ата институты – ұлттың мәйегі

Серік Ерғали

31.05.2022

ХХІ ғасырдамыз, заманымыз жаһандану құйынын тұрғызуда. Жаһандану дегеніміз - аула таңдамайтын құбылыс, қай ұлт екенің есепке алынбайды, ең бастысы - 8 млрд адамзат үшін «бірегей» жасампаздар болады да, сол Адам ата ұрпағының алдына әлгі «бірегейлердің» біртұтас тұтынушысы болу. Осы жаһандану үрдісіне сәйкес әр халық өзінің өмір қадамын өлшеп-пішіп, «қайтсек, тірі қаламыз» деген жанталасқа ұрынып, бұл сергелдең экономикада да, саясатта да, мәдениетте де, әлеуметтік салада да басты әрекеттің мәйегіне айналуда.

Осындай жағдайда халқымыздың ішкі әлеуетінің мәні зор, әсіресе қазақ социумы қандай болды деген сұраққа ат басын бұру маңызды. Қазақ социумының иерархиясын қарайтын болсақ, мынадай құрылымға кезігеміз:

1) Индивид, дара жан;

2) отбасы – индивидтер жанұясы;

3) әулет – бір атадан тараған жанұялардың ошағы;

4) аталық – жеті буынға кіретін әулеттердің тұтасу құрылымы;

5) ру – бірнеше аталықтар біріге келіп, руды құрайды;

6) ел/тайпа – бірнеше рудан құралады;

7) хандық – бірнеше ел бірігіп бір хандық яғни мемлекет құрайды;

8) қағанат – бірнеше хандықтың біріккен саяси-мемлекеттік бірлестігі.

Аталық құрылымы қазақ қоғамында әлеуметтік сипатқа ие болған: жас ұрпақты тәрбиелеу, демографиялық мәселе, әлеуметтік өзара байланыс пен оның жүйелі шешімі – бәрі осы құрылымның еншісіне тиеді. Барлық салт пен дәстүр да осы әлеуметтік иерархия сатысында орнығып, бекиді, сақталады. Демек, тіл мен дәстүр және тәрбие, қауымның өзара әлеуметтенудің көзі – аталықта. Жетібуындық бұл құрылым әкелік-патриархалдық жүйе болып есептеледі де былайша жеті сатыдан құрылады: әке – ата – баба – жете ата – тете ата –арғы ата – тек ата. Әр адамның осы жетіаталық терең тегі қатаң ұсталады.

Аталыққа қараған жұрт жеті аталық демографиялық-генетикалық туыс болып келеді. Сол себептен ұл келіншекті басқа жұрттан, ал қыз күйеуге басқа жұрттың жігітне шығуға тиісті. Жеті аталық бұл генеологиялық үрдісті бүгін генетика ғылымы да жақтап отыр. Айталық, ұл әкеден гендік ақпараттың жартысын алады, атадан 25 пайызын, бабадан – 12,5, жете атадан – 6,25; тете атадан – 3,125; арғы алтыншы атадан – 1,56 пайыз, ал соңғы тек атадан – 0,78 пайыз ғана туыстық ақпарат сіңіреді екен. Осыған қарағанда ата-бабабмыз бұл мәліметпен әубастан таныс болған.

Көшпелі қазақ елінің ауылы көбіне бір аталыққа біріккен қонысты құраған. «Жұрт» сөзінің өзі бір аталыққа қараған социумды атайды және ауылдың отырған орнын да «жұрт» деп атайды. Жұртқа біріккен әулеттер тобы өзара ең туыс жандардың тобы саналады. «Жұрттың баласы» деген тіркеспен қазақ тәрбие бәсекесін қалыптастырған, басқа жұрттың жақсысы мен жаманын әрі үйренуге, әрі жиренуге арналған үлгі ретінде алға тартқан.

Әрбір аталыққа тән экономикалық институт бай әулетпен қамтамасыз етілген, әдетте бір ауылда бір немесе бірнеше бай сол жұрттың әлеуметтік-экономикалық қажетін қамтамасыз еткен. Сонымен бірге аталық институты рулық иерархияның іргестасы болады. Аталықсыз рулар құрылмайды.

Аталық әлеуметтік институты бірнеше әлеуметтік топтарды топтастырып, олардың мәселесін шешетін жүйе қалыптастырған: ақсақалдар кеңесі - жұрттың, яғни аталыққа қарайтын халықтың барлық күрделі мәселесін шешетін ең жоғарғы шешуші орган; белсенді көпті көріп, өмірлік тәжірибе жинаған әйелдер - абысындар бүгінгі әйлдер кеңесінің рөлін атқарған, ал жеңгетай институты жастармен жұмысты, әсіресе бойдақтарды үйлендіру мен қызды тұрмысқа шығаруға тәрбиелеумен шұғылданған.

Әрбір әлеуметтік институттың бұл миссиялары жазылмаған заңға айналып, дәстүрге кіріккен.

Ендеше бұның бәрі бүгінгі дәуір туғызып отырған небір әлеуметтік мәселелерді оңай шешуге арналған арнайы қоғамдық-әлеуметтік-демографиялық институт болғаны. Жеті ата институты – ұлттың мәйегі. Олай болса, бұны осы заманға лайықтап, мемлекет қолдап қайта орнықтырса күрделі талай мәселе өзінен өзі шешілер еді. Тіпті шетелдегі қандастарды елге әкелуде де бұл жүйенің маңызы зор. Мәселен әрбір әулетке белгілі бір квотамен ғана жағдай жасаса, қалғанын сол әулеттің ақсақалдарының шешімі мен басқа құрылым арқылы одан әрі түпкілікті шешуге болады. Алайда ол үшін мемлекет бұл ұлттық аталық жүйені қалпына келтіруге белгілі бір ресурс пен әлеует бөлуге, ең бастысы ғылыми-қоғамдық көзқарасты мойындауға әзір болуы керек.

Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 10.12.2024

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

НОВОСТИ | 10.12.2024

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

НОВОСТИ | 10.12.2024

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана