Общество

Бейбіт күнде қираған қала. Үміт еткен тұрғындар

Гүлжан Абайқызы

02.02.2022

Қазақта «Бетеге кетсе, бел қалар. Бектер кетсе, ел қалар, берекең кетсе, нең қалар?» деген нақыл сөз бар. Шыны керек тәуелсіздік алған жылдар ішінде бұрынғы кеңес тұсында дәуірлеген кей қала, аудан, ауылдар береке-бірлігінен ажырап, ауыл халқы алтын бесіктен тамырын үзіп кете берді. Ауылдан үдере көшудің алғашқы көші осылай басталған еді. Сол жылдардан бастап қаншама ауылдың иесі кетіп, киесі қашты?

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың басында Қазақстанда 6 мың 454 ауыл ғана қалған. Соңғы он жылда елімізде 500-ден астам ауыл жойылған.

Тоқсаныншы жылдың тоқырауында ісі кері кетіп, тұралап қалған ауылдың бірі – Қарағанды облысына қарасты Саран қаласы маңындағы РТИ ауданы. Өйткені бұл аудан ірі өндіріс ошағы негізінде құрылып, 1974 жылы Қарағанды маңынан ашылған еді. Саран қаласындағы резина техникалық бұйымдары зауыты теңдесі жоқ кәсіпорындар қатарында болды. Кеңес тұсындағы зауыттың 25 цехында 6 мыңнан астам адам жұмыс істеп, резеңке бұйымдарының 900-ден астам түрін шығарған. Дайын өнімдер кеңес одағын құрамындағы барлық елдермен қатар Венгрия, Вениль, Лаос, Эфиопия, Куба сияқты елдерге жіберілді. Өйткені оларға негізгі қаржы көзі одақтас мемлекеттерден түсіп отыратын. Тауарды экспорттау кеңес қазынасына аз олжа салған жоқ.

Ал енді өндіріс болған жерде, тіршілік бар. Ең бастысы жұмыс орны көптеп ашылып, адамдардың әлеуметтік жағдайына мүмкіндіктер жасалды. Араға аз уақыт салып, зауыт маңынан жұмысшыларға арналып, ықшам аудан бой көтерді. Сол кезде Саран қаласының РТИ ауданы деп аталатын елді мекенде 25 мыңнан аса халық тұрды. Зауыт жастары үйлі-баранды болды, мектеп, балабақшалар да бірінен соң бірі бой көтерді. РТИ жастар қаласы болатын. Шаһарда колледж, кітапхана сияқты әлеуметтік нысандар халыққа қызмет етті. Алайда қазір сол кездегі қызу еңбек майданы қайнаған сәттің бәрі тарих көшінде қалды. Өйткені Кеңес одағы ыдырап, әр ел өз тәуелсіздігін ала бастағанда кәсіпорынның бұрынғы іскерлік байланыстары үзіліп, зауыт жұмысы тоқтатылды. Нәпақасыз қалған ел енді өз әлдерінше тірлік етудің жолын іздеді. Сөйтіп ауылдан адамдар кете бастады. Көрікті шаһар бұрынғы келбетінен айырылды. Бір кездері ауданның сәулеті мен дәулеті болған зәулім үйлер қаңырап бос қалды. Кеңес дәуірінде сұранысқа ие болған транспорттық резина бүкіл кеңес одағының резина бұйымына деген қажеттілігін өтеген еді. Енді, міне, сол берісі одаққа әрісі алыс шетелге бағалы болған бұйымдар цехы қазір қоқыс алаңына айналды.

18 жасынан бастап осы зауытта еңбек еткен Раиса Ребар, сол кезде өркендеген зауыт құлайды десе сенбес еді. Қазір жұртта қалған мекенде бір кездегі дәуірлеген зауыттан белгі боп қаңыраған жартастар тұр.

«90 жылдың басындағы тоқырау зауыттың да дамуын тежеді, шекаралар жабылып, кәсіпорын шикізатсыз қалды. Дайын өнім де өтпей қоймаларда толып тұрып қалды. Жалақы да берілмей, орнына резеңке бұйымдарын беріп, оны арзан бағаға сатып халық әупірімдеп күн көрдік. Зауыт қаланы электр энергиясымен қамтамасыз етті. Ол жабылған соң шаһар жарықсыз, сусыз тіпті жылусыз қалды. Күн көріс қиындаған соң халық жаппай көше бастады» – деп еске алды РТИ ауданының байырғы әрі бүгінгі тұрғыны Раиса Ребар.

Содан бері ауыл мәртебесінен айырылған өңір жұртта қалған тайлақтың күйін кешуде. Себебі елімізде ауыл "ауыл" мәртебесінде қалуы үшін онда ең кем дегенде 50 адам тұруы шарт және оның ішінде жергілікті жұртшылыққа қызмет көрсететін әртүрлі мамандар болуы қажет. Жасыратыны жоқ Қазақстанда аты өшіп, картадан сызылған ауыл тек РТИ ғана емес, өте көп. Ал, енді, әсіресе, халықтың әл-ауқатын көтерген, тұрмысын түзеуге сеп болып, өндіріс ошағына айналған ауылдарға Үкімет қайта бір қайырылса, ұтылмас бәлкім. Қазірде жұртта қалған мекенде өздерінің қызық та қызу еңбек жылдары өткен өлкеден кеткісі жоқ бірен-саран тұрғын бар. Олар бір кездері бектер кеткен ауылдың берекесіне берік болғысы келеді. Өйткені бір күні бұл жерде тағы тіршілік таңы атарына сенеді.

Сөздің реті келгенде айта кету керек, Қарағанды облысының Саран қаласында тағы бір өндіріс ошағы пайда болатынын Үкімет айтты. Өңірде  шина шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Зауыттың өндірістік қуаты бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 млн көпбейінді шина шығаруға мүмкіндік берсе, кейіннен ол өсім жылына 9 млн шинаға дейін жеткізіледі екен. Зауыт еліміздегі автомобиль өндірісін оқшаулау деңгейін арттыруға және шиналар импортын алмастыруды қамтамасыз етеді. Осы ретте өнімнің 40%-н экспорттау жоспарланып отыр екен. Мамандардың айтуынша, мұндағы өнімдер жоғары экспорттық әлеуетке ие болмақ. Ең бастысы зауытта 1100-ден астам жоғары білікті жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Осындай жаңалықты естіп-көріп отырған РТИ тұрғындары болашақтан үміті зор.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған:

https://voxpopuli.kz/


Гүлжан Абайқызы

Публикации автора

Қазақтың жаны — жайылым жері. Жер комиссиясы не шешіп жатыр?

Мемлекеттік басқару жүйесі. Үкіметтен министрлікке

МӘМС & Медицина

Елде бизнес ашуға кедергі көп пе?

Шетел асқан қаржылар. Экономистер не дейді?

Қымбатшылыққа кім тосқауыл бола алады?

Топ-тема

Другие темы

КУЛЬТУРА | 28.03.2024

Тектурмас. Хадж по-советски

ИНТЕРВЬЮ | 28.03.2024

Исправляя чужие ошибки, не наделать своих

ГЕОПОЛИТИКА | 28.03.2024

Казахстан открывает двери для европейских инвестиций в добычу редких минералов

АНАЛИТИКА | 27.03.2024

По следам выступления верховного главнокомандующего на 3 Курултае

КУЛЬТУРА | 27.03.2024

Верненские магнаты: жизнь и судьба

АНАЛИТИКА | 27.03.2024

Антитеррор – это серьезно