Культура

«Бауырсақ» сөзі нені білдіреді?

Серік Ерғали

23.09.2021

Евразиялық көшермен халықтарға тән майға пісірілетін бауырсақ нан бүгінде барынша танымал әрі сүйікті тағамға айнала бастады. Түркі халықтарында (қалмақта да) бауырсақ атауының түрлі айтылғанымен, сипаты мен түрі бірдей дыбысталады: бауырсақ, боорсақ, борцох, поорзох...

Әдетте бауырсақ тоңмайға пісірілген, қазірде оны сұйық өсімдік майына қуырады. Оның ескі пошымы ромб тәрізді болып келген, қазір оны дөңгелетіп, шар секілді домалақ пісіру дағдыға айналды.

Дәстүр бойынша бауырсақ қазақта ыдысқа салынбай, дастарқанға шашып тасталған.Бұның мәні – ырзықты шектемей, көл-көсір көп болсын деген тілектен туындайды. Қазіргі дастарқан ыдысқа салып шектейді.

Бұл тағам әлі толық зерттелген емес. Оның атауы «бауыр+сақ» сөздерінің бірігуінен құралған, әр халықтардағы атауы да осыдан алыс емес. Өзімізше індетіп зерделей отырып, бұл тағамның мәнін білуге ұмтылдық.

Жалпы ежелгі көшермен түркілер өзінің ішіп-жеуіне дейін ежелгі сенімін араластырған мейлінше ырымшыл, нанымшыл халықтар болған, бірақ жалпы адамзат баласы ерте дәуірде осындай сенімшіл болғаны рас. Бұның басы біз шамалайтын сонау арлар /арилер дәуіріне барады, тіпті оның арғы жағынан бастау алатыны да рас, алайда ол жағы бізге бұлдыр.

Егер ежелгі сенімді бүгінгіше тәңірлік танымға сүйеп ұғуға тырысатын болсақ, бұл сенім Адам мен Адам, Адам мен Табиғат, Адам мен Ғарыш қарым-қатынасы мен үйлесіміне негізделген Өмірді мойындаған, соған барлығын бағындырған.

Осылайша бауырсақ наны да Көктегі ғарыштың ілініп тұрған шамшырағы болып табылатын Күнді құдыреттің бір сипаты санаған дәуірдің белгісі.Бүгінде қазақ тілінде уақыттың белгілі бір бөлігін «шақ» сөзімен береді: өткен шақ, осы шақ, бола+шақ, балалық шақ. Бұған осы сөзді түбір ететін ежелгі түркілік «шаға/шақа» сөзін алыңыз, бұл «бала» дегенді білдіреді де, бүгінгі қазақ қос сөзбен «бала-шаға» дейді. Сонымен «бауырсақ» сөзіндегі «шақ» сөзі әлдебір перзент ұғымын беріп тұр. Бұнда мәселе – ежелгі ата-бабамыздың әр күнді болмаса айдың белгілі бір бөлігін «шақ», яғни Көктің баласы деген бейнелі ұғыммен беретін аса ежелгі танымға апарып тірейтінінде. Дастарқанға бауырсақты шашу арқылы әр күннің,тәуліктің жақсылық пен молшылыққа толы болуын тілеуде, нәрселік аффирмация ретінде меңзеуінде жатса керек. Бірнеше шашылған бауырсақ күн-бала ретінде бір біріне бауыр дегенге амалсыз итермелейді. Бірнеше кішкентай жақсылықтарды бауырластыру арқылы ұлы жақсылыққа кенелеміз деген сенім жатыр. Осыдан келіп ежелгі көшпелі тайпалардың атауы да «САҚ», «ГҮН/күн» аталуы тегін емес. Шамасы толыққанды құрылған көшпелі тайпалардың мемлекеті аспандағы Күннің билігіндей билікке ие деген еліктеу жатыр. Жердегі сондай көшпелі империя көктегі Күн билігінің проекциясы деген сөз. Бұған «хан/қан» сөзінің «күн» ұғымыныңжуан айтылу нұсқасы екенін де байқаймыз.

Алайда, бауырсақтың «қарсыласы» бар, ол – шелпек. Бауырсақ ойын-тойда, салтанатта пісіріледі, ал шелпек негізінен азалы, қайғылы жағдайда ғана желінеді, таратылады, шелпек нан садақаның рөлінде жүреді. Бұнда да үлкен мән бар. Шелпек айға ұқсатылып дөп-дөңгелек етіп қуырылады, саны жетеу болады. Елдің батысында бұны «жеті нан» атап, қалың нан ретінде майға пісірсе, орталық Қазақстанда бұны жұп-жұқа етіп, майға шылқытып пісіреді, «майшелпек» атауы осыдан шыққан. Орыстардағы «блины» аталатын жұқа нанның да тегі осы, бірақ нанымдық мәні ұмытылған.

Егер де бауырсақ Күннің құрметіне пісірілсе, шелпек айдың құрметіне арналады. Ай - тәуліктің қараңғы шағын жарық ететін аспан шырағы, оны әлдебір ғарыш заңдылығы, құдыреті ғана ұстап тұр, демек оны кие тұтудың өз орны бар. Адамзаттың соңғы діні Исламның басты белгісі де жарты ай болуы тегін емес.

Шелпектің саны жетеу болуы да ежелгі танымнан бастау алады: жеті саны жетілудің кемелденудің, өсудің жолын білдіреді, яғни жоғалған, жойылған, қаза болған жанның болмаса әлдебір апаттың, қайғының соңы жарық секілді жетілу, жақсару жолына түссін деген тілек жатыр. Оны тарату арқылы әрбір адам, жанұя өзінің тілегін қосып, Көктен тілеу арқылы әлгі азалы отбасына, болмаса нан садақа берген адамға тілек қосады. Оны «Тие берсін», «Қабыл болсын!» сөздерімен алып үзіп жеу арқылы қайғылы жағдайды жоюға ниет пнен тілек қосады.

«Шелпек» сөзі: бертіндегі «жалпақ/шалпақ» сөзінің жіңішкерген «шелпек» нұсқасы болуы ықтимал. Бұндай нан көбінесе үнді халқында да тұтынылады. Сайып келгенде, бүгінде этникалық бренд түрінде қабылданып жүрген түркілік бауырсақ, шелпек нандарының мәні осындай.



Серік Ерғали

Публикации автора

Қазақтың тұңғыш Олимп чемпионы

Төріктер өркениеті: монша мен кәріз құбыры

Ыбырайым батыр

Мамира – СМЕРШте қызмет еткен жалғыз қазақ қыз

Ташкент – Қазақ хандығының ордасы

Ауған асқан Тақан атаның хикаялары

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

ГЕОПОЛИТИКА | 21.11.2024

Санкционные противоречия и Казахстан