Общество

Елде бизнес ашуға кедергі көп пе?

Гүлжан Абайқызы

24.08.2022

Көлеңкелі экономикамен күрескіш құқық қорғау органдары кейде шаш ал десе, бас алатын әрекетке барып жататыны жасырын емес. Елімізде қылмыстық қуадалауға ұшыраған кәсіпкерлер саны жетіп артылады. Мысалы, 2021 жылы экономикалық қылмыстар бойынша 1707 қылмыстық іс қозғалған. Осы қозғалған қылмыстық істің 444-і ақталған. Яғни қылмыстық іс негізсіз қозғалған Тіпті осылай бола тұра 444 кәсіпкердің 100-ден астамы 6 ай бойы заңсыз тергелген, қудалауға ұшыраған.

Ал ілдәлап кәсіп ашып, әупірімдеп жүргізген ісі заңсыздыққа ұрынғандардың кейбірі бизнесін бастамай жатып жабуға мәжбүр. Тіпті елдегі экономиканың күретамырына айналған ірі кәсіпорындар да кейде белден басқан заңсыз әрекеттің құрбаны боп жатады. «Бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекеттің мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс. Елде ешқандай да қолдаушы, тірек пен рейдерлік болмауы керек. Керісінше, кәсіпкерлер билікпен бірге экономиканың жаңа моделін құруға атсалысуы тиіс» дегенді айтқан еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Алайда елімізде кәсіпкерлерге қысым көрсету деректері әлі де тыйылмай тұр. Тіпті өміріне қауіп төндірген қайғылы жағдайлар да аз емес. Сондықтан да Президент ашығын айтты, бизнеспен жұмыс істеу кезінде ескі тәсілдерге жол берілмеуі керек.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Қымбатшылыққа кім тосқауыл бола алады?

Кен мен көңілге бай қазақ, неге кедей елдің кебін киіп жүр?

Ел елеңдеп күтіп жүрген жеңілдетілген автонесие шынымен халыққа тиімді ме

Елтай Солтанмұрат есімді елорда тұрғыны кәсіп бастағалы Үкіметтен көмек қолдау көрмедім дейді. Құжаттарын реттеп, тапсырып ең болмаса, жеңілдетілген несие алайын деп қанша жыл ниеттенсе де ылғи бір кедергі шығады тұрады. Оның айтуынша, бүгінге кәсіпкерлер мен билік арасы алшақтап кеткен. «Біздің үніміз билікке жетпейді. Мен мемлекеттен көмек сұрап хат жаздым, 6 пайыз несие алғым келді, бірақ ала алмадым. Кәсіпті кеңейту үшін қаражат керек еді. Алайда қазір шүкір өз еңбегімізбен кеңейіп жатырмыз. Мен пластикалық есік терезеге тапсырыс аламын. Түркия, Қытайдан жақсы станоктар алдырып жұмыс істеп отырмыз» деді кәсіпкер. Осылай деген кәсіпкер қиындықтардың әлі де болса бар екенін айтады. Мысалы, басты қиындық жер мәселесі. Жерді жалға алғанымен, тұрақсыз. Мемлекет осы жер жағынан қолдау көрсетсе деген өтінішін де айтып қалды. 

Осы орайда «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровтің пікіріне жүгінсек. Оның айтуынша, жеке кәсіпті заң жүзінде ашу қиын емес, басты мәселе оны жүргізуде. Кәсіпкерлерді қолдау шараларына жергілікті әкімдіктердің немқұрайлы қарауы кейде істі кейінге тартатыны рас дейді. «Аймақтарда жиі болып, кәсіпкерлермен кездесеміз. Өтініш-шағымдар да аз болмайды. Сонда түсінгеніміз мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қарым-қатынаста билік тарапынан репрессивтік жазалаушы қатынасы басым. Мысалы, тексеру кезінде көптеген проблемалар туындайды. Бизнес қауымдастығы тарапынан сот жүйесіне сенім аз. Алайда біз мүмкіндігінше біраз істі қолға алып жасап жатырмыз. Дегенмен кәсіпкерлердің шағымдары бойынша проблема көп. Ең үлкен мәселе – құқық қорғау органдары тарапынан көрсетілетін қысым. Қылмыстық іс қозғайды, тәркілейді, тінту жасайды, шоттарын жабады. Бұл кәсіп жүргізіп отырған жан үшін экономикалық әрі психологиялық жағынан ауыр соққы», – деді «Атамекен» ҰКП-ның өкілі.

Иә, бұл бағытта Президенттің өзі Бас прокуратураға тапсырма берген еді, яғни құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиялынан туған қылмыстық істерді тоқтатуы тиіс. Мұндай күмәнді істерге бастамашы болғандарды жауапқа тарту керектігін де айтты. Мемлекеттің бизнеске қолайлы жағдай жасау саясатына нұқсан келтіретін күштік құрылымдар қызметкерлері басшыларының жауапкершілігін арттыруды да тапсырды.

Кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға қатысты қылмыстық немесе азаматтық кодеск бар. «Бүгінгі таңда кәсіпкерлердің құқығын қорғау кезінде байқағанымыз жемқорлық, біреудің бизнесін тартып алу фактілері өкінішке қарай көп кездеседі», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы адвокаттар алқасының мүшесі Шыңғыс Сейфолла. Заңгердің айтуынша, заңнаманы әлі де жетілдіру керек. Өйткені көптеген қарама-қайшылықтар бар, соның кесірінен осындай жағдайға тап болған кәсіпкерлердің құқын іс жүзінде қорғау қиын болып отыр.

«Рейдерлікке келетін болсақ, көбіне кәсіпкерлердің басты проблемасы осы. Өзі енді-енді бизенсін жолға қойып көтеріліп келе жатқанда. Оны кейбіреулер қоғамдағы жемқорлықты пайдаланып, белгілі бір топтарды пайдаланып кәсібін тартып алып жатады. Әсіресе прокуротураға осындай мәселемен шағым көп түседі», – дейді заңгер Шыңғыс Сейфолла.  

Осы тұста құқық қорғау органдарының қызметіне көңіл толмаушылық та бар. Одан бөлек, өңірлердегі атқарушы билік пен аумақтық құқық қорғау бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен бірігіп, бизнесті қолдау деген сылтаумен үнемі заңды белден басқан заңсыз әрекеттері әшкере боп жатқан жайттар да аз тіркеліп жатқан жоқ дегенді Мемлекет басшысы текке айтқан жоқ. Осы орайда  90 жылдардағы қара рейдірлік еске түседі. Алайда қазір заман басқа, енді қара рейдерліктен өтіп, бүгінгілер сұр рейдер сызбасын қолданады. Ол дегеніміз, білікті мамандар, заңгерлер, экономистер команда болып жұмыс жасап, заң аясында және оған қылмыс элементтерін қосып, кәсіпорынды тартып алу кең етек алған дейді заңгер. «Елімізде рейдерліктің сұр әдісі өршіген. Мәселен, кәсіпорынның акциясы көп үлестерін акционерлер жиналысына қатыстырмай, алаяқтардың әрекетімен тартып алып жатады. Рейдерлікті тоқтату үшін тәуелсіз әділ сот керек. Өйткені рейдерлер көбіне осы соттардың шешімдерін пайдаланып, кәсіпорынға кіріп, өз дегендеріне жетіп жатады. Сондықтан осыны тоқтатудың бір жолы Мемлекет басшысы айтқандай, сот жүйесіне күрделі реформа керек», – деп түйіндеді ойын.  

Әрине Президент Бас прокуратураға Жоғарғы Сотпен және Үкіметпен бірлесе отырып, заңнамаға нақты түзетулер топтамасын әзірлеуді тапсырды. Құқық қорғау органдары тарапынан жасалған әрбір рейдерлік әрекет немесе негізсіз қысым жасау дерегі Бас прокурордың жеке бақылауында болуға тиіс. Осындай істер соңына дейін жеткізілуі керек дегенді де қосқан еді. Әрине кәсіпкерлердің кеудесінде үміт шырағы жанды. Бірақ Президент пәрмен еткен талаптар шын мәнінде іске асқанда ғана көңіл сенері хақ. Өйткені еліміздің келешегі, күретамыры экономиканың төрт аяғын тең басуы іскер жандардың қолында. Ал өз құқы тапталған кәсіпкер мемлекет мүддесін қалай жоғары қоятынын пайымдай беріңіз. Сондықтан құқық қорғау органдары тарапынан жасалған әрбір рейдерлік әрекет немесе негізсіз қысым жасау дерегі тыйылмайынша, мықты экономика құру мүмкін бе? 

Фотосурет ашық дерекөздерден алынған


Гүлжан Абайқызы

Публикации автора

Қазақтың жаны — жайылым жері. Жер комиссиясы не шешіп жатыр?

Мемлекеттік басқару жүйесі. Үкіметтен министрлікке

МӘМС & Медицина

Елде бизнес ашуға кедергі көп пе?

Шетел асқан қаржылар. Экономистер не дейді?

Қымбатшылыққа кім тосқауыл бола алады?

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 10.12.2024

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

НОВОСТИ | 10.12.2024

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

НОВОСТИ | 10.12.2024

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана