Общество

Қазақ-жапон бір туған

Серік Ерғали

27.10.2021

Ғылымда «маңғол дағы» аталатын ұғым бар. Жаңа туған баланың құймышағында, көбіне оң жақ жамбасына таман жерде көгіс болады. Бұны қазақтар бала туарда періштесі тезірек туғызу үшін ұрғаннан қалған дақ деп түсіндіреді. Бірақ бұл көбіне қазақтар мен маңғолдарда,жапондарда кейбір басқа түркі халықтарында кездеседі.

Жапондардың арғы тегі қазақ даласынан кеткендігі де сөз болуда. Екі халық та алтай тілдер тобына жатады, тілдері жалғанбалы, буындас тіл болып келеді. Профессор Иоккайши Йасухироның келтіруінше, мысалы, жапонның «карасу» сөзі қазақтың «қарға» сөзіне келеді. Ата: жапонша дада, ада; ана: ама, ава. Бұл сөздер осы күйінде шумерлерде де жүр, демек, жапон-қазақ туыстығы сол дәуірден келе жатыр деген сөз. Осыған қарағанда, 5 мың жылдай бұрын қазақ-жапон бір туған болған.

Жапон ғалымы Морикава Татсуйа екі халықтың тілін зерттеп, жапон мен қазақтың туысқандығына назар аударып жүр. Оның айтуынша бұл ғана емес, сөз бен сөйлем құрау құрылымы да бірдей көрінеді. Апа, ата, ана, бір, екі, төрт, жүз, мың секілді айтылу мен мағынасы дәлме-дәл болып келетін сөздер өте көп. Бұдан басқа мақал-мәтелдердің де мән-мағынасы бір-біріне өте жақын болып келеді. Тілдің қарапайымдығы мен даналығы екеуінде де бірдей болып келетіні қайран қалдырады. Мысалы, «кейде қағаз батады, ал тас қалқиды» (қазақта: қалауын тапса, қар жанар), «жаман адамға дос болғанша, жақсы адамға қас болған артық», «ақшаң болса, қожайының ақымақ болар» (қарның тойса, қарта боқ сасиды) дегендей мақалдар қазақта да жетеді. Мәселен қазақтың домбырасы жылқыны тұяғының дүбірін айнытпай береді, дәл сондай жапонда да саз аспабы бар - сабура; көбінесе қазақта да, жапонда да саз ырғағы бес дыбыстан тұрады. Мысалы жапонның «кото» аспабы қазақтың жетігені деуге болады – түрі де, дыбысы да аумайды. Бұдан басқа да ұқсас аспаптар жетеді, олардың бәрі ежелгі Дзюмоно дәуірінде Окинава аралы арқылы жапондарға жеткен көрінеді.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Сибагат Алдыяров: «Вокруг Олимпиады в Токио с самого начала было много курьезов и скандалов»

Дзюмоно дәуірі айн тайпаларының дәуірлеген кезеңі. Айндардың қазақтарға жақындығы тым айқын. Олардың антропологиясы да, қолөнеріндегі қошқар мүйіз секілді оюларға дейін айнымайды. Киімдеріндегі ою-өрнектер, кестелер барынша жуық. Айндар қазір Хокайда аралында тұрып жатыр. Олар аз қалды, көпшілігі жапондасып, сіңісуде.

Жапондардың табиғатты сүюі мен оған табынуы екі халықты барынша жақындастыра түседі. Әсіресе күнді қастерлеу ерекше, тіпті екі елдің туында да күннің бейнесі жалауға түскен.

Қазақта екі достың бір-біріне анда болу салты бар, ол үшін екі батыр қандарын бір ыдысқа құйып біріктіреді де, серттесіп ішкен. Осыдан кейін олар қандас немесе анда деп аталған. Дәл осы анттасу дәстүрі самурайлар дәуірінде де болғандығы мәлім.

Қай жағынан алсақ та жапон мен қазақ өзара жақын халықтар.



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

ГЕОПОЛИТИКА | 21.11.2024

Санкционные противоречия и Казахстан

НОВОСТИ | 20.11.2024

Фабрика по выпуску сплава Доре заработала в области Абай