Культура

Қазақ пен өзбек бір туған

Серік Ерғали

05.07.2022

Бүгінде қазақ аталатын этноним әуелден-ақ төріктерге (түркі) тән атау болатын бірақ тарихи үдеріс барысында төрік кеңістігіне қашып-пысып келген славяндар да сіңісті, қазақы өмір салтын жұғысты етті. Өздерін өздері де тілі келгенше «казак» атады. Бұл шата халықты патшалық Ресей өз пайдасына пайдаланып, православие дініне шоқындырды, оқалы киім кигізіп, атты әскер етті және төрік халықтарын бағындыру мен басып-жаншуға пайдаланды. Ақыры олар тілі мен діні әбден орыстанған өздерін казак атайтын этникалық топқа айналып шыға келді. Совет өкіметі тұсында да шовинистік идеология ұстанған билік, қазақтың ежелгі атауы мен рухын бұзу үшін бірдей аталатын екі түрлі этносты атауда да саясатын тықпалады: қазақтарды «қырғыз» атап, казактарды сол күйі қалдырды. Сөйтіп, тарихты «жаңылдырды». Ал қырғыздардың өздерін Ресей патшалығы «жабайы-таулы қырғыз» немесе «қара қырғыз» атады.

Тарихи үдерісте тағы бір осындай егіз тағдырлы екі халық бар, олар қазақтар мен өзбектер. Орталық Азияда тәжіктерге ұқсайтын отырықшы төрік халқы болды, олар «сарт» аталады. Бұл сөздің бір мағынасы – саудагер. 15-ғасырда сарт деп негізінен парсытілді жұртшылық аталған болатын. 19-ғасырға қарай отырықтанған Ташкент пен Ферғана өңірінің қарлұқтілді төріктері «сарт» атала бастады. Бұл өңірдің этносы совет дәуірінде өзбек тілінің негізін құраған басты жұртқа айналды.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

2500 жыл бұрын үйсіндер өздерін «қазақ» атаған

Ғұндар

Каким был флаг Казахского ханства?

Шын мәнінде ташкенттік қарлұқтілді және бұрынырақтағы шейбандық өзбектердің арасындағы айырма жер мен көктей болатын. Қарлықтілді өзбектер тәжікше Равшан, Жәмшид, Жаһангер секілді есімдер қояды және төрік руларынан тұрмайды, ал шейбанид өзбектерінде алтынордалық Өзбек ханнан сіңген этнониммен аталды да төрік рулары мен есімдері қалды.

Әбілқайыр ханнан 15-ғасырда бөлінген Керей-Жәнібек жұрты «қазақ» аталды. Былай айтқанда, Өзбек хан ұлысын билеген Әбілқайыр хан тұсындағы тұтас «өзбек» аталған халық екіге айырылды. Бірі – қазақ, бірі - өзбек болды. Көшпелі өзбектер Ташкент-Ферғана аямағында шоғырлана келе отырықтанды, тәжіктермен, сарттармен араласты да, әуелгі тілі қыпшақтілді болса да тілі қарлұқтанды - бүгінгі сипатқа ие болды.

Ресейлік этнограф Андрей Стеткевичтің еңбегінде қазақ пен өзбекті бір халық ретінде суреттейді.

Әрине, біздің мақсатымыз халықтың арасына жік салу емес, керісінше тамырдың тұтас болғандығын білдіру. Тарихшы видеоблогер Айбек.А Стеткевичтің еңбегінен үзік келтіреді: «Өзбек сөзінің шығу тегі толық анықталмаған. Мен мәлімет алған дерек көзі - Хорезм тарихын жазған профессор Веселовскийдің диссертациясында, бұны былайшасипаттайды: өзбек деген өзіне өзі қожайын, яғни ешкімге бағынбайтын ерікті адам, 15-ғасырдағы мұсылман жазушылар көшпелі жұртшылықтан шыққан ерікті адамды осылай атай бастаған...

... 15-ғасырдың ортасында өзбектердің толық тайпалары мен кейбір рулар бөлшектеніп қазақтарға қосылып, одақтасқан. Осыдан барып орыстар «қырғыз» атайтын қазақтардың құрамында өзбектерге тән көптеген рулар жүр. Осылайша өзбектер мен қазақтар рулас-тайпалас бір халық болып шықты, айырмасы сол ғана, қазақтардың бойында маңғол қаны араласқан және де «қазақ» атауы негізінен көшпелі ру-тайпаларға тән болса, өзбектердің көпшілігі отырықтанып кеткен.

Әбілқайыр хан Шыңғысханның оныншы ұрпағынан тарайтын, Хорезмге шабуыл жасаған өзбектердің алғашқы ханы. Оның (Шыңғыстың) немересі бүкіл Хорезмді басып алған еді, бірақ ол 1510 жылы Исмаил-сопы шахтан жеңіледі. Хорезм Исмаилға бұйырады, бұған жергілікті сарт тұрғындар қуанғанымен, рухани партия саналатын тап шиитердің елді басқарғанына наразы болып, елді басқаруға Шейбан-Елбарыстың немере туысын шақырады да, ол тез арада келіп, парсыларды Хорезмнен қуып шығады... Онымен бірге өзбектер қаптайды: қият, қоңырат, ұйғыр, найман, қаңлы, қыпшақ, нөкіс және маңғыттар, яғни оазистегі жұрттың бәрі қаптай кіреді, одан соң өзбектер бірінен соң орныға бастайды». Бұндағы Исмаил тобы тарихтағы қызылбастар болатын.

Қарап тұрсақ, «қазақ» та, «өзбек» те мағына жағынан бір біріне өте жақын, ерікті, ешкімге бағынбайтын адам дегенді білдіреді. «Қазақ» этнонимі Веселовскийдің келтіруіне қарағанда - құс секілді еркін адам дегенді білдірген. 15-ғасырдағы Әбілқайыр ханның саясаты мен озбырлығына төзбеген Моғолстанды маңайлаған ақсүйектер Өзбек хандығынан бөлініп шыққаны мәлім.

«Сарт» деп сол кездегі өзбектер төменшіктете атаған жұрт парсытілді отырықтанған саудагер, диқандар болатын. Өзбектердің бар табысы сауда кезінде осыларға өтетін болғандықтан, бірнеше ғасыр бойы бұлардың арасы жақсы болмады. Осы кезде қазақ «өзбек – өз ағам, сарт - садағам» деген мәтел шығарғаны белгілі. Сөйтіп, 15 ғасыр ортасында Жетісудағы моғолдарға қараған өңір «Қазақстан» да, бүгінгі Қазақстанның көп бөлігі көшпелі өзбек тайпаларының мекені ретінде «Өзбекстан» аталған. Кейінірек қазақтардың күшейуі көшпелі өзбектердің Қазақ хандығына өтуіне ұласып, Ұлы дала барлық көшпелі төрік тайпалардың тұтас хандығына айналып тынды.

Сарттар совет билігі орнау кезінде жаппай «өзбек» аталды да, этноним ретінде тарихтан жойылды.

Фото ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 10.12.2024

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

НОВОСТИ | 10.12.2024

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

НОВОСТИ | 10.12.2024

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана