Культура

Наурыздың қазақы атаулары мен табиғи нышандары

Серік Ерғали

24.03.2022

Наурыз мейрамының қазақы ауызекі атаулары бірнешеу. Уызмереке. Этнограф Болат Бопайұлының келтіруіне қарағанда, Наурыз мейрамының қазақы бір атауы - «Уыз-мереке» болған. Бұл мейрамның төлдейтін маусымға сәйкестігін ғана емес, ең әуелі Уақыттың жаңаруын білдіретін уызға қатысты ежелгі танымды қостап тұрған тағы бір айғақ дегіміз келеді.

Бәлкім, «наурыз» сөзі ертеректе «наруыз» аталуы да мүмкін: нар – күн. Уыз-мереке атауына қатысты Болат Бопайұлының мына бір халық өлеңін келтіруі тегін емес: 

Уыз айы туғанда, көкте ай толғанда,

Қозы, лақтар маңырап, қой мен қозы жамырап,

Рахаттанып қаласың, уызға қарын тойғанда.

Уыз айы болғанда, ай қараңғы солғанда,

Ақ көбейіп бұл маңда, қыраңдап бір қаларсың,

Уыз айда уыз бай, уызға келер қонақ сай.

Уыз ішіп қыдырып, қонақ болып жүрдім жай,

Уыз айым керемет, қадірін мұның кім білед?

Уыз айда сары уыз ас орнына сол жүред.

Уыз айы келгенде қадірін оның білгенде,

Бәйбішелер қуанып сылқ-сылқ күлгенде

Уыз айы таңдайда балдай болып қалғанда

Келер жылы уыз ай қашан, шіркін, келер деп,

Сарыла бір тосқанда.

Қозы, лақ жамырап, өрістен мал қосқанда,

Сары уыздай сарғайып қиял кезіп босқанда

Сағындырып уыз ай күткізеді санаңда

Уыз ай деп қазағым мал азабын ұмытқанда

Қайда қалар азабың мал уызын жұтқанда.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Түркілер Наурызды қалай тойлаған

Наурызды мейрамдаудың үш санаты

Амал. Көрісу. Мүшелдік жыл басы

Наурыз мерекесі қайда, қайдан шыққан?

Ұлы іс. Қазақ халқы Наурыз мерекесін «ұлы іс» атаған; «ұлы істің ұлы күні» тіркесі осыған айғақ. Мұндағы «ұлы іс» тіркесі кейін бірігіп «ұлыс» сөзіне айналып кеткен. «Наурыз» бен «Ұлыстың ұлы күні – Ұлыс күн» аталымдары бір бірімен синоним ретінде қолданылған. 

Белглі мифолог Серікбол Қондыбай «Ұлыстың ұлы күні» тіркесі аса ежелгі «өлгендер күні» (әруақтар) аталған рәсіммен байланыста қарау қажеттігін ұсынады. Сол күн «елес», латышша vele аталған ежелгі ортақ ұғым екенін алға тартады.

Ш.Құдайбердіұлы мен М.Көпейұлының жазуынша, наурыз мейрамы бұрынырақта «Ұлыс» аталған. Шәкәрімұлы Ақат та өз естелігінде де «Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлыс», - дейді.

Осы «ұлыстарға» ден қойсақ, «ұлыс» сөзі бұрынырақта «ұлы іс» ретінде айтылып, сөз тіркесі қосыла келе «ұлыс» сөзіне айналып кеткен. Өйткені, «ұлыс» ұғымының бір халықтың не мемлекеттің мерекесі еместігі мәлім. Бұған А.Сейдімбектің «жастар ауылдағы ноқта көрмеген ең асау тайыншаны ұстап, ең ескі ашамайды салып, ашамай үстіне ең ескі киім-кешек пен құрым киізден жасалған қуыршақ орнатып, тайыншаның құйрығына ескі шелек байлайды да: «Ұлыс таңы атып қалды, бар елге хабар бер!» деп, шабына шыбық жүгіртіп, сауырға бір салып қоя береді» деген баянындағы «ұлыс таң» тіркесі «Ұлы Іс таңы» екендігі өзінен өзі сұранып тұр. Егер де бұл айғақтар мен қисындарды ескеріп, ежелгі Наурыз мерекесінің мәнін қалпына келтірсек, оның бір атауы ғарыштық ауқымдағы «Ұлы іс» болып шығады.

Наурыздың келуі қазақ фольклорында негізінен көктемнің келумен шендестіріледі. Бұл тегін емес.

НАУРЫЗЕК. Жанды нышанның бірі – Жыл құсы, оның аты - Наурызек/Наурызкөк. Бұл құс наурыз келісімен ерекше сайрайтын торғайдың бір түрі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен, - дегенде Абай Көктем шыға жылдың келгенін хабарлайтын наурызек құты айтқаны деп ұғамыз.

БАЛПАҚ ТЫШҚАН да наурыздық нышанға жатады. Белгілі фольклортанушы Берік Жүсіп фейсбуктегі өз блогында «Бәріңізге белгілі, жыл басы – тышқан. Ежелден халық арасында: «Тышқан қалай жыл басы болды?» дейтін ертегілер тараған... Алдымен еркегі, сосын ұрғашысы, соңынан барып балпанақтары тұрады. Сөйтіп, інінің іші мен аузын бір тазалап қояды. Содан соң бір-бірімен кісі сияқты кәдімгідей көріседі (Бұған таң қалмаңыз. Суыр деген аңның түрі бар. Олардың «Суырдың қыз ұзатуы» деген рәсімі болатынын аңшылар жақсы біледі). Мұнысы жыл басында айналасын тазартып, кір-қоңын жуып, киімін жаңалап киетін далалықтардың тіршілігіне қатты ұқсайды. Осы мақұлықтың жылдағы әдетінен бір танбайтынын білетін және үнемі бақылап жүретін біздің жақтың әулие шалдары осы күнді «Жыл басы» дейтін.» - деп жазды. Осы бір жарқын мәлімет Табиғат оянысының әдемі үлгісін алдымызға тосып отыр. Осыған қарап, Наурыздың тағы бір нышаны – балпақ тышқан екенін ескеруге мәжбүрміз.

БӘЙШЕШЕК. Жансыз нышанның бірі - Наурызгүл, оны халық Бәйшешек атайды. Бәйшешектің құдыреті сонда, ол қардың еруін күтпей, қарды тесіп көктей бастайды. Бұл гүлді жапондардың сакурасындай әспеттеп, дәріптеуге лайық!



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

Цифровой коридор построят Азербайджан, Грузия и Казахстан

НОВОСТИ | 21.11.2024

Инфляция ускорилась до 8,5% — Нацбанк РК

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте