Общество

Онлайн алаяқтық – дауасы жоқ дерт пе?

Гүлжан Абайқызы

25.10.2021

Қаржы саласындағы киберқауіпсіздік мәселесін зерттеп жүрген сарапшылар, әсіресе, былтырғы пандемия кезінде интернетшабуылдың үдеп кеткенін айтады. Карантин кезінде онлайн сауда, онлайн жұмыс ыңғайлы болғанымен ақпараттық технологияны бес саусақтай меңгерген алаяқтардың әрекеті талай жанды сан соқтырды. Кейін ел карантиннен шығып, қалыпты жағдайға келе бастады. Алайда интернет алаяқтық өршімесе, басылған жоқ.

Ішкі істер министрлігінің соңғы деректеріне сүйенсек, биыл жыл басынан бері 11 мыңнан астам алаяқтық жасалғаны және зардап шеккендердің көбі Instagram, WhatsApp желілері арқылы алданған. Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік желідегі алаяақтықтың алдын алу мақсатында халыққа кең көлемді ақпараттық -түсіндіру жұмыстарын жүргізілгеніне қарамастан хакерлердің қулығына құрық бойламай тұр. Осы жылдың басынан ішкі істер органдарының бөлімшелері бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтық жасаудың әдістері мен схемалары, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы 1000 -нан астам басылым жариялаған. Алайда бұл ушыққан мәселенің шешімі болмай тұр.

Айта кетейік, аумақтық полиция басқармаларында аты дүрдей бөлімдер ашылды. Интернеттегі алаяқтықты ашу үшін құрылған мамандандырылған тергеу -жедел топтары осы қылмыстарды жасау әдістерін талдайды екен.

Әсіресе несие беру, банктік қызмет және ұялы ақша аударымдары бойынша алаяқтықтың алдын алуға негізделген жұмысты әлі де күшейту керек-ау деген ой келеді. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қаңтар-шілде айларында алаяқтық қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу кезінде 1 миллиард теңге өндірілген.

Интернеттегі алаяқтықтың ең кең тараған әдісі – біріншіден, әлеуметтік желі чаттары арқылы алдану. Алаяқтардың құрбаны болған елорда тұрғыны Әлия (кейіпкердің өтініші бойынша есімі өзгертілді). Ватсап желісіне досының фотосын қойып, ақша сұраған алаяққа оңбай алданғанын айтады.

Әлия, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Ақша сұраған кезде шынымен мен досым деп ойладым, телефон нөмірінің өзге болғанына қарамастан, фотосы тұрған соң сендім. Тіпті сөйлеу, жазу стилі де құрбымнан айнымады. Қажет боп тұр деген соң қиналып тұр ғой деп 140 мың теңге аударып жібердім.

Танысы, туысы, досы болып сөйлесіп, сеніміне кіріп қалтаны қағу әдісін әбден меңгергендер құрбаны туралы ақпаратты қайдан, қалай жинады деп бас қатыруға болмайды дейді мамандар.

Серік Холдас, Ақпараттық қауіпсіздік ұлттық орталығының директоры:

- Адамдар өздері туралы ақпаратты өздері жайып салып отырады. Ешқандай қорғаныс жоқ, бәрі ашық. Олардың жазу, сөйлеу стилі, тіпті қайда барғаны, кіммен жүргені, не сатып алғаны бәрі-бәрі парақшаларында сайрап жатады. Сондықтан алаяқтар құрған тұзаққа өздері осылай түседі. Яғни бұл жерде айтарлықтай кибершабуыл емес, адамдар хакерлердің арбауына ашық ақпарат арқылы оңай түсіп жатады. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік жағын ойлауымыз керек.

Онлайн жарнама арқылы өнімге кейде қызметке бөліп немесе толық алдын ала төлем алу жасауды да қитұрқылыққа пайдаланып отырған алаяқтар жетіп артылады. Содан соң не тауар жоқ, не ақша жоқ сан соғып алданғандардың барар жері полиция.

Ал алаяқтарға алданған тағы бір тұрғын полицияның іздестіру тобының арқасында күдіктілер ұсталғанымен, оларға қандай жаза тағайындалды, сотқа жіберілді ме, жоқ па әлі күнге не тергеуші, не қалалық полициядан хабар жоқ екенін айтады. Алаяққа бір алданғанына ашынғандар погон таққандардың салғырттығына қайран қалады.

Қазір жергілікті полиция департаменттерінде кибер қылмысқа қарсы күрес деген бөлім бар. Аты білдей болғанмен, оларға барып арыз жаза қалсаң, көңілің нілдей бұзылады. Өйткені санға ғана жүгініп, мынша алаяқ ұсталды, іс сотта қаралуда деген саны болғанмен не сапа, не салмағы жоқ есеп беруден жалықпайтынын көз көріп жүр. Тіпті арыз жазылғаннан кейін 3 күннен соң санкция шығарылады екен. Одан кейін де бірнеше процестен өтеді. Бұл тек қағаз процесі. Ал қазіргідей ақпараттық технологияның дамыған кезінде жазылған арыз бойынша жауапты бөлімшеден 3-4 күндеп күтудің өзі күлкілі.

Иә, адам өзі кінәлі, өз қаражатына өзі мұқият болу керек дерсіз. Алайда жаны қысылған жақының ақша сұраса, оны тергеп-тексермей-ақ қаражат аударып жіберу қаржылық сауатсыздық емес. Осындайда адамгершілік деген қасиеттің өлмегенін көресің. Сол қасиетті пайдаланған алаяқтарды ұстау, қылмысты ашу сонша қиын ба? Егер ол қылмыс ашылмайтын болса, аты дүрдей кибер қылмысқа қарсы бөлім неге құрылды? Бұл да ойланатын сұрақ. Жауапкершіліктің жоқтығы, салғырттықтың салқыны істі алға жүргізбейтіні анық.

Ал енді алаяқ та, сол алаяққа алданып жүргендердің дені де өзіміздің қаракөздеріміз екені шынымен қынжылтады. Оған дауа бола ма?


Гүлжан Абайқызы

Публикации автора

Қазақтың жаны — жайылым жері. Жер комиссиясы не шешіп жатыр?

Мемлекеттік басқару жүйесі. Үкіметтен министрлікке

МӘМС & Медицина

Елде бизнес ашуға кедергі көп пе?

Шетел асқан қаржылар. Экономистер не дейді?

Қымбатшылыққа кім тосқауыл бола алады?

Топ-тема

Другие темы

НОВОСТИ | 21.11.2024

350 млрд тенге заработали производители РК на госзакупках

НОВОСТИ | 21.11.2024

Сенат вернул в мажилис проект бюджета

НОВОСТИ | 21.11.2024

Улицу именем бывшего премьер-министра РК назвали в Астане

НОВОСТИ | 21.11.2024

Львенка пытались продать в Шымкенте

НОВОСТИ | 21.11.2024

Экстрадированному из РФ казахстанцу грозит пожизненное

ГЕОПОЛИТИКА | 21.11.2024

Санкционные противоречия и Казахстан