Культура

Түркештер өздерін «Алаш баласы» атаған

Серік Ерғали

25.08.2022

Түркештер - Батыс Түрік қағанатының басты мұрагері болып табылады. Осы деректің өзі ежелгі Азия мен Евразия тарихында аса зор ықпалы болғандығын білдіреді. Бұған қоса шығыстағы қытайлық Тән империясы мен араптық Халипатты аталған кеңістікте тізгіндеп тұрғанын айтсақ та жеткілікті. Бұл тайпа деңгейіндегі аса қуатты халық болған.

Алайда бұл мықты тайпаның тарихы бұлдыр, мәлім жағы аз. Археологиялық қазбалар жағы соншалықты болмашы. Бірақ түркештер туралы барынша нақты жазылған ежелгі жазбалар бар. Сонда да олар бүгінгі тарих үшін мейлінше аз танылған болып есептеледі. Кейбір тарихшы-сарапшылар интернетте түркештер туралы мәліметтің жоқтығын, әлдебір маңызды нәрсені қасақана құпия ұстап отырғандықтан дейді.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Юечжи – ошақтылар хандығы

Ежелгі Қаңлы елі

2500 жыл бұрын үйсіндер өздерін «қазақ» атаған

Алғашқы мәлімет түркештерге қатысты 7-ғасырдың ортасына жатады. Ол қытайдық «Сүйшу» мен «Таншу» жылнамаларында қалған. Бұл жазбада түркештерді Батыс-Түркі қағанаттың айрықша тайпасы ретінде атайды. Осы жазбада 576 жылы византиялық елшінің Тоқсан немесе Түрксанф есімді билеушінің қабылдауында болғаны келтіріледі. Бұл Түркі қағанатының негізін қалаушы Естемі қағанның кіші ұлы болыпты. Тоқсан көрнекті қолбасы бола жүріп, Керш пен Қырымды басып алуға қолбасшылық еткен. Ол көзінің тірісінде Арслан яғни «арыстан» деген лақапатқа ие болған. Міне осыдан барып, қытайлар ол басқарған елді түркеш атаған.

2011 жылы Жетісу бойындағы Суяб қаласын қазу кезінде 8-ғасырда балық бейнесіне жазылған «Түркеш хандығы» атты қытай иероглифімен жазба табылды. Демек, қытайлар сол кезде түркештермен саяси қарым-қатынаста болған.

Бұдан басқа оңтұстағы Күштөбе, Сидақ ата қоныстарын қазу кезінде «тухсан хұбу» деген жазу табылады. Бұл «тоқтардың билеушісі» деген теңге болатын.

Ал парсылық 372 жылы хатқа түскен «Худуд әл-алам» дерекөзінде Тоқсан билеген елді «тоқсалықтар» атапты. Араптың тарихшысы Гардизи «сол жаққа қарай «тақсылар» аталған түркештер елі жайлайды» деп жазған.

Кейін ғұмыр кешкен түркі ғалымы Махмұд Қашғаридың жазбасында түркештер тұрған Талас маңын «тоқси» атайды.

Осыларды қорыта келіп, Батыс Түркі қағанатының айрықша халқы Естеми қағанның кіші ұлы Тоқсанға (Түрксанфқа)қараған ел болып шығады. Түркілер әбден әлсіреп, қағанатын ыдыратқанда, түркештер ту көтеріп, Жетісу мен оңтұста өз хандығын сақтап қалған. Және де түркештер қытай империясын да, Шығыс түркі қағанатын да мойындамаған. Өйткені олар өздерін түркінің ұлы қағанатының мұрагері санаған еді. Сол себепті де Күлтегіннің тарихи тас бағанында «түркештер өзіміздің түркі болатын, бірақ кейінірек олар адасты» деп жазылған.

Барлық дереккөздерде дерлік, түркештер қара және сары түркеш болып екіге бөлініпті. Бұндағы «қара» аталатындары бұқара халық дегені еді де, ал «сарылар» билеуші ақсүйектер болатын. Батыс қағанат негізінен таза түркілік саясат ұстанған түркештердің қарауында болса, шығыс түркілер қытайдың ықпалына ұшыраған еді де , бұлар өзара бітіспес қас дұшпанға айналған болатын. Алайда, олар бәрібір туысқандық араластықта өмір сүрді. Бұл туралы жазба деректер бар. Күлтегін қаза тапқанда, оның жаназасына Түркештерден Мақараш пен Білге келіп қатысты деген мәлімет бар.

Зерттеушлердің айтуынша, түркештердің әлсіреуіне екі жақтаған қытай мен араптың дұшпандығы еді. Басты табыс көзі Жібек жолынан түсетін алымдарда болатын да, бұл жолмен жүретін керуен азайғанда түркештердің де әлеуметтік қуаты божыраған еді. Жібек жолының күреуіне батыста араптардың соғды саудагерлерін талқандауы да, ал шығыста қытай императоры жібек өндіруді азайтып жіберді. Осының кесірінен жолды ұстаушы Түркеш қағанатының рөлі де күйрей бастады.

Қытай жазбаларындағы түркештердің нағыз атауы «сары үйсін» болғандығы да мәлім болып отыр. Бұл атауды алғаш рет аңдаған қазақтың белгілі археологы Әлкей Марғұлан болатын. Бұл теорияны қайтадан қолға алған қазақ тарихшысы Қойшығара Салғарин болды. Ал 1994 жылы Қытайда «Қазақтың қысқаша тарихы» атты еңбекті Нығмет Мыңжан жария етті де, ол түркештердің сары үйсін екендігін және олар өздерін «Алаш ұлысы» атағанын келтіреді. Н.Мыңжан қытайдың ескі жазуын оқи алатын маман ретінде бұны ойдан шығармағаны анық. «Сары үйсін» тіркесі қазақ ұғымында «алтын ұрық» немесе билеуші ақсүйек дегенді білдіретін. Және де олардың ең жоғарғы билеушісі «күнби» аталатын титулы болған. Бұл да алтын нұр ұғымына сәйкес сөз тіркесі.

Сонымен бірге қытай жылнамасында «үш елдік» аталған Түркеш қағанатының негізін қалаушы «һэлошу» немесе «һалач» деп келтіреді. Ал бұл қазақ тіліндегі «алаш» этнонимі болатын. Сөйтіп, сайып келгенде түркештер ежелгі қазақ қағанатының басқы нұсқасы болып табылады.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

ГЕОПОЛИТИКА | 25.04.2024

Ильхам Алиев заявил, что в случае «серьезной угрозы» его страна примет «серьезные меры»

ОБЩЕСТВО | 24.04.2024

Вспомнить всё…

АНАЛИТИКА | 24.04.2024

Тик-так для «Тик-Тока»

СПОРТ | 24.04.2024

Елена Рыбакина выиграла Гран-при Porsche по теннису

КУЛЬТУРА | 23.04.2024

Сказ о Самсон-батыре. Как губернатор Туркестана выручил Париж

ОБЩЕСТВО | 23.04.2024

Своевременно и необходимо