Общество

Балалар бүгінгі әдебиеттен өздерін таба алмай жүр

Гүлжан Абайқызы

08.12.2021

Бірде теледидар қарап отырып, балалар жазушысы Серікбол Хасанның осы тектес пікірін естіп қалдым да елең еттім. Өйткені баласына кітап оқыта алмай отырған әр ата-ананың көп проблемасының бастысы осы шығар.

Бір кездері өзіміз жата-жастана оқитын Дулат Исабековтың "Әпке" романы, Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», Мұзафар Әлімбаевтың сенің бала қиялыңдағыны айнытпай табатын өлеңдері, Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», әйгілі «Менің атым – Қожа» шығармалары, әсіресе соңғысын қанша оқысақ та жалықпайтын бір ғажап дүние болатын. Қадыр Мырза Әлидің балалар тақырыбындағы өлеңдері қандай еді? Ал біздің буынды ғажап күйге бөлеген осынау дүниелер қазір неге оқылмайды?

Тағы да жас жазушының пікірін келтірсек, «аға буын жазушылар балалар тақырыбында өз дәуірін жазады, өздерінің балалық шағын жазады. Ол да дұрыс қой, бірақ қазіргі бала шығармадан өзінің қоғамын, өзінің досын жалпы өзін көргісі келеді», – дейді Серікбол Хасан.

Сонымен биыл «Балалар әдебиеті жылы» деп жарияланды. Бұл жылда кішкентай оқырмандар үшін қандай игіліктер жүзеге асты. Алдымен ҚР Мәдениет жән спорт министрлігі 5 бағытта кешенді іс-шаралар жоспарын түзіп, Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Сондай-ақ биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 40 шақты балалар кітабына 226 миллион теңге бөлінді. Айта кетейік, соңғы 3 жылда отандық баспалардан балаларға арналған 364 кітап шыққан. Бірақ тиражы бір не бір жарым мыңнан аспапты. 2018 жылы оған 89 млн теңге, 2019 жылы 19 млн тг, ал былтыр 46 млн теңге балалар шығармаларына бөлінген. Бүгінгі қоғамдағы балалар әдбеиетінің үлкен пробелмасы бар. Ол балалардың кітап оқымайтыны. Ал балалар жазушысынан кімді танисың деген сауалға да жарытып жауап бере алмасы анық. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Нұрдәулет Ақыш «Қазақстан жазушылар одағының мүшелігіне тіркелген, таныс шығармаларымен көзге түскен қаламгерлер саны 70-тен астам. Бірақ Одаққа өтпей-ақ балалар тақырыбында қалам тартып, жап-жақсы дүниелер жазып жүрген бірсыпыра жазушылар да бар» дегенді айтады. Алайда жас жазушылардың жарыққа дүниелері некен-саяқ.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы Гүлзейнеп Пазылова биылғы жыл ең бастысы балалар әдебиетіне қалам тербеп жүрген қазақ балалар жазушысына қолдау көрсетіп, авторлардың барлығын жеткілікті деңгейде ынталандырамыз. Кітапхана ісін жандандырып, оқырманға ыңғайлы етуде біраз жұмыс атқарылады деген болатын.

Кітапхана демекші, еліміз бойынша Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 3940 кітапхана болса, оның тек 276-сы ғана балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана филиалы екен. Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы деген статусы бар мекеменің саны небары 11-ақ.

Әрине бұл өте аз. Ондағы кітап саны, оның мазмұны мен жаңа шығармалар қоры туралы ауыз толтырып айта алмаймыз. Өйткені өз жазған туындысын, соның ішінде балаларға арнаған шығармасын жинақ етіп басып, шығаруға жазушының мүмкіндігі аз, оған кететін шығын өте көп. 

Мысалы, Серікбол Хасанның балаларға арнаған шығармалары жетерлік бірақ бірде-біреуі кітап болып басылып шықпаған. Оның айтуынша, балалар кітабының шықпауы проза, поэзиямен салыстырғанда қымбатқа шығады. Өйткені оның ішінде иллюстрациясы болады. Иллюстратордың гонарары өте қымбат. Бір суретті кем дегенде 20 мың теңгеге салады. Ал бір ктапта дәл сондай 20 сурет болады.

Жазушылар қазіргі балалардың қайырымдылыққа қызығатынын, сондай-ақ турзим тақырыбы мен саяхаттауды ұнатады. Міне, жазушылар осындай тақырыптарды балалар әдебиетіне арқау етсе игі.

«Қазіргі балаларға сюжеті жеңіл, мо­ралі аздау, пафосы көбірек «Маша мен аю», «Настя», «Кекшілдер» («Мстители») секілді дүниелер ұнайды. Мысалы, екі әңгімені алайық. Біріншісі, тәрбиелік мәні зор да, екіншісі, дүниеге қызықтыр­ғыш әсері мол, жеңіл жазылған қысқа шы­ғар­ма дейікші. Олар екіншісіне алтын тап­­қандай жабысады», - дейді балалар жазушысы Ділдар Мамырбаева.

Сөз соңында.

Бұл бағытта №83 мектеп гимназиясының 2 және 5 сынып оқушылары арасында «Менің атым-Қожа» шығармасы мен фильмін қаншалықты қызыға қарайды немесе оқиды деген сауалнаманың көңіл көншітпегенін айта кетейік. Жауаптың жартысынан көбінде оқушылар шығармадағы кей сөздердің төркінін түсінбеген.


Гүлжан Абайқызы

Публикации автора

Қазақтың жаны — жайылым жері. Жер комиссиясы не шешіп жатыр?

Мемлекеттік басқару жүйесі. Үкіметтен министрлікке

МӘМС & Медицина

Елде бизнес ашуға кедергі көп пе?

Шетел асқан қаржылар. Экономистер не дейді?

Қымбатшылыққа кім тосқауыл бола алады?

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

ГЕОПОЛИТИКА | 21.11.2024

Санкционные противоречия и Казахстан