политика

Дәурен Қуат: «Жазудың өзі – күрес!»

08.02.2021

Белгілі журналист, публицист, жазушы Дәурен Қуат шығармаларын оқып-танымайтын қазақ аз десе, артық болмас. Кезінде аудандық газеттің саптағы тілшісінен бастап, кейінірек «Алтын Орда», «Жас қазақ» газеттерін басқарды. Ал қазір «Қазақ әдебиетінің» бас редактор қызметін атқаруда.

Журналистер саясатқа айналысуы керек пе? Қазіргі ауылдың ахуалы қандай? Саяси ұстанымы журналистің жұмысына ықпал етеді ме? Check-point.kz тілшісінің осы және де басқа сұрақтарына Дәурен Қуаттың жауаптарын ұсынамыз.

– Дәурен мырза, «ақын-жазушылыр саясатқа кіріспеуі керек» деген пікір бар. Жақында өткен мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауында сіз «Ауыл» партиясынын бетке ұстар азаматтарының қатарында болдыңыз. Саясатпен айналысуыңызға не себеп болды?

– Жалпы журналист саясат тақырыбынан айналып өте алмайды. Журналисті, соның ішінде ұлттық мәселелер толық шешімін таппай тұрған елде өмір сүріп жатқан журналисті, қоғамның саяси өмірі күнде толғандырса керек. Бірақ, журналист – қоғамдағы проблемаларды шешуші емес, көрсетіп жазушы, жария етуші тұлға. Ал журналист көрсеткен мәселелер іске аспайды екен, биліктің оған құлқы жоқ екен, ендеше, журналисттің де саясатқа араласуға қақы бар. Бұрынғы алашордашылар мен сол кездегі коммунистердің қатарында болған ағаларымызға қарашы – бәрі ұлтшыл. Және солардың бәрі – ақын, жазушы, журналист, ғалым. Мамандығы инженер, орманшы, заңгер дейтін Мұхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейхан, Барлыбек Сырттанов, Жақып Ақпаевтардың қайсысы болмасын сөзді пір тұтқан жандар. Бірі қазақтың тарихын жазды, бірі көркем аудармалар жасады дегендей. Сол ағаларымыз өз замандарында саяси күрес жолын таңдаған болатын. Біз де сондай таңдау жасадық. Таңдау жасаған партиям – «Ауыл» партиясы болды. Ал «Ауыл» партиясының артында үлкен күш тұр. Ұраншыл, сауықшыл күш емес, шынайы, пәрменді күш. Ол күш – ауыл халқы. Ол күш – еліміздегі ең үлкен сала аграрлық сектордың қордаланып қалған мәселелерін шешуді талап етіп, бел алып келе жатқан күш. Қала берді, ауылға қатысты жайттардың жақсаруын бәріміз қалаймыз. Ауылға бүйрегіміз бұрады, оған жанымыз ашиды. Күндердің бір күні бәріміз «Ауыл» партиясының қатарына өтуге талап қылуымыз мүмкін. Сол кезде мен сияқты таңдау жасаған азамат өз таңдауының дұрыстығын оп-оңай дәлелдеп беретін болады.

«Ауыл» партиясының қатарына өтіп, «ауылдықтармен» араласқан алғашқы күннен байқағаным: бұл партияда аграрлық сектордың күрделі пробелмаларын және оның шешу жолдарын бес саусағындай білетін азаматтар көп екен. Олар – көлденең көк аттылар емес, сала мамандары: ғалымдар, кәсіпкерлер, ауылдың ауасын жұтып, топырағын кешіп өскен бүгінгі замандастарымыз. Мейілі, «Ауыл» партиясын біреулер «қуыршақ партия» десін, мейілі, «әлсіз партия» десін, бірақ, ауыл халқының әлеуметтік талап-тілегі мен ауыл шаруашылығының қазіргі қиын ахуалы үшін кәсіби білікті көзқарас тантып, табан аудармай күресетін партия осы – «Ауыл» партиясы болып қала береді. Ал, бұндай табандылық партияны түбі ірі саяси жеңіске жеткізуі әбден мүмкін.

Жоғарыдағы сауалыңда, «ақын-жазушылыр саясатқа кіріспеуі керек» деген пікір бар» деп қалдың. Бәлкім, солайы солай шығар. Өйткені бізде саясаткер дегеніміз – өтірікші, алдамшы, сөзінде тұрмайтын қуаяқ дейтін пікір қалыптасқан. Рас, ондайларды көзіміз көріп те жүр. Алайда, қазақ қаламгері саясатқа ат басын бұрса, саясатпен айналысса, саяси ұпай жинап, саясаттан сауда жасау үшін емес, ұлт мүддесі үшін айналысады. Бұл бізде алашордашылардан келе жатқан дәстүр. Мен сөз ортасында Әлихан Бөкейхандарды текке мысал етіп отырғам жоқ. Олардың ел басына күн туған заманда дүлей күштерге қарсы бастаған «ғарасат майданы» яғни саяси күресі жалғасып жатыр. Ол күресті жалғастыратын ұлттық тамырынан айрылған дүбәралар емес, «елім», «жерім» дейтін жігерлі ұл-қыздар. Ақындар мен жазушылар. Қазақ қаламгерлерінің көңіліндегі алаңды ұғып, соны саяси күрес жолына алып шығатын азаматтар атқа қонған күні қазақтың ақыны мен жазушысы саясатты қоятын болады (күліп). Оған дейін бізден құтылмайсыңдар (күліп).

– «Ауыл» партиясы мәжіліске өтетіндей 7 пайыз жинай алмады…

– Мен өзім «Ауыл» партиясы 7 пайыз дауыс жинай алмады» деген дерекпен аса келісе бермеймін. Себебі, халық саяси додаға жұмыла кіріскен «Ауыл» партиясынан үміт күтті, дауыс берді. Қазақстан халқының 40-45 пайызы ауылда тұрады десек, соның ауыл әкімі мен ауылдағы мектеп мұғалімдерінен өзгесі «Ауылға» дауыс берді. Тіпті, қазір қалада тұратын бұрынғы ауыл азаматтары да сайлау учаскелеріне барып, «Ауылды» қолдады. Алайда, бізде саяси науқан кезінде, шамасы сайлауалдында дұрыс саяси шешім қабылданған жоқ. Өзің де жақсы білесің, Қазақстанда сайлау нәтижесін халықтың дауысы шешпейді, алдын ала белгіленген, келісілген биліктің саяси шешімі шешеді. Шешім солай болыпты, амал кем. Бірақ биліктің шешіміне өзгеріс жасауға, ықпал етуге болады. Ол қандай жағдайда болады? Ол – халықтың саяси ерік-жігері жетілгенде болады. Мен қазақ қоғамының әлеуметтік желілілерден көрініс таба бастаған, былайғы күндерде де аннан-мыннан көрініп қалып жатқан белсенділігі, әсіресе, жоғары биліктегі тұлғаның ауысуына байланысты жүйенің жаңғыруын талап етуге қатысты ұмтылысы Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауына әсер ете ме деп ойлап едім, олай болмады. Әлеуметтік желілердегі «батырлар» «әу» деген де жоқ, ылғи да жеңілісін жығылмай жатып мойындайтын әдетімен үнсіз қала салды. Сонымен бітті.

– Енді өз басыңыз саяси күресті жалғастырасыз ба? Болашақ жоспарыңыз қандай?

– Саясат майданында әркімнің өзіндік күрес тәсілі, қадамы, ұстанымы болады ғой деп ойлаймын. Менің күресім жазумен жалғасады. Ауылдың ахуалын, ауыл адамдарының тағдырын, олардың арман тілегін баспасөз бетінде шимандай етіп жазып, жария етудің өзі де – күрес. Ал жоспар жайына келсек, мен партияның батыл әм халықшыл бола түсуіне ықпал еткім келеді. Бұны енді таратып, тарқатып отырудың қазір керегі шамалы шығар.

– Сіздің саяси талғамыңыз «Қазақ әдебиетінің» редакциясының саясатына әсер етпей ме?

– Жоқ, әсер етпейді деп ойлаймын. Ауыл тақырыбында қазақ журналистерінің бәрі жазады. Блогерлер де жазады. Сонда мен жазсам бірдеңе бүлініп қала ма? Ауылдан шыққан қазақтың қара баласы бола тұрып мен ауылдың ахуалына бейтараптылық танытсам жөн бе? Әрине, өзім басқаратын газетке не порталға «Ауыл» партиясының саяси жарнамасын қоймай тықпалап отырсам, оным журналистік этикаға жатпайды. Бірақ «Ауыл» партиясы ауыл үшін батыл қадамдар жасап, партияның ол қадамын халық тұтас қолдап кетсе, «мен партияның мүшесі едім» деп, текке қарап және отыра алмаймын. Мынаны түсінуіміз керек: біз қалайық, қаламайық, бүгінгі жүйде өмір сүріп отырмыз. Сондықтан бүгінгі жүйдегі саяси партиялардың қам-қаракеті турасында барлық баспасөз жазуы керек. Онсыз қоғамның саяси келбетін тану мүмкін емес.

– Ауылыңызға барып тұрасыз ба? Бүгінгі ауылдың мәселесі мынау деп бір ауыз сөзбен нені айтар едіңіз?

– Осыдан ай жарым ғана бұрын барып келдім. Ал былайынша күнде ауылдамын десем болады. Ұялы телефон деген ауылдағы ағайынмен сағат сайын байланысқа шығуға мүмкіндік тудырып тұр ғой. Соны пайдаланамыз. Қалалықтардың бәрі қазір ауылының жағдайын осы төте байланыс арқылы біліп отыр. Қаланың жаңалығы да ауылға лезде жетеді. Соның нәтижесі шығар: ауыл халқы осы күні жер-жаһанның барлық жаңалығынан хабардар. Ауыл ұйқысынан оянды. Ендігі ауылды алдап сулап, арқаға қағып қойып қайтадан қалғытып жібіре алмайсыз. Ол енді ешкімнің қолынан келмейді.

Ауылда проблема шаш етектен. Соның біреуін ғана айтайын. Ол – жол. Жолдан ауыл халқы қатты азап шегіп отыр. Ауылға жақсы жол жетсе, барлық игілік те жетеді. Жол дегеніміз – экономиканың күре тамыры. Жол дегеніміз – мәдениет, өркениет. Жол – өмір.

– Әңгімеміздің соңын өзіміздің кәсіби қарекетімізге қарай бұрғым келіп отыр. Үкімет тарапынан баспасөзге жасалатын қолдау туралы, мемлекеттік тапсырыс туралы не айтасыз?

– Баспасөзі барынша дамыған, дамып келе жатқан елдердің бәрінде мемтапсырыс бар деуге болады. Бұл жерде сенің сұрағың: «БАҚ-қа дотация берілуі керек пе, соған көзқарасыңыз қалай?» болса керек.

Айтайын. БАҚ та – мемлекеттік сипаты бар ірі сала. Бұл саланы мемлекет мүддесінен тыс, бейтарап дүние деп қарауға болмайды. Сондықтан оған қашанда қолдау қажет. Бірақ әр елде қолдаудың түрі әр қалай. Мысалы, Ресейде БАҚ ірі концерндерге, қаржылық ұйымдарға берілген. АҚШ пен Батыста баспасөз жарнама берушілер мен байлығы бас айналдыратын қожайындардың меншігінде. Алайда соның бәрін мемлекеттік мүдде біріктіріп, тұтастырып тұр. Сондықтан мемтапсырыс аясында Қазақстандағы БАҚ қолдау тауып жатса, оған қорланбау керек. Тек мемтапсырыстың тақырыбын заманға бейімдеп, еркіндеу ету керек. Мемтапсырысты орындаудың форматын да өзгерту керек. Басқасы баспасөздің кәсібилігіне, журналистердің шеберлігіне тиісті мәселе.

– Қалай ойлайсыз, газет-журнал осы күні болсын, келешекте болсын оқылуы мүмкін бе?

– Газет-журнал оқу мәдениеттіліктің, білімнің қайнар көзінен сусындаудың мүмкіндігі болып қала береді. Мен бұл сөзді уақытынан бұрын айтып отырған шығармын. Бірақ түбі соған қайтып ораламыз.


Публикации автора

Арсен Керимбеков: «Тезис о том, что казахстанцы едят натурпродукты – фикция»

Где захоронен темник Золотой Орды, как дети съели свою мать и почему Макпал Жунусова взялась за лопату

Демограф Александр Алексеенко: «Число городских жителей в Казахстане растет быстрее, чем сельских»

Избить за тонну угля, кто отстоял территорию Казахстана и отправят ли не знающих госязык чиновников в аул?

Айдын Аимбетов: «Думаю, что «рутинные» полеты в космос – это вопрос времени»

Казахоязычные СМИ: Репрессии против верующих, степная Рапунцель и уроки казахского для африканского зятя

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 03.10.2024

Геннадий Головкин встретился с президентом МОК

НОВОСТИ | 03.10.2024

Месторождение Кашаган закрывают на ремонт

НОВОСТИ | 03.10.2024

Масштабные преобразования: Токаев назвал приоритеты госполитики

НОВОСТИ | 03.10.2024

О наркоситуации в Казахстане высказался генпрокурор

НОВОСТИ | 03.10.2024

Туркменистан изучает опыт Японии по внедрению института УЭО

НОВОСТИ | 03.10.2024

Авиакомпания Узбекистана будет избегать полетов над Ираком и Ираном