Культура

Төріктер өркениеті: монша мен кәріз құбыры

Серік Ерғали

23.09.2022

Совет дәуірінен сіңген – жуынбайтын, қолаңса сасыған көшегендер турасындағы көзқарасты төріктерге, шындығына келгенде 13-ғасырға дейін моншаға жуыну жөнінде ұғымы болмаған батыс ебропалықтар таңған еді. Шын мәнінде қалай еді?

Ол кездегі ебропалық қалаларға қарағанда ордалық қалалардың су құбыр жүйесі мен жуындыны аластайтын құбырлары болатын. Далалық қалаларға су күйдірілген қыштан құйылған құбырлар арқылы кіргізілді, олардың бірқатары субұрқақтардан алынса, тіпті археологтар орта ғасырға тән төріктердің қаласынан қоғамдық дәретханаларды да қазып алды. Ал бұндайды ол кезеңде батыс Ебропада елестетудің өзі мүмкін болмаған.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Түркештер өздерін «Алаш баласы» атаған

Түркілерде кескіндеме болған ба?

Сол себепті де төріктер қаласындағы мәдениет барынша тұрақты да тыңғылықты әрі түрлі жұқпалар мен инспекцияларға төтеп беретіндей болғаны көрер көзге айқын.

14-ғасырда әлемді шарпыған жұқпалы індетте Алтын Ордаға тиесілі қалалар мейлінше аз жапа шеккені мәлім. Бұл пандемияда Ебропа жартысынан көп халқынан айрылғаны белгілі.

1344 жылы Жәнібек хан венециандықтардың қитұрқы әрекет әзірлеп жатқандығы туралы алдын ала біліп, адам аяғы аттап баспайтын мығым Феодосия қамалына қолын аттандырады. Ұзақ уақыт оны ала алмаған ордалықтар, соңғы қадамға барады. Бұл туралы «Алтын орда әлемдік тарихта» деген ұжымдық еңбекте жазылып қалған.

Далалықтар қалың қабырға арқылы обадан өлген адамның мүрдесін тас лақтырғыш сақпанмен атып өткізіп жібереді. Жылдың ыссы мезгілінде әрі өте лас бекіністің ішінде оба індеті лезде тарап кетеді. Бұдан қашып көптеген адам Венеция мен Генуяға қарай жөңкіледі. Бұл қашқындардың өздері жұқпалы індетті таратушылар еді. Осылайша бүкіл Ебропа сол кездегі  жұқпалы қарудың құрбаны болады. Бұл - адамзат тарихындағы алғашқы бактериологиялық қару еді.

Ресейлік белгілі тарихшы Николай Крайдин батыстың авторларына сілтей отырып, былай жазды: «татарлардың басып кіруі миграциялық үдерістің басы мен мәдени байланыстарға итермелеп, Ебропада жаңа талғам мен сәннің туындауына түрткі болды. Ебропалықтар спирт айдауды үйренді, компаспен, оқдәрімен, кітап басумен таныса алды. Бұдан басқа төріктер Батысты жаңа кеңісті медициналық идеялардың таралуына, карта сызудың дамуына, тіл үйренуге, сөздік құрауға ынталандырды».

Ебропаға көшегендердің ала барғаны бұнымен бітпейді, олар едені жылытылатын қоғамдық моншаны да ала барды.  

Бұл моншалардың 14-ғасырдағы Алтын Орда қалаларында жаппай салынғандығын олар білмеген еді. Білсе де жасыратын және бұрмалап жазатын. Бұның барлығы бүгінде мәлім болған Сарай, Үкөк қалаларында болыпты.

Орда қалаларындағы моншалардың кең таралуы жуынуға арналғандығында ғана емес, сол моншалар сауығу мен келгіншілердің ұзақ уақытын өткізетін клубтарына айналған. Бұларды бүгінгі спа-салондармен салыстыруға әбден болар еді.

Аталмыш орынжайларда жұпар иісті майлар мен шырақтар қолданылды. Бұл моншалар бүгінгі ебропалық үлгідегідей түрлі жыныстылардың араласуына жол берген емес, қатаң түрде ерлер бөлек, бибілер бөлек жуынды.

Бұның барлығы жүздеген ғасырлар бойы көшпелі мемлекеттердің құдыретіне бағынып келген елдерді бүгінде амалсыз мойындауға мәжбүр етерлік жәдігерлер мен куәліктер уақыт өткен сайын алдымыздан шығуда.

Ал ордалар ыдырағаннан кейін оның зұлымдықтан басқа адамзатқа ешбір пайдасы жоқтай насихат жер бетін басып кеткені мәлім. Өкінішке қарай, орда мемлекеттің шапанынан шыққан Ресейдегі идеология төрік мемлекеттігін қаралауда алдына жан салмағаны белгілі және оның қыруар құндылығы мен танымын өзіне иемденіп алып, барлығын «орыс» атауымен таңбалап тастады.

Бұл жайында ебразиялық жазушылар мен тарихшылардың өздері осы ұлылықты байқамауға тырыстық деп мойындауда. 

Фотосуреттер ашық дереккөздерден алынған



Серік Ерғали

Публикации автора

Қазақтың тұңғыш Олимп чемпионы

Төріктер өркениеті: монша мен кәріз құбыры

Ыбырайым батыр

Мамира – СМЕРШте қызмет еткен жалғыз қазақ қыз

Ташкент – Қазақ хандығының ордасы

Ауған асқан Тақан атаның хикаялары

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 03.10.2024

Геннадий Головкин встретился с президентом МОК

НОВОСТИ | 03.10.2024

Месторождение Кашаган закрывают на ремонт

НОВОСТИ | 03.10.2024

Масштабные преобразования: Токаев назвал приоритеты госполитики

НОВОСТИ | 03.10.2024

О наркоситуации в Казахстане высказался генпрокурор

НОВОСТИ | 03.10.2024

Туркменистан изучает опыт Японии по внедрению института УЭО

НОВОСТИ | 03.10.2024

Авиакомпания Узбекистана будет избегать полетов над Ираком и Ираном