Культура

«Банды» аталған Аманғали батыр

Серік Ерғали

10.03.2022

Қазақ елі 70 жылдан астам құрамында болған қызыл империя кезінде қаншама асылдары құрбан болмады? Талай ерлер мен батырлар елдің болашағы мен бостандығы жолында жандарын қиды. Олардың бірқатары әлі күнге дейін ақталмай, тарихтың ақтаңдағы күйінде келе жатқандығы өкінішті. Солардың бірі батыр болса да «банды» деген жаманатқа қалған Аманғали Кенжеақметұлы болатын. Бұл кісінің «бандылығы» мен батырлығы неде еді?

Аманғали Кенжеақметұлы Бөкей ордасыТума ауылында 1888 жылы дүниеге келіпті. Ол он баланың тұңғышы болды. Шыққан тегі Алшынның Байлы тайпасына жататын Беріш еді. Ол жастайынан батыл да өжет болып өскен, кіші жүздің белгілі палуаны, серісі, ақыны болып атағы жайылған жігіт болатын.

1916 жылғы ресейлік патша жарлығы бойынша Аманғали тылдағы жұмысқа алынып, туған елге 1917 жылы болған буржуазиялық ақпан төңкерісінен кейін ғана оралады.

Шетте жүріп көзі ашылып келген ол алғашында 1918-19 жылдары Нарын өлкесінде милиция болып, «қызыл өкіметті» орнатуға белсене қатысады. Кейінірек елді шарпыған Азамат соғысына араласып, 1921-22 жылдары Шолантау маңындағы Нарын құмында «ақтарға» қарсы соғысады.

Алайда ол, жеңіске жеткен бәлшебектер билігінің шынайы бейнесін тани бастайды, оның қазақ халқы үшін патша билігінен ешбір айырмасы жоқтығын, жарқын өмір сыйлайтынына күмән келтіре бастайды. Осы күмәннің кесірінен ағайын-туыспен де кикілжіңге барады. Жергілікті бәлшебек белсенділер Аманғалиды жазалау үшін 1924 жылы Бөкей губерниясынан Шкоковтың қаруды жасағын шақыртады. Бірақ Шкоков жасағы Аманғали батырды ұстамақ түгілі төрт жасағымен өзі қолға түседі. Жанын шүберекке түйген Шкоков Аманғалимен қаруды тапсырып,  өзін жіберсе, қудалаудың осымен бітетінін айтып бітім сұрайды. Аманғали қазақтың сертіне берік қасиетін бойына сіңіріп өскен азамат ретінде Шкоковтың шартын қабыл етіп, оны босатып, жайбарақат туған ауылына оралады. Бірақ олар өзара сертесіп, келіскенімен, кеңес органдары оны еркіне жібермейді, әсіресе жағымпаздық бойларына сіңген қазақ белсенділері Аманғалидың соңына түсулерін бір сәтке қоймайды. Өзінің туыс-туғанының қамын ойлап, кесірі тимеуін тілеген ол, 1925 жылы Жайық өзенінің Бұқара жағына өтеді де, Адай уезінің басшысы Тобанияз Әлниязұлына қосылып, соны сағалайды. Бірақ із кесуден танбаған кеңестік чекистер бұнда да келіп, Тобанияздың араша түскеніне қарамай, Аманғалиды ұстап Орал түрмесіне айдайды. Түрмеге салған бойдан, сотта қараған болып, жалған айып тағылған Аманғалиды ату жазасына кеседі.

Басына осындай іс түскен Аманғали, дала бөрісінің тағдырын кешкенін түсініп, 1926 жылғы мамыр айында үш адамды ерткен ол түрмеден қашып кетеді.

Бостандыққа шыға салысымен, ол өзіне өзі серт беріп, қызыл өкіметтен кек алуды ойластырады. Сөйтіп ол өзінің тарапынан компартия мен кеңес билігіне қарсылығын жария етеді. Батыр Аманғалидың төңірегіне өзі секілді кеңестерден теперіш көрген жігіттер топтала бастайды. Аз уақытта оның шағын тобы үлкен жасаққа айналады. Сөйтіп ол қызылдардың шолақ белсендісінен зорлық-зомбылық көрген туған еліне пана болуға кіріседі. Кәмпескеге ұшырағандардың малын қайтарып, қызыл шенділерді жазалай бастайды.

Аманғали қай ауылға барса да, оның жасағына мықты жігіттерін қосып, сый-құрмет көрсетумен болады. Ослайша қызылдардың ауызымен «банды», қазақтардың ауызымен «батыр» атанған Аманғали істің мәні аса зор әрі жауапты екенін ұғып, ол жалпы қазаққа танымал мықтылармен байланысуға шығады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Большевиктерден жеңілмеген Құныскерей батыр

«Банды» Ерғали

Ысықтан шыққан Құныскерей, Ерғали Аязбайұлы, адай батыры Құрмаш Қосжанұлымен кездесіп, Сарыарқадағы Иманжүсіп, Мәди, Қанапиялармен жолығуды жоспарлайды.Бірақ әр батыр өзінше мықты болып, ортақ мақсатқа біріге алмай, өз жолымен кетеді. Бұнысы бүгінгі оппозияциялық топтарға ұқсайды. Осылайша Аманғали күресін жалғыз жалғастырады. Бір атыс-шабыста оның ұлы Нағымжан, жары Мұқсина мен басқа да серіктері қолға түсіп, бірқатары оққа ұшып, ол тұйыққа тіреледі. Ақыры ол 1928 жылдың 11 қаңтарында немере інісі Тайырмен екеуі қуғыншылар қолынан қаза тапты. Екеуінің сүйегі қазырғы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қарағайлы деген жерге жерленеді.

Кеңес белсенділері енді барлық зомбылықты оның туыс-туғанына қарай бағыттайды. Аманғалидың жары Мұқсина мен үш інісі жазықсыз сотталады. Екі інісі атылады, бір інісі қашып отырып, Фин жеріне өтіп кетеді. Оның ұрпақтары әлі сол елде тұрып жатыр...

Фотосуреттер ашық дереккөздерінен алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 10.12.2024

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

НОВОСТИ | 10.12.2024

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

НОВОСТИ | 10.12.2024

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана