Ал енді осынша қаржы бөлінгенде үгіт-насихат тиісті деңдейде жүргізіліп жатыр ма деген заңды сауал туындайды және халық референудмға қатысуға құлықты ма? Бұл туралы заңгерлер мен саясаттанушыларды сөзге тарттық. Иә, депутаттар ауыл-елді аралап жүр. Жәй жүрген жоқ, ел үшін елеулі кезең – 5 маусымда өтетін референдумның мән-маңызын түсіндіріп, Ата Заңдағы өзгерістерден халықтың не күтетінін білу үшін. Бірақ қоғамда бұл туралы да түрлі пікір бар.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:
Партпрогноз. Действующие игроки
Бірі артық шығын шығарып, қыруар қаржы бөліп депутаттарды жібергеннен өзгерер дүние бар ма десе, енді бірі өңірлерде ішкі саясат басқармасы деген бар, неге олар түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді дегенді алға тартады.
Осы пікірмен орайлас өз ойын айтқан саясаттанушы Мақсат Жақауов былай дейді: «Бізде бір әдет қалыптасқан бір шешім шықса, соған депутаттар қыдырып кетеді. Меніңше, қазір қандай істі де цифрландырумен байланыстыруымыз керек, екіншіден, БАҚ-ты неге пайдаланбаймыз, әсіресе саяси бағытта, саяси түсіндіру бағытта. Ішкі саясат басқармаларының жұмысын қайта қарау керек, сондай-ақ жергілкті жерде үкіметтік емес ұйымдар бар, бұл тек бір партияның айналасындағы мәселе емес, бұл еліміздің болашақтағы да құжаты. Осы елде, осы топырақта өмір сүріп жатқан партиялардың бәрі бұған белсенді түрде атсалысуы қажет. Себебі олардың демократиялық мүмкіндіктері көп, әсіресе жергілікті әкімдіктер, жергілікті құзыретті органдар, қайраткерлер, зиялы қауымды пайланау керек».
Саясаттанушының айтуынша, мұндай жағдайда көрінбей жүрген саяси партиялар жұмыс істей бастайды. Сондықтан үлкен саяси науқан күтіп тұрғанын бәрі түсіну керек. Әрине бүгінгіде 21 ғасырда мұндай жүкті тек депутаттарға ғана арту қателік болыр, өйткені қоғамда тек парламенттегілер саяси сауатты деген түсінік болмау керек. Халыққа референдум, конститутциялық реформа туралы заңгердің немесе экономисттің тілімен емес, халыққа жететіндей қарапайым тілде түсіндіру қажет-ақ. Осы орайда саясаттанушы ол үшін миллиардтап ақша жұмсаудың да қажеті жоқ екенін айтады. Өзін мысалға алған ол талай рет бұқаралық ақпарат құралдарына бір тиын да алмай сұхбат бергенін алға тартты. Себебі ол азаматтық позициясы еді.
Мемлекет басшысы суперпрезиденттік басқарудан бас тартамыз, парламенттің ықпалын күшейтеміз деді. Бұл демократияландырудың өз этапымен келе жатқанын көрсетеді. Тіпті қаңтар оқиғасынан кейін бұны жеделдету қажет деп саналды. Неге? Саясаттанушының пікірінше, қазіргі саяси жағдай сондай. Халықтың талап етіп отырғаны елімізді тездетіп саяси платформаға дұрыстап орынату керектігі. Ал оны орнататын фундамент ол – Ата Заң. Біз 27 жылдан бері референдумның не екенін ұмытып қалдық, тіпті тәуелсіздік жылдары өмірге келген бала қазір 27 жастағы азамат референдумның не екенін де білмейді. Өмірі көрмеген балалар бар. «Референдумның өзі үлкен демократиялық құрал ретінде биыл болса, келесі жыл да болуы мүмкін. Бізде қысқа мерзімде болсын, демократиялық бағытқа бағытталған негізгі құжатымызды дұрыстап алмай, қалған экономикалық реформаны дұрыстай алмаймыз. Сондықтан қазіргі біздің позициямыз – әуелі саясат, сосын экономика болу керек», – дейді саясаттанушы Мақсат Жақауов.
Осы орайда, Президенттің туыстары билікке келе алмайды деген өзгеріс енді, олай болса министр мен әкімнің туыстары неге алыстатылмайды, сонда мәселе түбегейлі шешілер еді деген халық тарапынан туындаған сауалды біз сясаттанушы, заңгерлерге қойып көрдік. Олардың айтуынша, елімізде әрбір әкімдіктен бастап министрлікке дейін дициплинарлық кеңестер бар. Бұл тек конституциямен реттелетін дүние емес, конституция тек президенттің қызметін, өкілеттілігін, статусына қатысты шешім шығара алады, ал енді одан кейінгі қызметтер ол атқарушы билікте, яғни оның барлығын реттейтін заң нормалары бар. «Меніңше тым ұсақталып кетудің қажеті жоқ», деп түйіндеді саясаттанушы.
Әр нәрсенің өз деңгейі бар, жоғарыда конститутция, одан бөлек заң кодекстер деген республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының орынбасары Сағидолла Баймұрат оның бәрін реттейтін аймағы, реттейтін жері бар, сол реттеліп жатқан жерге ұсыныстарымызды орынды тастауымыз керек деген ой айтты. Бізде ондай мүмкіндік те және ақпараттық технология да бар. Өкініштісі, оны ешкім талқыламайды. Саяси азаматтық белсенділік төмен, сол себепті Үкімет тарапынан да, бизнес тарапынан да азаматтық қоғамды дамытуға қаражат бөлінуі керек. Жастарға немесе ҮЕҰ-ға берілсе, олар әрқайсы өз аудиторияларына ақпаратты жеткізер еді. Әйтпесе біз сайлауға бұрынғы соқпақпен келуіміз мүмкін. «Ал енді ішкі саясат басқармасы мұндай міндетті мойнына ала алмайды, өйткені ол мемлекеттік қызмет, оның өзінің инструкциясы бар қызметтік, ол одан артық шығып кете алмайды, кісілерге бұйрық бере алмайды, сондықтан біз осы тұстардышатастырмауымыз керек. Егер жергілікті мемлекеттік органдар референдумға атсалыссын десек, демек олардың қызмет басына функциялары жазылып тұру керек», – дейді республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының орынбасары Сағидолла Баймұрат.
Сөз соңында халық референдумға қатысуға құлықты ма дегенге келсек. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты халық арасында сауалнама жүргізген. Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға мамырдың 9-ы мен 12-сі аралығында барлық өңірден 1 мың 200 респондент қатысты. Нәтижесінде қазақстандықтардың 66,4%-ы референдумға қатысады.
Тұрғындардың 70%-ы аталған шараның өткізілетінінен хабардар. Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылардың 76,4 пайызы Қазақстан Президентінің референдум туралы бастамасын қолдайтынын білдірді. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мамандарының пікірінше, халықтың басым көпшілігі референдумның маңызын түсінген. Ал референдум өткізу идеясын қолдамайтындардың үлесі небәрі 15,4% ғана. Қалған 8% әзірге нақты шешім қабылдамаған.
Фотосурет ашық дереккөздерден алынған