Общество

Шымқала Мәскеуден 1200 жыл бұрын салынған

Серік Ерғали

20.01.2022

Қазақтың Шымкент қаласы Парижбен құрдас. Бұл қала әзірге Қазақстандағы ең ежелгі қала болып табылады. Сонымен Шымкент қашан, қалай пайда болды?

Бұл қаланың пайда болуы ежелгі дах тайпаларының Арал маңынан ығысу тарихымен тығыз байланысты. Бұдан бұрын 3000-2000 жылдар арасында кәзіргі Шымкенттің маңында шағын ғана қоныс пайда болады. Тарих ғылымдарының докторы Рустам Сулеймановтың айтуынша, 3000 жыл бұрын геологиялық құбылыстың әсерінен Қызылқұм аумағы өзгеріп, Сырдарияның аңғары да өзгеріске ұшырайды.

Сол маңдағы дахтар аталған далалық тайпалардың одағы өз жерлерін тастап шығуларына мәжбүр болыпты. Сөйтіп, олар екіге бөлініп, бір бөлігі оңтұсқа қарай, Бадам өзені бойына келеді, енді бір бөлігі Еуропаға дейін шұбырып, ақыры бүгінгі Ұрумын жерінде аса қуатты Дах мемлекетін құрады. Бұлармен Рим империясы ұзақ уақыт бойы соғысуға мәжбүр болды.

Ал дахтардың көп бөлігі Сырдарияның орта тұсында қоныстанып қалады. Осы дахтар құнарлы жерде қалып, бүгінгі Шымкенттің орнында алғашқы отырықтанған далалықтардың қаласының іргетасын қалайды. Және бұл тарихи дерек қазақстандық археолог Р. Сулеймановтың тұжырымын дәлелдейтін қазба жұмыстарында айғақталды. Бадан өзенінің оң жағалауындағы Фосфор зауытының маңынан өте ежелгі артефактар табылды.

Бұл жерден көптеген қыш бұйымдарының сынықтары, алтын үлбірдің үзіктері, тастан жасалған мөр, қоңыраулар, бірнеше мәнет ақша, қола салпыншақтар, және сақтардың ақинақ қылышы ғасырлар бойы 3000-2000 жылдар бұрынғы уақыт арасына жататын мұралар көзден таса көмулі жатқан. Бұлар 8 үйіктің (курган) төртеуінен ғана табылғаны, ал қалғандары әлі қазылған жоқ.

2019 жылы қараша айында ЮНЕСКО-ның кезекті сессиясында салтанатты түрде 2200 жыл бұрын іргесі қаланған ежелгі қала ретінде жарияланды. Осылайша Шымкент қаласы Кіндік азиядағы ең ежелгі қала болып танылды.

Сонымен сақтардың дах тайпасы тау бөктеріндегі жазықта Бадан мен Сайрам өзендерінің арасында шағын кент салған еді. Белгілі академиктер Карл Байпақов пен Бауыржан Байтанаев бұл қаланың бастапқы атауы Құрлұғ деп ұйғарды. Бұл қаладағы алғашқы құрылыстардың негізгі материалдары шым мен сазды араластырып илеуден алынған саман кірпіштен қаланғаны мәлім болып отыр. Осылайша қала өсе келе шымнан салынғандықтан «Шымкент» атауына ие болған. Бұл қала тез арада өсіп, жау алмастай қамалмен қоршалған. Қаланың бұлайша тез бой көтеруіне кейінірек тарихта «Ұлы жібек жолы» аталып кеткен ежелгі керуен жолында орналасуы да әсер етпей қоймады. 

Археолог Мейрам Сейтқалиевтің пайымына қарағанда, осы қалаға Ебропаға барғысы келмеген сарматтардың бір бөлігі қоныстаныпты. 

Б.д. І ғасырында Шымкент әйгілі Қаңлы мемлекетіне қараған көрінеді. Қаңлылардың астанасы болмаса да Шымкент аумағында ең ірі базар орналасқандықтан, ол Қаңлы мемлекетінің сауда-қолөнер орталығы саналған. Бұны бүгінгі қаланың Әл-Фараби көшесінде жүргізілген қазба жұмысы кезінде табылған б.д. 1-5 ғасырына тән заттар айғақтап отыр.

Дәуіріміздің ғасырының ортасында алпауыт Қаңлы мемлекеті ақ ғұндар аталатын эфталиттер мемлекетіне қарағаны мәлім. Сол кезеңдегі Шымкент эфталиттер қағанатының бір бөлігі болғандықтан, өзінің тарихи сауда-қолөнер орталығы мәртебесін жоғалтқан емес, керісінше ақ ғұндар дәуірінде оның маңызы арта түсті. Бұл кезде Шымкент эфталиттер қағанатының ұлыс орталығы болып, мыс ақша шығарады. Бұл кездегі аршылған үйіктердің қазбалары ортағасырлық мазарларға ұқсайды. Бұл үйіктер жерасты жолымен өзара байланысқаны белгілі болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл ежелгі әулеттік жерасты қорымы болған. Бұл жерасты қорымдарында жерленген адамдардың бас сүйегі желкесінен арнайы технологиямен шығыңқы етіп өсірілген. Бұнымен ертедегі ақсүйектер өздерін ерекшелеуге тырысқаны байқалады.

Бұдан басқа байқалғаны – Шымкент эфталиттер дәуірінде діни-рухани орталық болғандығы да мәлім болып отыр. Қазба кезінде римдіктерге тиесілі теңіз атшасы мен сегізаяқ бейнеленген алтын табақша табылды. Мамандар бұл күндидарлы табақшаны күнге табынатын ғұндардың рухани нәрсесі деп бағалады. Ал Рим империясындағы бірнеше император тұсында да күн ең жоғарғы құдай ретінде мойындалғаны расталуда.

6-ғасырға қарай түркілер қағанаты дәуірінде Шымкент түркілер қаласына айналды да,содан бері еліміздің оңтұсындағы «Шымқала» тек қана түркілік есімдермен байланысқан қала болып қалды.

Фото ашық деректерден алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 06.12.2024

Франция готова поддержать Казахстан в строительстве АЭС

НОВОСТИ | 06.12.2024

Стамбульский план борьбы с коррупцией обсудили в Астане

НОВОСТИ | 06.12.2024

Шавкат Мирзиёев встретился с главой МАГАТЭ

НОВОСТИ | 06.12.2024

Франция поможет Казахстану сохранить озеро Балхаш

НОВОСТИ | 06.12.2024

Японский опыт применят для сейсмозащиты Алматы

НОВОСТИ | 06.12.2024

Бежавший из Таджикистана преступник найден в Астане