Общество

Пушкиннің қазақ ұстазы кім?

Серік Ерғали

29.07.2022

Кәзіргі орыс әдеби тілінің негізін қалаушы ретінде танылған Александр Пушкиннің ұстазы бар. Көз алдыңызда Репиннің суретінде бейнеленгендей 16 жасар А.Пушкин патшалық ауыл мектебінде ұстазы Гавриил Державинге емтихан тапсырып тұр. Ағылшын тілді энциклопедияда Гавриил Державин Пушкин дәуіріне дейінгі орыс әдебиетінің ең көрнекті өкілі болып есептеледі. Бұған қоса білгеніміз: ол Пушкиннің ұстазы болған. Державиннің француз тілі туралы айтқаны бар: «француз тілі – үйлесім тілі, орыс тілі - жанжалдың тілі».

Енді осы Державиннің Ресейде ашық айтуды ұнатпайтын және жасырын ғұмыры туралы айтпақпыз. 1405 жылы Сырдарияның жағасында Есікұлы Хасанның жанұясында Ұлық Мұхамбет есімді ұл дүниеге келеді. Барлық Шыңғысхан тұқымына тән, бұның да ғұмыры мен тағдыры төрелердің өзара жанжалының аясында өтеді. Ұлық Мұхамбет бірнеше рет Алтын орда ханы болып, тақтан бірнеше рет айырылды. 1428 жылы алтын тақты кезекті рет қолға түсіргенде, Мәскеу кінәзі Қараторы Василий мен Звенигородтық Юрий арасындағы дауға төрелік айтуға тура келеді. Егер де орыс тарихшыларының «романтикалық» кебегін ұшырып қарайтын болсақ, онда Алтын орда ханының Мәскеу мен Звениград беклер бектерінің арасындағы тақталас нәтижесі Мәскеу ұлысының ханы болып тағайындалған Қараторы Василийдің жеңісімен бітеді.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Қазақ пен өзбек бір туған

2500 жыл бұрын үйсіндер өздерін «қазақ» атаған

Осылайша жылдар өтіп жатты. Мәскеу салықты бұлжытпастан төлеп тұрды. Бірақ та бағыныштылар түркіні қалай өлтіргенін көріп талай сұмдыққа куә болатын. 1436 жылы Ұлық Мұхамбеттің тағын Кішік Мұхамбет тартып алады. Тақтан айырылған Ұлық Мұхамбет қыпшақтектілерден құрылған әскерімен сарайдан кетеді.

Тоқтаған жері Қазақстанның солтұсы болатын. Сосын Қырымға 1437 жылы барып сонда хан болады. Ол жерден тағы да ығысады, сосын Еділдің сол жағалуына жетіп, Іске бекінісін алып, сол маңда Қазан хандығының негізін қалайды. Өз мемлекетін құрған Ұлық Мұхамбет түркі жерін теруге көшеді. Осылайша, ешбір әсірелемей-ақ айтқанда, Орданың, Қырымның, Астархан мен Қазан түркілерінің өзара соғысы өршіді. Олар бірін бірі аяусыз қырып жатқанда Мәскеу өңірінің орыстары кімге алым беріп, кімге бағынатынын білмей, бұған сұмдықпен қарайтын. 

Василий ең әуелі Кішік Мұхамбетке бағынуды ойлайды, бұл әрине Ұлық Мұхамбетке ұнамайды. Ұлық Мұхамбет Василийді өзіне қаратып, салық төлету үшін, 1439 жылдан бастап, Нижний Новгородты, Рязанды басып алады. 1445 жылы 7 шілдеде Ұлық Мұхамбет Суздал түбінде осылайша Қараторы Василидің тізесін бүктіріп, өзіне вассал етеді. Осы оқиғаны бейнелеген Орловтың суреті болатын.

Бұл жолғы жорықтың сәтті болғаны сондай, мәскеулік беклер бегі Қараторы Василий түркілер ұлысына кіруді ұсынып, тіпті Мәскеу маңына түркі әскерін жайғастыруды сұрайды. Міне осы кезде тарихтағы әйгілі Қасым хандығы пайда болған еді. Славян вассалын қорғау әрі бақылау үшін Мәскеу маңына жүздеген мың түркілер қолы жанұяларымен бірге қоныстанады.

Міне осы кезеңде Мәскеу ұлысында Ибрагим мырза Нарбек әулеті пайда болды. Осы кезде тарихтың басы мен аяғы төңкеріліп, боданның мырза, мырзаның бодан болатын ахуалы басталған еді...

Нарбек мырза Мәскеу ұлысына орналасып, қызметке орыс холоптарын салып, ақсүйекке тән ғұмырын бастайды. Осылайша күш пен билікке толы оның бейнесі орыстар арасында Держава деген атқа ие болады. Осылай, оның немере-шөберелері лақапатқа еттері үйреніп, бертін келе оны тегі етіп алады. Бірнеше ұрпақтан кейін әулетте бір ұл туып, ол Пушкин дәуіріне дейінгі ең абыройлы да құрметті орыс әдебиетінің ұлы өкілі болып шыға келеді.

Ол негізінде Гавриил Державин емес, Жабрайыл Нарбек аталуы тиіс еді...

Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынған


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

ГЕОПОЛИТИКА | 21.11.2024

Санкционные противоречия и Казахстан