Общество

Жаз–2022: Этнолагерь туралы не білеміз?

Гүлжан Абайқызы

07.06.2022

Қазіргі балалар «жазда атамның ауылына, барып едім қыдырып» әнін білер ме екен? Білсе де ауылға, атасына барып, қыдыратын бала қазір аз шығар. Оған себеп те көп. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында елордада белсенділер игі істі қолға алды. Этнограф- тарихшы Тұрар Сатттарқызы этнолагерь ашуды жөн көріпті. Әрине бұл бір күнде жоспарланған дүние емес. Көптен ойда жүрген істің орайы енді келген сияқты.

Бала тәрбиесі, оның бүгіні мен ертеңі туралы айтылатын көп сөзден нақты іске көшкен адам некен-саяқ. Соның ішінде қайтсек, баланың бойына ұлттық рухты сіңіріп, салт-дәстүрмен сусындатамыз деген ой ұлтын сүйетін кез келген адамды ойландырары хақ. Жазғы лагерьлер осындай танымдық, рухани дүниелермен таныстыруға, табыстыруға таптырмас уақыт. 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Балалар бүгінгі әдебиеттен өздерін таба алмай жүр

Сапалы білімге қалай қол жеткіземіз?

Осындай бір игі істі қолға алған тарихшы-этнограф Тұрар Шәкен – QARA SHANYRAQ ұлттық тәрбие беру жобасының авторы. Осы жоба аясында «QazaQ alemi» орталығын құрды. Орталықта қазақ тілін үйретуді, қазақтың әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрін бала түгілі ересектер қызығатындай ерекше форматта көрсетеді. Ал жақында тағы бір істі бастапты. «Саржайлау» жазғы этнолагерінің жобасы арқылы мемлекеттік грант ұтып алды. Алайда ұтқан аз ғана грант ұлы дүниенің бастауына тамызық қана. Лагерьдің жұмысын жандандыру үшін біраз күш пен қаржы керек. Тұрар Саттарқызы қазір этнолагерьдің ішкі мазмұнына жұмыстанып жатыр екен. «Мысалы, киіз үйдің ерекше сән салтанатпен болғаны дұрыс, өйткені балаларға құндылығымыз деп көрсеткенде қазақтың нағыз бай мұрасын танытатын, ұлттық өнегеге тұнған киіз үйін көрсеткенді жөн санаймыз», – дейді этнограф. Лагерь елордаға жақын Балқарағай секілді әдемі демалыс орны маңында орналасқан. Сол жерде қазыққа ат байлап, қымыз сапырып, балалар ұлттық салт дәстүрдің уызына қанатындай жағдай жасасам деген ұлы арманы бар. Иә, бұл бастауы ғана. Көш жүре түзеліп, ізгі ой, мақсат жүзеге асарына сенім мол. Жақында игі жақсылардың басын қосып, лагерьдің ашылуын жасады. Енді жақында ұлттық дәстүр мен қазақилықты дәріптейтін этнолагерь алғашқы келушілерін қарсы алмақ.

Биыл жазда 2 млн-нан астам бала жазғы лагерьлерге барады

Расымен, жаз жайнатып келген демалыс бала үшін үлкен мереке. Алайда оны қалай, қайда өткізеді деген сұрақ – ата-ананың бас ауруы. Әрине қалтасы қалыңдар үшін бұл онша қиындық тудырмайтын мәселе шығар. Ал көп балалы, тұрмысы төмен отбасының, жалғызбасты ана мен әке үшін балаларын тегін жазғы лагерьге орналастыру, жаздың жаймашуақ күнін пайдалы етіп өткізу шынымен өзекті мәселе.

Алайда елімізде оқушылар үшін жазғы демалысты ұйымдастыру кемшін қалып жатқан жоқ. Тұрмысы төмен отбасы балалары немесе жетім балалар ескерусіз қалып жатқан жоқ. Әйтеуір маусым-маусымға бөлінген лагерьге жіберу көзделген.  Мәселен, биыл жазда 2 млн-нан астам бала жазғы лагерьлерге барады. Бұл Білім және ғылым министрлігінің берген мәліметі, яғни өткен жылмен салыстырғанда сауықтыру лагерлерінде демалатын оқушылардың саны 500 мыңға артқан. Биыл 2 миллион 300 мың қазақстандық оқушы демалады. Ал олар қайда және қалай демалады дегенге тоқталсақ.

Демалушы бала санымен қатар биыл сауықтыру лагерлері мен алаңдар саны да көбейген. Жалпы республика бойынша 11 мыңнан аса мектеп жанындағы, қала маңындағы, шатырлы, спорттық және киіз үй лагері жұмыс істейді. Балалар сауықтыру лагерлерінің желісі санаторийлер, туристік базалар, ұлттық парктер, жоғары оқу орындары жанынан лагерьлер ашу және жұмыс істемейтін лагерьлерді қалпына келтіру есебінен кеңейтілген.

Білім министрлігінен алынған ақпаратқа сай бірінші кезекте жазғы сауықтыру демалысымен әлеуметтік осал санаттағы балалар қамтылады. Бұл жетім балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар. Биыл қала мектептерінде жазғы лагерь желісі жақсы жұмысын бастады. Оқу жылы аяқталсымен баламды қайда жіберемін деп ойлаған ата-анаға бұл да едәуір көмек. Мысалы, Павлодар облысында 106 мыңнан астам бала жазғы лагерьлерде демалады. Лагерь директоры Эльмира Уахитованың айтуынша, балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Қ.Даржұманов атындағы ұлттық жаңғыру мектебімен бірлескен этнокэмп лагері де бұл өңірде де ашылған. Оның мақсаты – басқа халықардың салт-дәстүрлерімен таныстыру, әр ұлттың мәдениеті, тынысы мен тарихымен таныстыру. Солар арқылы балалардың ойлау, сөйлеу деңгейін дамыту.

Айта кетейік, биыл қосымша Қызылорда облысында 3 және Ақмола облысында 1 лагерьдің ашылуы да оңды іс болды. Министрлік сондай-ақ осы жылы балалар мен ата-аналарды барынша ақпараттандыру үшін bala-demalys.kz балалар сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы, сайт пен мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл қосымшалар Android және IOS платформаларына орнатылған.  Электронды картаның көмегімен кез келген адам нақты уақыт режимінде қандай да бір лагерь туралы жалпы мәлімет ала алады.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған


Гүлжан Абайқызы

Публикации автора

Қазақтың жаны — жайылым жері. Жер комиссиясы не шешіп жатыр?

Мемлекеттік басқару жүйесі. Үкіметтен министрлікке

МӘМС & Медицина

Елде бизнес ашуға кедергі көп пе?

Шетел асқан қаржылар. Экономистер не дейді?

Қымбатшылыққа кім тосқауыл бола алады?

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 08.11.2024

Обзор сервисов родительского контроля в интернете

НОВОСТИ | 08.11.2024

Умные очки на основе ИИ разработали школьники в Атырау

НОВОСТИ | 08.11.2024

25 800 тенге: отца подростка-агрессора наказали в Костанайской области

НОВОСТИ | 08.11.2024

Аренда в Астане: первый спад цен за 18 месяцев

НОВОСТИ | 08.11.2024

Символизм стихии: ураган уничтожил памятник Ленину в Павлодаре

НОВОСТИ | 08.11.2024

Более 4 миллионов казахстанцев заняты в сфере бизнеса