Культура

Нағашы мен айдаһар

Серік Ерғали

23.02.2022

Бұл үшін мынаның басын ашқан жөн: он екі жылдың киесі болып жүрген айуандар мен жәндіктер прототүркілік үш әлемге тиісті танымнан бастау алады. Үш әлемнің өкілдері белдікті үш түрлі тағады-мыс деген әпсана бар: жоғарғы әруақтар әлемі белдікті мойынға тағады, ортаңғы әлемнің өкілдері – адамдар белдеріне тағады, ал төменгі жорғалаушылар әлемінің өкілдері белдікті аяғына тағады-мыс. Жылан – төменгі әлемнің «өкілі», бұл «Ертөстіктегі» Жылан бапы бейнесі түрінде белгілі.

«Дала дракондары мен оның құлдары және айдаһар», мақаламызда айдаһарлардың ежелгі бейнелері мен аңыздары ата-бабамыздың құндылығы саналғанын, ол қасиетті рух пен қуатты, күшті білдіргенін келтіргенбіз. Алайда қазақ санасы сол рухани дүлей бейнеден қалай айырылды, неліктен ол қорқынышты, үрейлі кейіпке айналды?

Іздестіре келгенде, жылантекті айдаһарға қатысты қыруар қат-қабат рухани қазынаға жолықтық.  Төменде қарастыратын жайттар, айдаһарға қырын қарайтын арап-парсылық идеологияның, үнді-еуропалық саясат пен қайшы танымның салдарынан қалыптасқан қазақ санасына айдаһарға қарсы идеология қалай қалыптасты дегенге тоқталсақ. Қазақ санасына Бұл жайтты айдаһар турасында тәптіштеген [Серікбол Қондыбай,«Арғықазақ мифологиясы». Үшінші кітап – Алматы: Дайк-Пресс.2004. 488-б.], қазақтың ХХ ғасырдағы ғажайып мифологы Серікбол Қондыбай: ««Зұлымдық» мәселесі – араб-парсы санасының о бастан жыланға, жылан текті мифтік тұрпаттарға қарсы болуы, сондықтан парсылардың зороастризмі де, кейінгі исламы да жыланды жағымсыз сипатпен берді, парсының ертегілік фольклоры мен жазба әдебиетінде де жылан – зұлымдықтың символы болып қалыптасты да, парсы әдебиетінің, тілінің Орта Азия мен далалық көшпелілер дүниесінде ықпал етуі заманында, олардың да, оның ішінде қазақтардың да фольклорында жылан мен айдаһарға, «ол – абсолюттік зұлымдық символы» деген көзқарас қалыптасуына себепкер болды» дейді. Демек, дала идеологиясын «сындырған» арап-парсы санасына шақталған идеология болып шықты.

Серікбол «Ила» аталатын үнді (ведалық) мифологиясындағы «құрбандық құю мен дұға оқудың» әйел-тәңіриесін, «ас, сүт пен май түрінде берілетін садақаның тұлғалануын қарастырады. Осы жерде есімізге жыланның басына ақ құйып шығарып салатын қазақтың ырымдық ғұрпы еріксіз келеді және бұл рәсім әлгі аталған садақаның жүзеге асуы екені қыйсынды. Бұған қоса «ила» сөзі кәзіргі қазақтың «жылан» сөзінің басқы нұсқасы екені байқалып тұр: (ж)ыла=ыйла + ан.

С.Ақынжанов келтірген қыпшақ-половецтердегі шежірені шешеден тарататынын ескерсек, онда шежіренің атадан емес, нағашы әжеден басталатынын байқап, Серікболдың нағашы баба – нағашы әже – ана – ұрпақ тізбегін түзіп көрсетуі шынайы болады да, оның өзі атағандай «нағашы» ұғымының өзектілігі арта түседі. Серікболдың «нага» (наға) ұғымының үнді мифологиясындағы жылан тұрпатты, бірнеше басты жерасты патшалығының данышпан-абыздары екендігін келтіруі әрі «нағашының» наға+ажы (ажа, әже) тіркесінен туындау мүмкіндігін меңзеуі әрі ғажайып дәйек, әрі бұлтартпас ғылыми жаңалық. Әрине, бұл тезисті нықтай түсетін деректерді келтіре беруге болады. Соның бірі: үнділердегі қауға бас жыланның «кобра» аталуы мен әйел шашының босатылғандағы қазақша «қобырау» («қопырау») етістігімен берілуі.

Айдаһарлық тақырыптың түркілер тарихында алатын маңызды орнын белгілі мәдениеттанушы, философ Зира Наурызбаева «Изначальный ислам – тенгрианство в наследии жырау и национальная идея» [10] мақаласында мына жайттарды атап өтеді:

·«ту (жалау) ең алғаш рет түркі-моңғолдар арасында пайда болған;

·желбіреген ту матасы (не ат құйрығы) Рухтың тұрған жері болып саналады.

Одан ары «ту» сөзінің кәзір орыс-қазақ бірдей қолданып жүрген «дух» сөзімен де астарлас екені, ал оның алғашқы тұрпаты арнайы тігіліп жел кеулейтін, айдаһар тұрпатты байрақ болғандығын О.С. Советова мен А.Н. Мухарева [9] келтірген

суреттерден көз жеткіземіз.

Серікбол: «Айдаһар – үндіеуропалықтардың емес, дей-түркілердің тотемі; айдаһар-жылан бейнесінің скиф мифтік шежіресінде актуалдыболуын да, парфиялық (Аршак) әулетінің негізін қалаған дах (дай) тайпаларындағы жылан культінің болуын да біз дей-түркілік ортамен байланыстырамыз; егер аталған жұрттардың тарихи дәуірде «иран тілді» болып есептелуімен келіскеннің өзінде де, осы аталған жұрттардың билеуші әулетін құраған рулардың (тайпалардың) о баста дей-түркі тілінде сөйлеп, тек жаңа территорияда, бөгде жұрттарды бағындырып, мемлекет құру барысында «иранданып» кеткендігін де жоққа шығара алмаймыз» деп сенімді түрде мәлімдесе, айдаһар турасында одан да басқа түркілік дәйектер мен дәлелдер жетіп артылады.

Жалпы қазақ танымындағы айдаһар ауызымен от шашатын, әуеде ұшатын, жерде жүретін әрі суда жүзетін әмбебап мифтік айуанның бейнесі. Бәлкім, дүниедегі төрт дүлейдің (стихия) оттың, судың, ауаның әрі топырақтың жыйнақы тотемдік бейнесі болуы керек.

Фотосуреттер ашық дереккөздерінен алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 03.10.2024

Геннадий Головкин встретился с президентом МОК

НОВОСТИ | 03.10.2024

Месторождение Кашаган закрывают на ремонт

НОВОСТИ | 03.10.2024

Масштабные преобразования: Токаев назвал приоритеты госполитики

НОВОСТИ | 03.10.2024

О наркоситуации в Казахстане высказался генпрокурор

НОВОСТИ | 03.10.2024

Туркменистан изучает опыт Японии по внедрению института УЭО

НОВОСТИ | 03.10.2024

Авиакомпания Узбекистана будет избегать полетов над Ираком и Ираном