Культура

Матрёшка «батыр» сөзінен шыққан ба?

Серік Ерғали

30.09.2021

Матрешка қуыршақтарды Ресейде жаппай өндіру ХІХ ғасырдың соңында ғана Абрамцев, Мамонтов шеберханаларында қолға алыныпты. Үлгі ретінде жапонның «даруму» аталатын жантаймас-қуыршағын алған. (http://ec-dejavu.ru/m/Matreshka.html). Ал жапондарға өз кезегінде ежелгі үнділік Дарум кемеңгердің Қытайға V ғасырда келген пәлсапасынан дарыса керек.

Орыс қуыршағы жақында ғана жапон үлгісінен алынғанымен, бұл «туындыны» орыс танымына «мать» - аналық негіз ұғымымен байланыстыруға тырысатын насихатты қолдан қалыптастыруда. Алайда, атауы «мать» сөзінен туындайтын болса, бұл қуыршақтар «матерушка», «матушка» неге аталмады деген сауал туындайды...

Әрине, бұл ойыншыққа ұқсас түркілерде де бірінің ішіне бірін іштестіре салатындай үлгілер аз емес. Мәселен, түркі дәстүріндегі бір біріне сыятындай етіп жасалатын үлкенді-кішілі сандықшалардың болуы. Десек те, матрешка бүгінгі орысқа ғана тиесілі кәдесый болып қалыптасқаны аян.

Мәселенің мәнісін анықтау үшін әуелі «матрешка» сөзін індетейік, бұл сөздің нағыз түбірі - «матыр» бұйрық райлы етістік, оның түпкі түбірі: «мат». [М] дыбысының түркі тілінде [Б] дыбысымен әбден орныққан ауыспалы жағдайы жеткілікті: бауыздау – мауыздау, батыру - матыру... Бұл пікірді акдемиялық сөздіктер дәйектейді.

І. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.2-том.Б–Г. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1976. 695б.: 153-154 бет

Батыр ет. 1. Суға, сұйық затқа салу, бойлату, түсіру.

2. Матыру, малу.

Басқа да ауыспалы мағыналары бар.

ІІ. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.7-том.Қ. – П (қырқы - планетааралық). – Алматы: Ғылым, 1983. – 672б.: 146-бет.

Матыр ет. Бір нәрсені тұтастай суға салып алу, батыру.

Матырыл ыр, етіс. Матыр-ыл. Ваннаға салғанда, қойдың бүкіл денесі ертіндіге толық матырылады (М.Ермеков).

Жоғарыда келтірілген сөздіктер «матыр»/батыр сөзін түбір ретінде «матрешканың» пайдасына жарап кеткенін көрсетіп-ақ тұр.

Енді мәселенің барынша байыбына бару үшін, күрделірек болса да, тарихи куәгер саналатын мифологиялық туындыларға иек артайық. «Кощей бессмертный» немесе «Кощей» аталатын орыс ертегісіндегі бас кейіпкер Кощейдің жаны (ажалы) бір біріне енгізілген/батырылған айуандар мен нәрселердің түпкісіне салынған-мыс: «Бір теңізде арал бар, сол аралда бір емен өсіп тұр,емен түбінде сандық көмулі, оның ішінде қоян жатыр, қоянның ішінде үйрек, ал үйректің ішінде жұмыртқа бар; сол жұмыртқаның ішінде Кощейдің ажалы жасырылған» (http://bibliotekar.ru/mif/57). Ертегінің орыс ұлтына дұшпан Кощейді құртуға арналған идеологиясында кейіпкер Иван бала патшаның шешесі Кощейдің ажалы қайда жасырылғанын біліп береді. Қызық жері сол, бұл көрініс қазақтың «Ертөстік» ертегісінде жүр.

Шойынқұлақ Ертөстіктің жақтасы Күнекейден туған ұлына жасырылған жанының мекенжайын сыбырлайды, оның жаны Борық бұлақтың басындағы жайылып жүретін жабайы ешкілердің ішіндегі Қара ешкінің қарнындағы бірінің ішіне бірі салынған тоғыз қара сандықшаның ең түпкісінде екен. Оны бесік астына жасырынған Ертөстік біліп алғасын ғана, Шойынқұлақты өлтіруге мүмкіндік табады.

Бұл ертегілердің желісі қайсысынан қайсысына ауысқан? Болмаса орыс ертегісі ертерек пе, қазақ ертегісі ежелгі ме? Егер «Кощейдегі» барлық таным мен есім,атаулардың түркілік екенін ескерсек, оның үстіне ежелгі түркілік дүниетанымның орнын бертіндегі Дала мен Орман қатынастарынан хабар беретін ақпараттар жыйдасы (коллекция) екенін байқасақ, «Ажалсыз Кощей» ертегісі Рустің христандану кезеңіне және ертегінің христиандық идеологияның қан-жынына айналып, өңделген нұсқа екендігі өзінен өзі көрініп тұр. «Кощейдің» ажалы жеті мекендік (теңіз, арал, емен, сандық, қоян, үйрек, жұмыртқа) құрылыммен шектелсе, Шойынқұлақтың жаны түркілік толық сан – тоғыз сандықшамен жасырылып қоймайды, оған қоса бұлақ, ешкі отары, Қара ешкі секілді қосалқы «инфрақұрылыммен» толық қамтылған.

Орыс ертегісіндегі «Кощейдің» түркілік «көшші» сөзінен алынғанын Олжас Сүлейменов әлдеқашан келтірді. Оған қарсы дәйек жоқ. Орыс кәдесыйы ретінде матрештың ХІХ ғасырдың соңында қолға ала бастауының өзі «матыраш» ұғымының бұл ортада терең еместігін, басқа танымның туындысы екені жоғарыда айтылды.

Жалпы алғанда, жанның бір біріне іштестіріле енгізілген нәрселердің түпкісіне жайғастырылуы ежелгі түркілік жан туралы танымнан хабар береді, адам жанының тоғыз қабаттан тұратын күрделі құрылымдық сыйпатын шығысславяндық ортаға барынша таяу түркілік танымнан ғана таба аламыз.

Орысша «матреш» сөзінің бастапқы аналогы/сыяғы «матыраш» екені анық байқалады және бұл ұғымның қазақта күні кешеге дейін «батыраш» түрінде сақталып келгендігі мәлім. Матыраш-батыраш ұғымы бату,жасырыну,тығылуды білдіретін түркілік танымның бір көрінісі. Батыраш – Ақан серінің Құлагер атты сәйгүлігін тасада жасырынып тұрып, өлтірген қаскөйдің әдеби аты.

Орыс халқының этнографиялық келбетіне айналған коммерциялық ХІХ ғасырдағы жобаның сәттілігі мен тарихи құндылығын құрметпен еске ала отырып, сондай-ақ, оның тамыры түркілік танымда жатқанын оқырманға ескертуді парыз санадық.


Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 07.10.2024

Это важно для будущих граждан страны — Александра Суслова

ИНТЕРВЬЮ | 07.10.2024

Символ прогресса и развития

НОВОСТИ | 07.10.2024

Около 800 млн тенге заплатили казахстанцы за услуги психиатра

НОВОСТИ | 07.10.2024

Только 53,2% домохозяйств в РК подключены к газу

НОВОСТИ | 07.10.2024

Более 37 миллиардов тенге вывели казахстанцы из ЕНПФ за месяц

НОВОСТИ | 07.10.2024

Президент Монголии Ухнаагийн Хурэлсух посетит Туркменистан