Культура

Ташкент – Қазақ хандығының ордасы

Серік Ерғали

08.09.2022

Орта Азиядағы ең ірі қала Ташкенттің тұңғыш тұрғындары туралы мәлімет б.д.д. 2-1 ғасырда хатқа түсіпті. Бұл кездегі Ташкентті ежелгі қытай жазбалары Ши деп атайды. Бұл қытай сөзі тас дегенді білдіреді. Бұның өзі Ташкенттің алғашқы қаландыларының өзі тастан екенін байқатып, осынысымен мықты бекініс болғандығы білінеді. Бұл маңға түркілердің келуімен қатар, қала «Шаш» аталады. Бұл да ежелгі түркі ұғымында тас дегенді білдірген.

Ташкент мемлекеті болғандығы туралы сол уақыттағы жасалған мәнеттер хабардар етуде. Ол мемлекет «Шаш елі» немесе тарихта «Шачанат» аталады. Бұл турасында сасанит патшасы Шакура І жазбасында сақталыпты. Ол Ирандағы Зороастрдың тастағы жазуында б.д.д. 2062 жылы шекілген. Түркі қағанаты дәуірінде Шаш елі соның құрамында болады. Бірақ Ташкент түркі мемлекетінің бір де біріне елорда болмады. Тараз түркештердің ордасы болып, ал Суяб жалпы түркілік орда болғанмен, Ташкент қарапайым қолөнершілер мекендеген қалалардың бірі болды. Бұл жағдай түркі қағанаттардың ыдырау кезінде де өзгере қоймады.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Қазақстан совет тарихшылары жасырған қаған кім?

2500 жыл бұрын үйсіндер өздерін «қазақ» атаған

Қазақтың соңғы хандығы. Жәңгір хан.

Мәселен, Батыс Түркі қағанатының астанасы Ташкенттен солтұсқа қарай Мыңбұлақ қаласында орналасты. Бұл ордада түркі қағандары Таң империясы мен Византияның елшілерін қабылдады. Б.д.д. 626 жылы бұнда Үндінің уағызшысы Братха Карамитра да келеді. 628 жылы Мыңбұлаққа будда монахы Қытайдан Сюан Дзән келіп кетті.  Бұл дипломатиялық сапаршылардың бәрі де Шашты қатардағы қала ретінде, қолөнершілер мен саудагерлер қаласы ретінде атайды.

Шаштың өркендеуі тарих сахнасына қарлұқтардың шығуымен байланысты. Олардың дәуірінде Шаш орташа ғана аумақтың орталығы болған: оған төрт қала, жиырма шақты елдімекен кіреді. Түркі билеушілері Қарлық қағанынан өз алдына дербес мәнет басуға рұқсат алады.

10-ғасыр соңына қарай Ташкент Қарахан қағанатына тиесілі түркі мемлекетінің бір бөлігі болады. Ал 13-ғасырдың басында Ташкент Хорезмшах патшалығына кіреді де, 1220 жылы моңғолдарға берілместен қарсыласқанына қарамай Шыңғысхан әскерінің қолымен тас-талқан болады.

Ташкентті қалпына келтіру тек қана Әмір Темір заманында қолға алынады. Әйгілі билеушіге бұл қала Алтын Ордаға жорық жасау үшін тірек мекен болады.

Алайда, Ақсақ Темір кезінде де Ташкент Бұқара, Самарқан, Түркістан секілді іргелі орталыққа айнала қоймаған. Ол тек қана бекініс ретінде қызмет етті.

16-ғасырда Ташкентті қазақ ханынан жеңіліп Дешті Қыпшақтан қашқан Шәйбаниттер басып алады. Олар бұл маңда өзінің Бұқар хандығын қалыптастырады. Алайда Бұқар хандығының орталығы болған Бұқар қаласы мен діндарлар орталығы болған Самарқандтай Ташкент қаласы іріленіп кете қоймайды. Сонда да Ташкентті басқаруға тек қана шәйбандар әулетінің ұрпағы тағайындалды. Бұның өзі Ташкенттің Қазақ хандығымен шекаралас аймақтағы маңызды бекініс қана болғандығын байқатады.

Ташкенттің өсуі 1503 жылы тағайындалған Сүйінші қожа кезінде басталады. Осы кезден бастап, Ташкентке түрлі өнерпаздар, ақындар, шеберлер шақырыла бастайды. Мешіт-медресе салынады. Одан кейінгі билеушілер де Ташкенттің үлкейе түсуіне өз үлестерін қосады.

1586 жылы Бұқар хандығы мен Қазақ елінің арасындағы кезекті соғыста Ташкентті қазақ ханы Тәуекел басып алады. Ташкентке әмір болып ханның інісі Есім сұлтан тағайындалады. Осыдан бастап екі ғасырға созылған Ташкентті қазақтардың үздіксіз билеуі жүреді.

Тәуекел өлген соң оның інісі Есім хан тағына отырады. Бұқар хандығымен болған мәміле бойынша 1595 жылы Есім хан ресми түрде Ташкентті оның аумағымен бірге өз хандығына қосады. Алайда, талай рет шәйбан билеушілері Ташкентке шабуыл жасайды. Соңғысы Имамқұл хан Ташкентті өзіне қаратқысы келгенімен, қаланы билеуші Тұрсын сұлтан түпкілікті қазақ хандығына қаратады. Бірақ Тұрсын өзін хан сезініп, жекедара мәнетін бастырады. Бұл қылығын Есім хан еркіне жібергенімен тыйылмай, ақыры Тұрсын өзін хан жариялайды әрі қарсы көтеріліске шығады. Есім хан оның көтерілісін басып қана қоймай, оны өлім жазасына кеседі. Сөйтіп ол 1627 жылы Ташкентті билеуші лауазымын қысқартып тастайды да, Ташкентті өзі билейді.

Есім өлгесін оның орнына ұлы Жәнібек хан отырады. Ол жас кезінде-ақ жоңғар мен шәйбандарға қарсы жорықтарға аты шыққан батыр болатын. Жәнібек хан астананы 1630 жылы Түркістаннан Ташкентке көшіреді. Бұған екі себеп болды: бірі – жоңғар тарапынан қатер бұлтының төнуі; екіншісі – Самарқан мен Андижанды билеген қазақ хандары жеке билікке ұмтылумен болды.  

Одан кейінгі Салқам Жәңгір де, Әз Тәуке де өз ордаларын Ташкентте тікті. Ташкентте хан кеңесі өткізіліп, басқа елдердің елшілері сонда қабылданды. Әз Тәуке кезінде Ташкентті билеуші лауазым қайтарылады. Тәукенің туысы әрі тәжірибелі дипломат Абдулла Айтақ сұлтан қаланы билейді. Ол өлгесін Ташкентті оның ұлы Жолбарыс сұлтан биледі. Тәуке кезінде негізі қаланған үшжүздік құрылым бойынша Жолбарыс Ұлы жүздің ханы әрі Ташкентті билеуші болады. Оның серігі дулат руының биі Төле би болды.

1723 жылы Ташкентті жоңғар Ғалдан Серен басып алады. Елді аман сақтау үшін Жолбарыс хан мен Төле би жоңғар басқынына бағынып, алым төлеуге де көнеді. Бірақ жоңғарлар өз дегенін жүргізу үшін Ташкентке буддизм дінін де ендіргісі келеді. Олар қаладағы мұсылман тәуханаларын қиратып, бүлік салады. Бұған шыдамаған қос билеуші атқа қонып, елді көтеріп, жоңғарларды Ташкенттен түре қуады. Сөйтіп егемендік туын қайта желбіретеді.

 Бірақ Жолбарыс хан Ташкент мешітінде намаз оқу кезінде 1740 жылы өлтіріледі. Оны өлтірген жергілікті қожалар еді. Олар қылмысты жоңғардың айтағымен істейді.Олар қожаларға ханды өлтіріп, өздерін билеуші етуге және буддизмді енгізбейтіндігіне уәде берген. Жолбарыс ханды Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи мазарына жерлейді.

Бірақ қазақтар оған мойымастан, ханның жолын Төле би жалғастырып, қаланы сол билейді. Қаланы ұлы би өмірінің соңына дейін билеп, өз сүйегін Түркістанға емес, Ташкентке жерлеуге өсиет етеді. Бүгінде Төле би өзбектер үшін де қасиетті  тұлға, оны «Қарлығаш би» атайды, бүгінде оның мазары қадыр тұтатын орынға айналды.

Фотосуреттер ашық дерекөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Қазақтың тұңғыш Олимп чемпионы

Төріктер өркениеті: монша мен кәріз құбыры

Ыбырайым батыр

Мамира – СМЕРШте қызмет еткен жалғыз қазақ қыз

Ташкент – Қазақ хандығының ордасы

Ауған асқан Тақан атаның хикаялары

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 10.12.2024

Казахстанцы бьют рекорды в потреблении сосисок

НОВОСТИ | 10.12.2024

Продажи жилья выросли почти на четверть в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

В ДУМК напомнили верующим о правилах намаза

НОВОСТИ | 10.12.2024

Пять трансграничных хабов появятся в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Нацбанк данных в сфере экологии создан в Казахстане

НОВОСТИ | 10.12.2024

Стратегическая объездная дорога открыта на юге Кыргызстана