Общество

«Қазақстан халқына» қорының алғашқы қадамдары қандай?

Гүлжан Абайқызы

17.02.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 1 миллиондай адам кедейшілікте өмір сүріп жатқанын айтты. Осы бір «кедей» сөзін қолданғың келмесе де қоғамның шындығы. Мойындауға тура келеді. Осындай мәліметті айтқан Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорын құру туралы тапсырма беріп, бүгінде қор жасақталып, алғашқы түскен өтініштер бойынша жұмыстарын бастап та кетіпті.

Айта кетейік, Президент бұл қорға, әсіресе елдің қазынасын қырық пышақ етіп бөліп алған бір шоғыр байлар үлес қосу керек деп баса айтты. Бүгінде қоғамдық қордың қоржынына 117 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды. Ақпарат көздеріне жарияланған мәліметтерден жұртшылық ірі компания, ұйымдар мен жеке тұлғалардан түсіп жатқан қаржы көлемін көріп отыр. «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Әлібек Әділовтың айтуынша, ірі компаниялардан бөлек тек жеке тұлғалардан түскен транзакция саны 70 мыңға жуықтапты. Яғни тек жеке тұлғалармен осынша мәміле болып, түскен қаржы 55 млн-ға жақындаған.

«Қазақстан халқына» қорына ең алдымен осы кезге дейін тексерілмей, ешкім бетін қақпай, туысқандықтарын пайдаланып, байыған олигархтар аударсын. Халыққа ақшасын беру қажет», – дейді қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.

«Мәселе әділдікте. Әділ әрі таза жұмыс істеп отырған компаниялар бар. Олар уақытымен салығын төлейді, еңбекпен қамтып отыр. Қарауына алған мұқтаж жандарға өздері-ақ көмектесіп жүр. Сондықтан ешкімнің ақысын жемеген компанияларға қаржы аудар деген талап қоя алмаймыз. Президент кезінде тексерілмей, заңсыз ақша тапқандарға өз еріктерімен тапсыруға уақыт берді. Оны біз құптаймыз» деген Мұрат Әбенов қорға қаржы аудару науқаншылдыққа айналмау қажет екенін ескертті.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР:

Фонд – народу, а кто Фонду? Часть II

Фонд – народу, а кто Фонду? Часть I 

Сонымен қоғамдық қор құрылды. Енді көптің көңілін күпті етіп отырған мәселе – қаржы кімге және қалай бөлінеді? «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Әлібек Әділов қазіргі таңда құжаттарды реттеу, штат ашу сияқты жұмыстармен қоса сала-сала бойынша, яғни денсаулық, білім, жұмыспен қамту, қолдау сияқты бағыттарда арнайы сараптамалық комитет құрылғанын айтады. Ресми өкіл сараптамалық комитет құрамында ерікті түрде жұмыс жасайтын жандар кіретінін де айтты және оларға ешқандай жалақы төленбейтінін ескертті. Мысалы, ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан, жағдайды жіті білетін дәрігер комитет құрамына кіреді.

Сондай-ақ https://qazaqstanhalqyna.kz сайтында сарапшылар деген бөлімше бар. Бөлімшеде өз саласының білгір маманы, білімі, тәжірибесі бар кез келген адам сарапшы бола алады. Бірден айта кетейік, қор ешкімге ешқандай желі немесе телефон тіпті смс арқылы да хабарласпайды. Тұрғындар тек қана сайтқа өтініш беру арқылы көмек сұрай алады.

Бүгінде «Қазақстан халқына» қорынан көмек сұрап өтініш жазғандар аз емес. Өкінішке қарай, көмек сұрағандар арасында несиені жауып беру, кәсіп ашуға көмектесу, той өткізуге қаражат сұрау сияқты қисынсыз өтініштер келіп түсуде, дейді ресми өкіл. Алайда қордың өзінің жұмыс бағыттары бар. Мәселен, оның бірі атаулы көмек болса, екіншісі даму бағдарламалары. Атаулы көмекке ауыр және сирек кездесетін аурулармен ауырған балалар, жетімдер, болашақта ауруы асқынып кету қаупі бар сәбилерге, еліміздің тұтастығын қорғау немесе адамдардың өмірін қорғау кезінде қаза тапқан, ауыр жарақат алған құқық қорғау, әскери қызметкерлере көмек беру сияқты тағы басқа бірнеше мәселелер атап көрсетілген. Ал енді даму бағдарламалары бойынша балаларға арналған спорттық және білім беру инфрақұрылымын, басқа да әлеуметтік маңызды қызметтерді дамытуға, қолжетімдігін арттыруға жәрдемдесу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға жәрдемдесу, жетім балалардың бейімделуіне жәрдемдесу сияқты бірнеше пункттері бар.

Қордың жұмыс бағыттарының кей бөлімдері көңілге қонымсыз екенін айтқан Мұрат Әбенов өз ойымен бөлісті. «Осы жерде қорға түскен ақшаның да әділ бөлінуін талап ету керек. Әрине бала болашағымыз. Олардың денсаулығы үшін көмектесу керек. Бірақ денсаулық саласына жылына 2 трлн қаржы бөлініп жатыр. Әрқайсымыз жалақымыздан жырып беріп отырмыз. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры бар. Ақша жоқ емес көп. Жәмішов келе сала түскен ақшаның басым бөлігін денсаулыққа бөлеміз дейді. Неге? Оған ашылған арнайы қор бар емес пе?» деді.

Алайда мамандар сирек кездесетін ауруларға дәрі-дәрмек алу үшін қор атынан көмектесу тек біздің елде ғана емес, дүниежүзінде қалыптасқан тәжірибе екенін алға тартады. Сол себепті бүгінде қорға келіп түскен өтініштер ішінде сирек кездесетін ауыр ауруға ұшыраған 36 баланың денсаулық жағдайы қаралып жатыр екен. Алайда нәтижесі қалай болатыны сараптау комитеті мен қор басқармасының шешіміне байланысты болмақ. Қаржының қашан берілетіні де баланың ауруына байланысты сараптамалық талдаудан кейін белгілі болады.

Ресми өкілдің айтуынша, қордағы қаражат денсаулық сақтау министрлігінің немесе тағы да басқа министрліктің екінші бюджеті емес, бұл жерде жиналған қаржы мақсатты орындалу үшін жүйелілік орнату керек екенін де жеткізді. Шынымен бұл халыққа бір реттік көмек көрсетіп немесе бір рет тамақ үлестіру қоры емес екенін кез келген қоғам мүшесі түсінуі тиіс.

Ал буынсыз жерге пышақ ұрып, әр адамның ұсақ-түйек проблемасына қордан ақша бөлінбейтінін және берілмейтінін ескерген жөн.

Сөз соңында, қазір әлеуметтік желілерде «Қазақстан халқына» қоры мүшелерінің жалақысы 600 мыңға жуық деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қордың ресми өкілі әзірге тек ерікті ретінде жұмыс істеп жатқандарын айтты. Қорға өз еркімен қызмет етіп, пайдалы ұсынстарын айтып, белсенділік танытамын деген еліміздің кез келген азаматына мүмкіндік бар. Ол үшін өз өңіріндегі әр сала бойынша жағдайды терең зерттеген, сол бағытта жіті бақылау жүргізіп, сараптай білетін білікті маман болуы шарт.

Фотосурет ашық дерекөздерінен алынған


Гүлжан Абайқызы

Публикации автора

Қазақтың жаны — жайылым жері. Жер комиссиясы не шешіп жатыр?

Мемлекеттік басқару жүйесі. Үкіметтен министрлікке

МӘМС & Медицина

Елде бизнес ашуға кедергі көп пе?

Шетел асқан қаржылар. Экономистер не дейді?

Қымбатшылыққа кім тосқауыл бола алады?

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

Инфляция ускорилась до 8,5% — Нацбанк РК

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное