Общество

Соғым мен Нартуған. Рождество...

Серік Ерғали

18.11.2021

Арғы ата-бабамыз желтоқсан айын соғымнан бастайды. Бірақ бұл бүгінде қысқа ет қамдау науқанына айналып кеткен шаруа. Ал ежелгі нұсқасы – ұлы Өмірдің көзіне айналған жарықтың қайнары – Күннің құрметіне құрбандық шалу еді. Бұл күнге бас ию не оны құдай тұту емес, ғарыш заңдарына бағыну еді, ғаламдық теңгерімді сақтаудың бір ғұрпы – әуел бастан келе жатқан құрбандық.

Соғымның кейбір нұсқасында бірнеше жанұя бірігіп бір ірі малды сойып, оны 12 жілікке бөлетін де, жеребемен бөлісіп алатын. Бұл тәңірлік дүниетаным жоралғысы еді. 12 жілігіңіз аспандағы 12 шоқжұлдызынан тұратын Күн жүйесіне жататын Кеңістің құрылымын паш ету белгісі әрі сол кеңістіктің амандығын тілеуден туындайды. Бүгінгі кванттық қағида ғаламды 12 өлшемдік кеңістік ретінде мойындайды. Оны ата-бабамыз әуелден білген. Сол себепті 12 тайпа бір хандыққа біріккен, 12 жыл бір мүшелді құраған.

Әу бастағы ұлы Жаратушының бейнесі Нұр-Сәуле болатын. Жарықтың қадырын қараңғы арттырады. Аспан ілімі жоққа шығара алмайтын Күн мен Түннің текетіресі бар. Жылдың 4 мезгіліне сай, екі рет теңеседі, екі рет Күн мен Түн тайталасады. Бұл - жай ғана механикалық нәрсе емес, жердегі тіршілікке тікелей гео-тео қуатымен әсер ететін кванттық құбылыс еді. Міне, осының шешімін адамзат әлгіндей құрбандық қағаидасымен жапса керек. 

Тәңір – таң атырушы, жарық беруші, Жақсылық пен Жамандықты, Жарық пен Түнекті теңгеруші құдырет. Бұл – Жаратқанның бір сипаты. Сол таным бойынша Күн жылына бір рет өліп-тіріледі-міс. Бұл да Жарық пен Түнекті теңгеруден шығатын заңдылық қана емес, құдыреттің мәңгілік сипаты. Әсіресе, түркілер мәңгілікті өліп-тірілу айналымы түрінде елестетеді. Шамасы, өліп-тірілмей мәңгіліктің жоқтығын ескерген қағида содан шыққан. Ол «өлім» Күн жүйесі үшін жыл сайын 21-22 желтоқсанда болады да, ғаламдық құдыреттің күшімен үш тәуліктен соң әлемдік Нұр-Сәуле қайта туады.

Күннің қайта туу сәті ол өлгеннен кейін 3 күннен соң кәзіргі күнтізбеде 25 желтоқсанға келеді. Бұны түркілер Нартуған, Нартукан атайды. Шұбаш, татар-башқұрттарда сақталған. Қазақта жоралғы түрінде емес, адамның есімі ретінде Нартуған, Нұртуған сақталды. Бұл күн айтулы мереке ретінде талай жұртта сақталып, әр халық бұл күнмен өз наным-танымын бейнелейді: мажар халқында – «карачун»/қаратүн; полякта «қызыл жұмыртқа күні», шұбашта – нартукан т.с.с. Ал қазақ бұны ұлы мереке ретінде емес, соның жұрнағы болған құрбандықты «соғым басы» ретінде өзгертіп, тұрмыстық салтқа бейімдеп кеткен, ғұрыптың мәні ислам дінінің келуімен ұмытылған. Алайда, әрбір қуаныш сайын, тойда қазақ халқы жер мен көкке шашыраған Күннің сәулесі түрінде дастарқанға қызыл ала бауырсақты шашып тастайды. Және де шала туған баланы «қызыл шақа» дейтіні бар: жаңа туған нәресте дегені. Шақа/шаға сөздері ежелгі түркілік «бала» дегенді білдіреді. Осыған қарағанда ойын-тойда бауырсақ пісіріп шашып тастау дәл осы Нартуған күнінен бастау алса керек. Алайда, оның шын мәні жаңа идеологияның басқынымен жасырылған.

Қазақта бүгінде қасиетті сәулені «нұр» дейді, бірақ бұл ежелгі «күн» ұғымы болатын да оны «нар» атаған: бертін келе оған исламдық «нұр» сөзі ұласты. Ислам діні жетпеген маңғол жұрты әлі «нар» атайды. Айды «сар» дейді.

Айтып-айтпай не керек, 25 желтоқсан – Нартуған күні. Бұны Еуропада «Рождество» дейді де, оны Иса пайғамбар дүниеге келген күнмен шендестіреді. Алайда, бұл жерде саясат араласқан идеология бар. Еуропаны жайлап кеткен қалың ғұндар осыдан 2000 жыл бұрын Рим империясына қатер төндіре бергендіктен, оларды идеологиялық ауыздықпен басқару ойластырылып, ақыры тәңірлік танымының мәйегінен христиан діні қалыптасты.Және де 4 ғасыр өткен соң ғана Иса пайғамбар сол діннің басиесі болды.Міне сол кезде Көк пен Жердің арасын жалғаған мифтік көкшырша «Йол/йөл» (Көк пен Жерді жалғайтын «жол» сөзінің нұсқасы) болып Рожествоның басты атрибутына, ал Нартуған пайғамбар Иса туған күнге айналып шыға келді. Бірақ ол кезде Нартуғанның да мәні ұлы туылыс болғандықтан, еуропаланған бұрынғы далалықтар «рождествоны» жатырқаған жоқ, өз танымы ретінде қабылдады. Осылайша Рождество мейрамы пайда болды. Жаңа дегеніміз – ескіні жаңғырту деген осы.


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

СПОРТ | 14.12.2024

Бельгия — фаворит. Мы — в аутсайдерах

ИНТЕРВЬЮ | 14.12.2024

Алексей Шемес: Я искал Спилберга!

НОВОСТИ | 13.12.2024

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

НОВОСТИ | 13.12.2024

Что построят вместо резиденции президента в Актау

НОВОСТИ | 13.12.2024

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

НОВОСТИ | 13.12.2024

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы