Общество

Ел елеңдеп күтіп жүрген жеңілдетілген автонесие шынымен халыққа тиімді ме

Гүлжан Абайқызы

27.04.2022

Елімізде жеңіл автокөлік үшін алғашқы жарнасыз, 4 пайыздық несиемен жеңілдетілген несие беріледі дегелі 2 айдың жүзі болды. Жеңілдік десе, елең ететін халық енді қашан басталады деп тағатсыздана күтіп жүр. Алайда бұл жеңілдіктің талабы қандай? Отандық көлік қолымызға тие ме? Қандай көлік алуға болады? Бұл жеңілдікке қалай ілігуге болады, тіпті ол көліктер бәрімізге бірдей жете ме деп көңілді күпті еткен сан мың сауал туындап жатқаны да рас.

Айта кетейік, Қазақстан автокәсіпкерлік қауымдастығының мәліметінше, 2019 жылы 44 мың жеңіл автокөлік, 2020 жылы 64 мың көлік шығарылған, бұл жылғы әлемдік пандемияны ескерсек, соған қарамастан өсім болғанын аңғарамыз. Ал 2021 жылы 93 мың көлік шығарылған, оның ішінде 81 мыңы жеңіл көлік. 2022 жылдың 1 тоқсанда 19 мың жарым жеңіл автокөлік өндірілген. Сонда осы жылғы өсіммен санағанда отандық көліктердің саны биыл 110 мыңға дейін жетеді екен. Оның сыртында ресми диллермен әкелінетін көліктер бар. Сондықтан биыл сұранысты толығымен арттыруға мүмкіндік бар деуге болады. Ал тиімді несиелеу бағдарламасы барлық шығарылған 110 мың көліктің 10 мыңын, яғни 10 пайызын ғана алады. Қалғаны өз ретімен, яғни жеңілдіксіз сатылады – дейді мамандар.

Сонымен қарапайым халық жеңілдетілген несие алу үшін неден бастайды деген сауалға Қазақстан автокәсіпкерлік қауымдастығының Техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпілов былай деп жауап берді.          

«Ең алдымен мемлекетпен жүргізіліп жатқан нормативтік құжатты күтеміз. Бұл бірінші мәселе, екіншіден, тапсырыс қабылдауға болады деп ресми жарияланған кезде екінші деңгейлі банктерге барып өтінім бересіз. Екінші деңгейлі банктер осы жеңілдетілген автонесиенің ортақ шарттарын және әр банктің ішкі қосымша талаптарын түсіндіреді. Егер несие тарихыңыз таза болса, келісім аласыз. Жалпы жеңілдетілген несие бағдарламасы 2015 жылдан бері келе жатыр. Ол бағдарлама 15 млн-ға дейінгі көлікке 4 пайызбен 7 жылға дейін берілетін. Енді қазіргі таңдағы бағдарлама аздап өзгерді. Онда несие бір адамға 10 млн-ға дейін беріледі. Ал одан жоғары баға болса, 5 миллионды сатып алушы өзі қосып, 15 млн-нан асырмай алуға болады және бір адам екі жыл ішінде несиемен қайта-қайта көлік ала алмайды. 15 млн шекті меже».

Алайда бұл жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша бастапқыда алғашқы жарна салынбайды делінген болатын, кейін алғашқы жарнаны қайтадан қосу туралы шешім шықты. Оны да қауымдастық өкілі былай деп түсіндірді. «Егер сіздің ай сайынғы жалақыңыз 10 млн теңгеге дейін көлікті алуға мүмкіндік берсе, онда нөл пайызбен ала аласыз. Егер банк талабы бойынша ай сайын төлей алмайтын болсаңыз, жетпей тұрса, 10-20 процент алғашқы жарна төлеп алуға мүмкіндігіңіз бар» – дейді. 

Осы орайда Қазақстанда сапалы көлік табу мүмкін емес деген елдің пікірін алға тарттық. Алайда Ербол Сейпіловтың айтуынша, салондардан 10 млн-ға сапалы әрі ұялмай мінетін көлік алуға болады екен. Қазіргі таңда Корей көліктері тиімді. Бюджеттік сигментті көліктерді 6 млн-нан 10 млн теңгеге дейін алуға болады. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының осындай ерекшелігіне тоқталған маманнан білгеніміз, банкке берешегі жоқ, кредиттік тарихы таза ай сайынғы жалақысы тұрақты әр тұрғын 10 млн-ға дейін 4 пайыздық несиеге қол жеткізе алады екен.

«Мысалы, салонда 10 млн теңге тұратын машинаны 7 жылға алғашқы 10 пайыз жарнасын төлеп алсаңыз, айына орташа есеппен 123 мың теңгеден төлейсіз, 7 жылда 1 млн 300 мың теңгедей үстемақы болады. Бұл әлеуметтік бағдарлама, сондықтан оның мақсаты – халықты бюджеттік сигментті көлікпен қамтамасыз ету» – дейді директор.

Яғни бұл – көлік тапшылығын жоюға арналған бағдарлама емес, бұл әлеуметтік бағдарлама, қолжетімді проценттік ставкамен көлік алу дегенді баса айтты. Қалай болғанда да жеңіл пайызбен автонесиеден үмітті халықтың оның қаншалықты әділ әрі ашық болатынына да сенімді болғысы келеді. Мысалы, бүгінге дейін 15 мыңға жуық адам өтінім берген. Тұрғындар өз кезегін онлайн бақылай алса, ашықтық болар еді. Алайда өкінішке қарай, әзірше ондай функция жоқ болып тұр.

Дегенмен 4 пайыздық несиемен көлік сату мәселені шешпейді дегенді алға тартатындар бар. «Утиль алымына жол жоқ» қоғамдық қозғалысының мүшесі Алмасбек Сәдірбаев болса, Қазақстанда көлік қымбаттап жатқанын баса айтты. «Бұл жерде шикілік бар, 4 пайыздық несиемен жарылқаймыз дейді. Өйткені ол өз қаражатымыз. Соны өзімізге қарызға бермек. Утиль алыммен жиналған қаражатты несие етіп бермек. Бұл заңсыздық. 4 пайыздық көлік сату мәселені шешпейді. Шетелден арзан көлік кіргізуге атсалысу керек» – дейді қоғам белсендісі.

Ал сарапшылардың пікіріне сүйенсек, біз өзіміздегі отандық өнімді дамытпасақ, кейін импортқа тәуелді болып қалатынымыз анық. Шетелден тауар әкелудің де өз міндет-мақсаттары бар. Утил алмының өзі біріншіден, экологиялық өлшем, екіншіден көрші мемлекеттерде енгізілген утилизациялық алымға қарсы енгізілген шара болса керек. Олар утилалымды түбегейлі алып тастау мүмкін еместігін айтады.

Тағы да айта кетйік, жеңілдетілген несие бойынша автокөлікке бүгінде 100 млрд теңге бөлінеді. Әрине бұл қаржы кезең-кезеңге қарастырылған. Қалай болғанда да ел жаңа көлік аламыз деп сабылып жүр, бірақ шыны керек салонда машина жоқ, ал бұл мәселе қалай шешілетінін құзырлы органдардан сұрадық.

«Біріншіден, бюджеттік сигменттегі көліктер бар, оған қазір 50 мыңға квотаны көтерді. Одан кейін Корей мемлекеттік брендтері бар 35 мың әр брендке, қытайлық көліктерге де квотаны 25-30 мыңға жоғарлатты», - деп жауап берді Қазақстан автокәсіпкерлік қауымдастығының Техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпілов. 

Қалай болғанда да әбден көнеріп, тоз-тозы шыққан көліктен шаршаған халық жеңілдетілген пайыз арқылы су жаңа автокөлік мінсем деген арманының көзден бұл-бұл ұшпауын тілейді. Бұған нақты қай күні қол жеткізеді дегенді не екінші деңгейлі банктер, не осы іске жауаптылар тап басып айта алмады.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған


Гүлжан Абайқызы

Публикации автора

Қазақтың жаны — жайылым жері. Жер комиссиясы не шешіп жатыр?

Мемлекеттік басқару жүйесі. Үкіметтен министрлікке

МӘМС & Медицина

Елде бизнес ашуға кедергі көп пе?

Шетел асқан қаржылар. Экономистер не дейді?

Қымбатшылыққа кім тосқауыл бола алады?

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

Цифровой коридор построят Азербайджан, Грузия и Казахстан

НОВОСТИ | 21.11.2024

Инфляция ускорилась до 8,5% — Нацбанк РК

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте