Культура

Дала дракондары мен оның құлдары және айдаһар

Серік Ерғали

21.02.2022

Бүгінде айдахар/дракон бейнесі қытай халқының құндылығына айналып кеткені рас. Алайда, белгілі журналист, номадтанушы Арман Нұрмұханбетов өзінің ютуб арнасындағы видеожарияламында «дракон» бейнесін «қытайлар иемденіп алды болмаса ұрлап алды» дегендей уәж келтіреді.

Канадада тұратын қытайтекті Тенгудің дәйегіне қарағанда, дракон культіне қатысты Қытайда 3 дәуірге жататын 3 түрлі драконның сорабы табылған. Б.д.д. 8 мың жыл бұрынғы, 7 мың жыл бұрынғы және 6 мың жыл бұрынғы болып келеді де, бұлардың бәрі де, қытай қамалына кірмейтін Ішкі Маңғолиядағы ежелгі көшегендердің жерінен табылған. Басқаша айтқанда, дракон тарихы Қытай жерінен табылмай отыр.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

«Сокровища великой степи». Серия 2. Номады - истинные сыны Дракона

Даосизмде сиқыршылар үш түрлі, соның ішінде барысбасты, бұқабасты драконды пайдаланған. Сонда қытай ұғымындағы драконсипатты көлік-арба аспанға апарып, одан жер астына түсетін болған.Осыған мысал ретінде Үнділік Гуанин құдайана драконның үстінде тұрады.

Бұл барлық оңтүстік Азия халықтарына тән келеді. Қытайларда, алайда, дракон мәртебесі қазырғыдай емес, мейлінше төмен болған. Патшалық дракон бейнесі қытайларда маңғол дәуіріне дейін болған емес көрінеді. Драконның патшалық бейнесі мен мәртебесі қытайларда тек қана Құбылай дәуірінен басталған. Құбылай бұқара қытайларға дракон бейнелі матаны сатуға тыйым салған.

Ал парсының тарихи мына кітабында маңғол ордасы бейнелген, тақта да,киімдерде де, вазаларда да жағалай дракондар суреті салынған.

Алтайлық ежелгі таным мен нанымдарда дракон күш пен биліктің нышаны, әсіресе, Тәңірдің белгісі болғаны мәлім.

Осылардың бәрін келтіре отырып, қытайдың оппозициялық гуманитарлық білімін насихаттаушы канадалық қытайтекті Тенгу билеуші көшпелі халықтар мен құл қытайлардың тең болуы мүмкін бе? деген сауал қоя отырып, қытайлардың дракон ұрпағы деген жай сөз дейді. Ол: «Егер сен өзіңді дракон ұрпағы десең, нақтыла, қай драконның ұрпағысың? Егер сен Даосизм мен Буддизм кезіндегі драконға тиесілі болсаң, онда сен – жай ғана көліксің. Ал егер сен императорлық нышан болып табылатын драконның ұрпағы болсаң – онда сен драконның ұлы емессің, драконның құлысың» - дейді қытайларға.

Ал енді Евразияның апайтөс даласына тән көшпелі халықтардың тотемі мен рухы дракон болғандығын білдіретін әрі айғақтайтын дүниелер жетерлік. Ол артефактыларда да, дәстүрде де, тілде де, тарихи хроникаларда да жетіп артылады. Арман Нұрмұханбетовтің пікіріне қарағанда, дракон қытайлар үшін ешқандай да рух не тотем емес, бар болғаны мифологиялық көлік қана.

Драконға қатысты танымды біршама қаузаған қазақ мифологы Серікбол Қондыбай да қалам тартқаны белгілі және ол драконның түркілік танымға тікелей қатысы барын дәлелдейді [«Арғықазақ мифологиясы»,373-б]: «Айдаһар – үндіеуропалықтардың емес, дей-түркілердің тотемі; айдаһар-жылан бейнесінің скиф мифтік шежіресінде актуалды болуын да, парфиялық (Аршак) әулетінің негізін қалаған дах (дай) тайпаларындағы жылан культінің болуын да біз дей-түркілік ортамен байланыстырамыз; егер аталған жұрттардың тарихи дәуірде «иран тілді» болып есептелуімен келіскеннің өзінде де, осы аталған жұрттардың билеуші әулетін құраған рулардың (тайпалардың) о баста дей-түркі тілінде сөйлеп, тек жаңа территорияда, бөгде жұрттарды бағындырып, мемлекет құру барысында «иранданып» кеткендігін де жоққа шығара алмаймыз».

Өз жанымыздан бұл тақырыпқа лингвистикалық жағынан пікір қосуды жөн көрдік. Дракон/драгон түрінде қолданылып жүрген бұл сөз шын мәнінде прототүркілік сөз тіркесінен шығып тұр: драдұра/тұра: ұзын, созыңқы деген мағынаны білдіреді және ол қазақ тіліндегі ұзын-тұра қос сөзінің екінші бөлігінде кездеседі; ал енді кон, гон сөздері кәдімгі күн ұғымын білдірген ежелгі нұсқа ғана.

Сайып келгенде, дракон бейнесі отшашқан шұбатылған Күн тәңірдің бейнесі болып табылады. Ал, күн Тәңірдің ұлы саналған және оның жер бетіндегі астарласы – қағандар, ел билеушілер болғаны мәлім. Сол себепті, «тұра Күннің» бейнесімен тақты да, шенділерді де, орданы да бейнелеген.

Орта ғасыр дәуірінде қазақ ұғымындағы драконның бейнесі айдаһар болмаса аждаһа ұғымымен байланысты болды. Бұның негізгі астары ислам дәуірінде қалыптасып, көшпелі қалықтарды кемсітуден туындаған жағымсыз сипаты болғандығын айтқан жөн. Алайда, қазақ тілінде «айдаһар» сөзінің өзі парсыға да, арапқа да тән емес, нағыз түркілік танымнан туындаған әлгі дракон бейнесінің жалғасы болатын. Түркілер көбінесе бөрібасты драконды байрақ етсе, бертін келе ислам дінінің сыналап кіруіне байланысты, енді ислам сарбазына айналған түркілер бөрінің орнына айды тағып ту көтерді де, ол «айтағар» аталды деп есептейміз. Осыдан келіп «айдаһар» сөзі таралып кетті.

Қорасан атаның мына бір туына қарап отырып, сырықтың басындағы кобраның басына ұқсас добал тұсы, оның Зира Наурызбаева атаған жылан-рухтың бейнесін байқатады да, ал басына жайғасқан ай таңбалы нышан ежелгі шұбатылған айдаһардың орнында қалған із секілді.


Ай орнын бекітілген ауызы ырсыйған, желге үріліп, айдаһар тұрпатына енетін жорық байрағының бір егжейі (деталі) екені байқалады. Пайымдауымызша, арап-парсы идеологиясының басты нышанына ай белгісінің айналуының өзінде де түркілік таным мен таңбаның рөлі бар. Егер де адамзаттағы ту біткеннің туындысы түркілер болса, онда оны түрлендірушілер де солар болуы керек еді. Ендеше, тарихи жаңа идеологияға икемдеп, «драконын» сыпырып тастап, орнына ай қондыру арқылы оны «ай тағар» деу арқылы парсыланған «айдаһар» сөзі туындаған.

Фотосуреттер ашық дереккөздерінен алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 10.12.2024

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

НОВОСТИ | 10.12.2024

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

НОВОСТИ | 10.12.2024

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана