Культура

Ашамай. Икс. Керей таңба

Серік Ерғали

17.09.2021

Қазақта 4-5 жастағы ер баланы алғаш рет атқа отырғызатын арнайы салт бар. Атқа ерттелетін ерді «ашамай», ал ғұрыптың аты да «ашамайға мінгізу» аталады. Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғанын білдіреді. Бұл ғұрыппен ер бала алғаш рет өзінің жыныстық жағынан жіктеледі. Қыз баланы бұлай атқа отырғызбайды.

«Ашамай» нені білдіретін сөз? Бұл сөз – Аш+амай екі сөздің қосылуынан құралған, мұндағы аш/ас сөзі «аспан» сөзінің түбірі де, екінші сөз «амай/ұмай» Жердің рухын білдіретін Ұмай ана ұғымының атауы. Ислам дәуіріне дейінгі тәңірлік танымға сәйкес бұл ғұрып баланы Көк пен Жердің ортақ ұрпағы ретінде меңзеп тұр. Түркілер Көкті әке, Жерді ана тұтады.

Ашамай ер балаларға арналған ат тұрманы саналады, есейген адамды ашамай ерттелген атқа отырғызбайды.

Ашамай – ең көне ат әбзелі, ал қазіргі ертоқым оның жетілдірілген түрі. Ашамайдың екі басын төрт ағашты екі-екіден айқастырып бекітіп, гректің Х қарпі түріндегі аттың арқасына орнықты болатындай жасалады. Екі басын қосып қаптал орнатады.

Ашамайлы ердің тұрқына келсек, ол бір біріне айқастырыла бекітілген екі сырықшадан құрастырылатын ғұрыптық тұрман екені байқалады. Бұл ежелгі тәңірлік танымның сілемін байқататын әлдебір жоралғы (ритуал) жұрнағы болуы керек. Осыдан келіп, «ашамай» делініп жүрген баланың ері, әубаста қасиетті Х түріндегі таңбаның материалданған нұсқасы еді. Бұл таңба Көк пен Жердің, аталық және аналық негіздердің үйлесімі мен тұтастығын, тіпті айқасымын да білдіреді. Осыдан келіп адамзат танымында бүгінде беймәлім таңбаны білдіріп келген крест таңбасы өзінің әу бастағы бастауын осы негіздердің бірлігінен алған еді, бұл қытай ұғымында «ин-ян» тұжырымын қалыптастырды.

«Крест» сөзінің өзі түркілік «күрес»/айқас сөзінен туындағанын төркіндетіп жүрген лингвисттер де бар. Шамасы осыдан келіп, ежелгі аттылармен араласта болған гректерде Х иероглифін тудыруы ғажап емес. «Икс» сөзінің өзі түркілерде айқас, ұйқас сөздерінің айтымы мен мағынасына дәл келеді. «Ұйқас» сөзінің «үйкес» түріндегі жіңішке айтылуынан «икс» сөзі анық аңғарылады. Қазақша «үйкесу» етістігі үйкеліс, қажалу, қайшылық мағыналарын білдіреді. Бұл бір біріне қарама-қарсы негіздердің өзара қайшылық қасиетін әйгілеп тұр. Ал «ұйқас» сөзі олардың үйлесімі мен жарасымын білдіреді. Қысқасы, бұл - адамзаттық «бірлік пен қайшылықтар» (единство и противоположности) деген пәлсапалық тұжырымның материалданған сілемі.

Қазақ халқы осыншама терең мағыналы философияны қарапайым деңгейде сіңіріп, тіпті тұрмыстық құнылыққа айналдырып, адам өмірінен ажырамас тәсілмен паш еткен!

Осындай жолдармен ашамай таңбасы қазақтың керей тайпасының бас таңбасы болып орныққан. Осы таңба арқылы бұл тайпаның іргесі ежелгі таныммен астасып және тарихы мыңдаған жылдарды қамтитынын аңғаруға әбден болады.

Қазақтың тұрмыстық бұйымдары біз айтқан таным мен таңбаға тұнып тұр. Мысалы аттың жүгені жиналған бетте әлгі ашамай таңбасын елестетеді. Ал қазақ киносының классикасы саналатын «Қыз Жібек» филміндегі Төлегеннің ақ боз атының жүгенін бойлаған ашамай таңбаны қаптатып безендірден советтік этнографияның ежелгі танымнан бас тарта алмағандығын байқаймыз.

Бұл жүгенде сонымен бірге бір біріне қазақатар тігіңкі «қос әліп» таңбасы да араласа келтірілген. Бұл да аталық пен аналық негіздердің тағы бір иероглифтік көрінісі екенін мойындауға мәжбүрміз. Ал бұл - қазақтың қыпшақ тайпасының таңбасы.

Сайып келгенде, ашамай ері мен таңбасы қазақ халқының космогониялық кеңауқымды танымы мен оның тұрмыстық көріністегі даналығын паш етіп тұр.


Серік Ерғали

Публикации автора

Қазақтың тұңғыш Олимп чемпионы

Төріктер өркениеті: монша мен кәріз құбыры

Ыбырайым батыр

Мамира – СМЕРШте қызмет еткен жалғыз қазақ қыз

Ташкент – Қазақ хандығының ордасы

Ауған асқан Тақан атаның хикаялары

Топ-тема

Другие темы

СПОРТ | 14.12.2024

Бельгия — фаворит. Мы — в аутсайдерах

ИНТЕРВЬЮ | 14.12.2024

Алексей Шемес: Я искал Спилберга!

НОВОСТИ | 13.12.2024

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

НОВОСТИ | 13.12.2024

Что построят вместо резиденции президента в Актау

НОВОСТИ | 13.12.2024

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

НОВОСТИ | 13.12.2024

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы