Общество

Сапалы білімге қалай қол жеткіземіз?

Гүлжан Абайқызы

07.04.2022

Бұл сауал жалпы бүгінгі ұрпақтың сауатты әрі салиқалы боп өсуіне жауапкершілікпен қарайтын, елдің ертеңі қандай болады деп алаңдайтын еліміздің әр азаматының көкейінде болуы тиіс. Бүгінгі өзгеріс сапа жолындағы тың жаңалық болса керек. Ел содан үмітті. Әсіресе білім беру саласында жүрген тұлға үшін жаңа көзқарас, жаңа білім, үздіксіз үйрену қашан да керек.

Білім алу ешқашан көптік етпеген. Бүгінгідей технологиясы қарыштап дамыған заманда білім көшінен қалу әсте жараспайды. Әрине ол үшін өткеннің өміршең дәстүрін бүгінмен үндестіре білер көшбасшы керек. Қазіргі білім беру реформасы уақыт тілімен жүріп келеді. Өйткені бір бағдарламаны ұстап алып, қатып қалған қағидамен білім беру қазіргі жаңартылған білім мазмұнына кереғар. Керісінше, дәстүрлі оқытудың озығын ғана алып, білім көкжиегін кеңітуге мүмкіндік мол. Осы орайда бар уақытын мектептің дамуына арнап, мектептің білім жетілдіру саласындағы ізгі ойларын іске асыру үшін еңбек етіп жүрген білікті басшы, кәсіби педагог Түркістан облысы Мақтаарал ауданы №50 «Үлгілі» жалпы орта мектебі» КММ директоры Ахментаева Айгүл Жасұзаққызы еліміздегі білім беру реформасы туралы ойларын ортаға салды. Алдымен біз білікті ұстаздан білім сын ашықтық хақында сұрадық.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Балалар бүгінгі әдебиеттен өздерін таба алмай жүр

Тұтас бір білім ордасының тізгінін ұстаған басшы өз ойын былай бастады: «Басшысы бастай білсе, он кісі жүзді жеңеді» дейді дана халқымыз. Басшыны бірнеше сипатта қарастыруға болады. Ұйымның алдына қойылған қаншама мақсатты жүзеге асыру үшін басшы нақты жеке және кәсіби қасиеттерге ие болуы шарт. Сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мұғалімнің атқаратын рөлі ерекше. Еліміздегі білім беру реформасында дәл қазір ашықтық бар деп айта аламын. Себебі сабақ үстінде оқушылар дұрыс болсын, бұрыс болсын өз ойын ашық, еркін айтуға дағдыланған. Еліміздің болашақ бағдарының оң болуы үшін «Бәсекелестік қабілет», «Үш тілде білім беру», «Компьютерлік сауаттылық», «Мәдени ашықтық» сияқты факторларға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне зиялылық және танымдық деңгейіне жаңа технология дәуірі биік талап қойып отыр. Өткеннен сабақ ала отырып, болашақтың қоржынына үлес қосу – маңызды іс. Өйткені жаһандану табалдырығында тұрмыз».

Білім реформасындағы өзгерістер білім сапасына қаншалықты оң әсерін тигізуде? Әрине шынымен ашық сөйлесу, болған проблеманың бетін жабуға тырыспай, қоғаммен бірге талқыға салу және оған жан-жақты жауап беру бүгінгі білім саласындағы тың өзгеріс. Әсіресе білім министрінің өзінің тікелей жүріп, білім саласында ұсақ нәрсе болмау керек деп, бәріне бірдей көңіл бөлуі құптарлық. Елдің ертеңін тәрбиелеуде үлкен-кіші, ірі-ұсақ деген ой болмауы тиіс. Өйткені елдің болашағы қалануда. Білім саласын дамытудағы өзгерістер иә, қазіргі таңда біршама оң әсерін тигізіп жатқан тұстары бар. Оны мектеп басшылары да, мұғалімдер де мойындайды дейді ұстаз. «Заман бір қалыпты тұрмайды, ілгері жылжып дамиды, жаңарады. Сол секілді білім реформасында жаңартылған білім бағдарламасы жүзеге асуда. Дәстүрлі оқу мен жаңартылған білім бағдарламасындағы өзгерістерге тоқталсақ, дәстүрлі оқуда мұғалім ықпалы мен қалыптасқан заңды ережені қабылдап жаттау арқылы жаттанды білімді оқушы көрсетсе, жаңартылған білім бағдарламасында оқушы өзінің құзіретті тұлға екендігін танытып жатыр. Жаңартылған білім бағдарламасы жүйесінде оқушылардың функционалды сауаттылығы басым бағытта назарға алынуда. Мұнда оқушы түсінеді, қабылдай алады, білімін жинақтайды, тәжірибеде нақты қолданады. Білім алушы ішкі ойын жарыққа шығару арқылы, коммуникативтік қатынасты нығайту үстінде. Білім алушылар арасында топтық жұмысқа дағдылану, көшбасшылыққа икемделу, сындарлы оқуға бейімделу процесі жүзеге асуда» деп ойын жалғады.

Осы орайда ақылы мектеп мен мемлекеттік мектептің арасындағы білім мен тәрбие деңгейінің айырмашылығы жер мен көктей екенін де мойындаған ләзім. Бұл ойды мектеп басшысы да құптайды. Ол өз сөзінде жекеменшік мектеп пен мемлекеттік мектептің арасында білім мен тәрбие деңгейінің аражігін де ашып айтып берді.

«Біріншіден, жекеменшік мектепте ата-ана оқу ақысын төлейді, яғни жекеменшік мектептерде беделге байланысты ақы төлеу құрылымы жоғары. Ал мемлекеттік мектептерде ақы төлеу құрылымы төмен, өйткені олар көбіне қаржыландырылады.

Екіншіден, жекеменшік мектептер бала қабылдаудан бас тартуға негіз бар. Мемлекеттік мектептер кез келген баланы қабылдаудан бас тарта алмайды.

Үшіншіден, жекеменшік мектепте бала ұзақты күн дәріс алады, мұғалімнің бақылауында болады. Үй тапсырмасын мектепте орындайды. Ал мемлекеттік мектепте бір мезгіл дәріс алады, үй тапсырмасын орындауда, сабақтан тысқары уақытта мұғалімнің емес, ата- ананың бақылауында болады. Ал әлеуметтікжағдайы төмен отбасының балалары жекеменшік мектепте ақылы түрде оқи алмайды. Елде сауатсыз балалар белең алады. Сондықтан да мемлекеттік мектептер өз мәртебесін сақтап қалу керек. Білім – баланың болашағына байланысты болатын ең маңызды ғимарат. Ақылы мектептерде оқу жоспары нақты бағыттарға көп назар аударады. Математика немесе ғылым секілді» – дейді білікті ұстаз. Осы тұста біз тәжірибелі маманнан отандық оқулық пен оқыту методикасы туралы, оның сапасы, ұтымды тұстары мен ақсап жатқан жерлеріне шолу жасауын да сұрадық.

«Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша отандық оқулық сапасы          төмен, яғни олқы тұстары бар. Атап айтқанда, біріншіден әдеби тіл нормалары жүйе   бойынша берілмеген, кенже қалған. Грамматикалық талдауға арналған жаттығулар жоқ. Оқыту методикасына келер болсақ, ұтымды тұстары баршылық» деді. Алайда ұстаз сөзінен оқулық сапасын әлі де тереңірек зерделеу керек екенін түсіндік. Тек ол қашан қалыпқа түсеріне жауапты мамандар жауап берсе дейді сұхбаттасымыз.

Ал енді осыдан бес жыл бұрын мұғалім мәртебесін көтеру керек, ол үшін ең бірінші әлеуметтік жағдайына мән берілу керек деп қоғам боп шуладық. Қазір мұғалімдердің жалақысы жақсы, қағазбастылықтан да арылды. Бірақ мәртебе мәселесін бұл да шеше алмаған секілді. Сонда бүгінгі мұғалімдер тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналу үшін қайтпек керек? Бұл сұрақ кім-кімді де толғандырары хақ. Мұғалімдердің өздерін де.

    «Рас, мұғалім жалақысы жақсы. Бірақ мұғалімнің беделін тек жалақы немесе әлеуметтік мәселемен көтереміз деу дұрыс емес. Бұл тек бір ғана тұсы. Менің айтарым, осыдан бес жыл бұрынғы мұғалім мәртебесімен салыстырғанда бүгінгі таңда әлдеқайда жоғары. Мұғалім тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналу үшін үнемі іздену үстінде болу керек. Мұғалім өзін жан-жақты дамытып, бәсекелестікке қабілетті болуымыз шарт. Солай жұмыс істеуіміз қажет. Ал мәртебе мәселесіне қол жеткізу үшін мұғалімдер өз білімдерін көтеруі керек. Қарапайым ғана түсінік, білікті, білімді, ойы азат, ұстаз келбетіне лайық мұғалімді ешкім кемсіте алмайды» Иә, білікті басшының бұл ойымен келіспеске болмайды. Өзі де жұмысқа келген жас маманнан тәжірибелі мұғалімге дейін осындай талап қойып келеді. Жүздеген адамға басшылық етіп, мектептің статусын көтеру, оның талабына сай педагогтарды ұйымдастыру үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас. Бұл орайда Күлән Жағыпарқызының өзіндік ұстанымы да бар. Расымен мектепті басқару үшін алдымен көшбасшылық қабілет қажет. Ұжымды жалаң сөзбен тәрбиелеуге болмайды дейді басшы.

 «ХХІ ғасыр парадигмасына сәйкес көшбасшылық қабілеткеде ерекше көңіл бөлінеді. Сыртқы фактордан гөрі ішкі фактордың әсерінен жүзеге асырылған жұмыс нәтижелі болмақ. Ол үшін ұжымда өзін-өзі басқаруға бағыт беру парыз. Мұғалім үніне назар аударып, кері байланыс орнату керек» деп түйіндеді ойын. 

Бүгінде мектепте білім бағдарламасын сай жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. 2020-2021 оқу жылынан бастап 3 серіктес мектепке жетекші мектеп ретінде, 4 серіктес мектепке қамқоршы мектеп ретінде жоспар бойынша коучинг, десант сабақ, тренинг, семинарлар өткізіліп жүр. Сондай-ақ кіші ғылыми жоба, үйірме жұмыстары, сыныптан тыс іс-шаралар бойынша аудандық, облыстық байқаулар бойынша жұмыстар атқарылған. Әрине білім сапасын жетілдіруде бұл жұмыстар өз жемісін беріп келеді. «Мектеп – тірі организм» деуге болады. Өйткені мұнда қайнаған өмір, білім мен ғылымның кені бар.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған



Гүлжан Абайқызы

Публикации автора

Қазақтың жаны — жайылым жері. Жер комиссиясы не шешіп жатыр?

Мемлекеттік басқару жүйесі. Үкіметтен министрлікке

МӘМС & Медицина

Елде бизнес ашуға кедергі көп пе?

Шетел асқан қаржылар. Экономистер не дейді?

Қымбатшылыққа кім тосқауыл бола алады?

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

ГЕОПОЛИТИКА | 21.11.2024

Санкционные противоречия и Казахстан