Культура

Қазақ баскиіміндегі үкі қайдан?

Серік Ерғали

06.10.2021

Шығыс Түркі қағанатына қатысты табылған тастан қашалған қаған басында тәжді бөрік бар. Күлтегін қағанның тастан қашалған басына кигізілген бөрік маңдайында қанатын керген күшіген құстың бейнесі ерекше берілген.

Дәл осындай құс ежелгі Ғұн патшасының тәжді бөркінде алтынмен апталып тұрып жасалған және оның маңдайында емес, тас төбесінде құстың өзі бейнеленген.

Ал енді қазақ бөркінің төбесіне тағылатын үкі қауырсынын қараңыз!

Бұның барлығы тарихи бір түзудің бойында бір-бірін толықтырып, сабақтасып тұрған артефакттар.

Бұл құс қазақ тілінде «байғыз» аталады, ауызекі тілде «үкі» саналады және қауырсын да солай аталады. Бұдан әрі сақтардың «айуан бейнелі» алтындарында да құстың бейнесі жетерлік. Бұның артында не тұр?

Самұрық. Қара құс. «Қара құс» тіркесі - «қара шаңырақ» ұғымының қатарласы. Қасиетті де киелі құс дегені. «Байғыз» сөзі «бай ғұс/құс» тіркесін білдіргенімен «бай» сөзінің ертеде «бақ» ұғымын білдіргеніне назар аудару керек. «Бай», «байлық» ұғымдарын советтік сана сансыратты, мүлдем қарсы ұғым сіңірді.

Байғыз түнімен ұйықтамайтын адамша сөйлейтін құс. Белгілі ақынымыз Светқали Нұржан бір сұхбатында былай деп толғайды: «Жалғыз байғыздың жыры – мәңгілік серігім. Біздің елдің келіндері байғыздың атын «тергейтін»: «Мұраталы», «Мұратты құс» деп атар-ды. Байғыз шақырса, оған қарап сәлем салып жатқан жеңгелерді көріп өстік. «Әй, әруағыңнан айналайын әулие жұрт, ырымың қандай киелі еді, ұғымың қандай жүйелі еді!» – деп толқимын осылар еске түскенде… Қазір құсқа түгілі, Құдайдан соңғы құрметтілері – ата-енесіне, қайынаға, қайынапа, абысындарына сәлем етіп, атын тергесе, «ойбай, бұл – ширк!» деп қышқырып жіберетін бір жындысүрейлер қаптап кетіпті ғой… Ал менің байғызым мен өлгенде де моламның атанағында сұңқылдап тұра береді. Оған күмән жоқ. Тек, жалғыз байғыз жыламаса екен, көбірек күлсе екен деп дұға қылып жүрем. Өйткені ол жыласа – жаманшылық, күлсе жақсылық болады. Міндетті түрде! Бұл жөнінен әрбір адам – иброгасил. Басыңда байғызың болудың бір шарты: киелі ағаш күйелі ағашқа айналып кетпеуге тиіс! Егер күйелі ағашқа айналсаң, Мұраталы құс басыңнан ұшып кетеді. Мәңгіге! Және жай кетпейді, жылап кетеді!.. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/40604/)».

Ата-баба баскиімге неге құс бейнесін қондырған? Бұл құс – мәңгі өлмейтін, қайта-қайта пайда болатын құстың, бақтың белгісі. Ол әлемдік рухани-философиялық құндылыққа ертеден айналған. Оның бейнесін қағандарымыз («қа+қан» маңдайалды хан ұғымын береді: қа - маңдай) бөркіне қондырған: бақ құсы дегеніміз осы! Мұндай бейнелі баскиімдер көп емес. Бұл арнайы титулы бар қағандарға ғана берілсе керек.

Сөйткен бақ құстан бүгінде қазақ бөркінде үкі ғана қалды. Оны қазақтың Ыбырай секілді сал-серілері идеологиялық оппозиция есебінде сақтап қалды. Өйткені, ежелгі идеологияны бергі идеологиялар ығыстырды. Бірақ түбімен ешқашан ештеңе жойылған емес, жойылмайды. Оны кейінгі ұрпақ бас тартпай, тани білуі шарт.


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

Цифровой коридор построят Азербайджан, Грузия и Казахстан

НОВОСТИ | 21.11.2024

Инфляция ускорилась до 8,5% — Нацбанк РК

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте