Интервью

Нұрсұлтан Бекқайыров: «Волонтерліктің көмегімен азаматтық қоғамды да қалыптастыра аламыз»

Редакция

15.03.2023

Қазіргі таңда еліміздегі жастарға қандай мүмкіндіктер жасалған? Жастар ол мүмкіндікті пайдаланып жүр ме? Волонтерлікпен кім айналыса алады? Қоғамның барлық мүшелерін волонтерлікке тарта аламыз ба? Оның нәтижесі қандай болмақ? Бұл төңіректегі ойларымен Алматы қаласының волонтерлер фронт-офисінің үйлестірушісі Нұрсұлтан Бекқайыров бөлісті.

- Республикамыздың Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған реформалардың ішінде қайсысын атап өтер едіңіз?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда көптеген реформаларды іске асырып жатқанын көріп келеміз. Оларды өзіміздің өмірімізде сезініп те жүрміз. Қазақстан Республикасының жас азаматы ретінде жастар саясаты туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін қолдаймын. Сонымен қатар, мен волотерлермен жұмыс істейтіндіктен, волонтерлерлік қызмет туралы заңдағы өзгерістер де көңілімнен шықты. Алдымен, республикадағы жастардың жасы осыған дейін 29 болса, қазір 35 жасқа дейін ұлғайды. Осының нәтижесінде бүгінгі таңда жастар санатына жататын адамдардың саны көбейді. Ол отандастарымызға эмоционалды, позитивті әсер еткен шығар. Сонымен қатар көптеген мемлекеттік бағдарламаларда жастарға арналғандарында жас шегі 29 жасқа дейін еді. Тұрғын үй бағдарламалары да 29 жасқа дейін болатын. 35 жасқа дейінгі азаматтар кірмей, көптеген мәселелер туындайтын. Енді 35 жасқа дейін ұзартқаннан кейін, олар да бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін алды. Бұл өте жақсы бастама. Оның қазір болмаса да, бірнеше жылдан соң позитивті нәтиже беретініне сенімдімін. Сонымен қатар былтырғы Президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының көбі жастар үшін емес, жастармен бірге деген концепциямен жасалғаны қуантты. Қандай да бір бағдарлама болса, оның жүзеге асырылуына, оның дайындалуына жастарды қатыстыру, жүзеге асыруда жастардың үлесі болуы айтылған болатын. Осыдан кейін Парламенттегі жастарға арналған квота, мәслихаттардағы квота осы концепцияның іске асуы деп ойлаймын. Мемлекеттің маңызды шешімдерінде жастардың үні болуы керек, жастардың сөзі болуы керек. Енді Парламент Мәжілісінде 20 пайыз жастар болатын болды. Біздің замандарстарымыз, қатарластарымыз Парламентте өздеріне қатысты жастар саясаты туралы заңды қабылдады. Олар жастардың арасынан шығып, жастардың арасындағы мәселелерді талқылауға, тұрып қалған мәселелерді көтеруге ат салысты.

- Сонда қазіргі уақытта жастар ел басқару ісіне араласуға мүмкіндік алды дейсіз ғой?

30 жылда жастарға жағдай жасалмады десек, жалған болады. Бірақ қазіргідей нақты жастарға квота беру болған емес. Мәселен, 20 жасында Жансая Әбдумәлік ең жас мәслихат депутаты атанды. Бұл жастарға мемлекет беріп отырған мүмкіндік. Осы тұста, соларға қарап, біздің жас достарымыз өзінің белсенділігін арттыра түсті деп айтуға болады. Қазір байқап жүрміз – көптеген азаматтар, жас достарымыз саясатқа араласқысы келеді. Олар мүмкіндікті, мемлекеттен жасалған жағдайды көрді. Ел басқару ісіне араласу үшін олар өз белсенділіктерін арттырды. «Жастардың мәселелерін шешіп берсін, мемлекет жағдай жасап берсін, осындай бағдарлама керек, шешіңдер, жасаңдар» демей, «бәріміз бірге шешейік» деп ойларын өзгерте бастады. Жастардың арасында осындай көзқарас қалыптаса бастады. Олар «мемлекет маған мүмкіндіктер беріп отыр. Мен жақсы оқысам, ойымды жақсы жеткізсем, идеяларымды жақсы қолдансам, жүзеге асыратын тетіктер мен механизмдерді білсем, мемлекет мені қолдайды. Менде заң бойынша мәслихат депутаты немесе Мәжіліс депутаты болуға мүмкіндіктер бар» деген үмітте.

Қазіргі белсенді жастарға бағытталған «Президенттің жастар кадрлық резерві» – тамаша бағдарламалардың бірі. Бүгінгі таңда белгілі бір нәтижеге, жетістікке жеткен, өзінің қоғамда алатын орны бар жастар кадрлық резервке түсуге ұмтылады. Бағдарламаның алғашқы жылында қатысқан жастар осы күні атқарушы билікте, Үкіметтің құрамында вицеминистр, комитет басшысы сияқты жақсы қызметтерде еңбек етуде. Олар билікке араласуға мүмкіндік алды. Қазір жас министрлеріміз де бар. Олардың барлығы Президенттің жанындағы жастар кадрлық резервінен алынып жатыр. Алдағы уақытта дәл осы қарқынмен жалғасатын болса, біздің жастар сонда баруға ұмтылады.

- Уақыт өте келе елімізде волонтерлерге деген көзқарас өзгерді ме?

Елімізде 2019 жыл – жастар жылы болды. Ал кейін жастар жылының логикалық жалғасы ретінде волонтерлер жылы жариялады. Біз университеттің І курсынан волонтерлік қызметте жүргендіктен, осы шешімге өте қатты қуандық. Сол 2020 жылы пандемия бастау алды. Бұл тұста волонтерлер жылы өте актуалды болды. Олардың саны күрт көбейді. Волонтерлер жылы жарияланғанға дейін де әрине біздің ұйымдарымыз болды, волонтерлер де болды. Бірақ 2020 жылы волонтерлердің жұмысы жүйеленді. Волонтерлер статусқа ие бола бастады. Қоғамның, ересек адамдардың бізге, волонтерлерге қатысты ойлары өзгере бастады. Өйткені пандемия, түрлі төтенше жағдайлардан кейін волонтерлердің көмегі байқалды. Біздің волонтерлер небір қиын жағдайларда көмектерін аяған жоқ, өздерінің денсаулықтарына қауіп төніп тұрғанын біле тұра, вирустың өршіп тұрған кезінде волонтерлік қызметтен бас тартқан жоқ.

Жалпы волонтер дегеніміз – қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарай алмайтын адам. Олар өзінің бос уақытын біздің қоғамның дамуына, қоғамның қайырымды, парасатты, әділ болуына көмектесетін адамдардың тобы. Бірақ бастапқыда елімізде волонтерге деген көзқарас басқаша болып қалыптасты. Адамдар бізді іссіз-жұмыссыз жүргендер деп ойлады. «Сабақтарыңды оқыңдар» деп айтатын. Кейбір ұйымдар, коммерциялық ұйымдар, университеттер волонтерлерді тегін жұмыс күші деп ойлады. Бізде волонтер деген түсінік мүлде болмады. Ол кім деген сұрақ жиі туындайтын. Бұрын университеттерде «активистер» белгілі бір мәселелерді шешетін. Біз ол екеуі бір, «волонтер» халықаралық термин, «активист» деген сөздің термині деп түсіндірдік. Ол шаруа да оңай болмады. Стереотиптер көп болды. Мәселен, көпшілігі волонтер тек жас болуы керек деп ойлады. Үлкендерге волонтер болыңыз дегенде, олар бұл қызметті қабылдамады. Сабаққа бармайтын, тегін жұмыс жасайтын жастар ғана волонтер екен деп ойлады. Халықаралық ұйымдарда, БҰҰ-да, жалпы әлемдік стандартта волонтер жас та кәрі де болы мүмкін. Осылайша еліміздегі волонтер жылынан кейін волонтерлердің жұмысы жүйеленді, волонтерге деген стереотиптер бұзылып, қоғамның көзқарасы позитивті бола бастады. Осыдан соң барлық қоғам мүшелері волонтерлік туралы ойлана бастады. 18 жасар бала сабақтан тыс уақытын қоғамның дамуына пайдаланып жатса, зейнеткер ретінде мен неге қоғамға өз үлесімді қоса алмаймын деген ойға келді. Құрметті демалыстағы жандардың тәжірибесі бар. Олар тәжірибелерін бөлісу арқылы қоғамның қайырымды, парасатты болуына үлес қоса алатынын түсінді. Кезінде Әл-Фарабидің өзі қайырымды қаланың тұрғындарын туралы армандады ғой. Азаматтар бәріміз бір-бірімізге қайырымды болуымыз керектігін түсіне бастады. Біздің волонтерлер лигасы құрылған уақытта қатарымызда тек жастар ғана, студенттер ғана болатын. Волонтер жылының нәтижесінде жүйелі жұмыстар жасалып, бағдарламалар қабылданды. Соның бірі – «Күміс волонтер» деген ұғым енгізілді. Біздің қатарымызға 40 жыл мектепте еңбек еткен апайларымыз қосылды. Көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушылар мектептен кейін қосымша сабақтарға баруы үшін, біз оларды жинап, математикадан дайындық курстарын ұйымдастырдық. Бұл балаларға жаңағы кезінде математикадан сабақ берген апай аптасына бірнеше рет 2 сағат тегін консультация беретін болды. Сонда мұқтаж балалар да, зейнеткер де өзінің қоғамға керек екенін түсінді. Біз сол екі ортада көпір бола алдық. Зейнеткер өзін волонтер ретінде сезінді. Бұл түсініктің кең екенін түсінді. Ол қоғамдағы жағдайларға бей-жай қарай алмайтын азамат екенін түсініп, біздің ортамызға қосылды. Бүгінгі таңда қатарымызда 14 жастан 78 жас аралығындағы волонтерлеріміз бар. Волонтерлердің арасында жасы үлкен, жалғыз тұратын жандар да бар. Мәселен, тігін фабрикасында еңбек еткен жалғызбасты әжеміз қыздарға тегін шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Олар өзінің жалғыздығын сезінбейді, уақыттарын жақсы өткізіп, жақсы көңіл күйде жүретін болды. Кей волонтерлерміз ештеңе үйретпесе де, басқа шаруада көмектесті. Үйде жай жатқанша, жәрдем көрсетейін деген жанашыр адамдардың ортасы қалыптасты. Тағы бір мысал — Атырау қаласында вахта бойынша жұмыс істейтін азамат. Ол демалысының 4-5 күнін жедел жәрдемде көмектесетін болды. Негізгі жұмысы вахтада дәрігер болса, бос уақытында фельдшерлерге тегін көмегін көрсетті, консультация берді, тәжірибесімен бөлісті.

- Волонтерліктің алдағы тағдыры туралы не айтасыз?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша жарияланған 2020 жылы жақсы нәтижелерге келіп жеттік. Алдағы уақытта Қазақстандағы барлық азаматтар волонтер болуға ұмтылады деген ойдамын. Бүгінде волонтерлік қызметтің арнайы бағыттар пайда болды. «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы шеңберінде 7 бағыт – «Sabaqtastyq», «Saý­lyq», «Taza Álem», «Asyl mu­ra», «Qamqor», «Umit», «Bilim» сияқты бағыттар іске асуда. Әр бағыттың өзінің мақсаты бар. «Umit» – жоғалған адамдарды іздейді, «Sabaqtastyq» – жастар мен қарттардың арасындағы байланысты күшейтуді, жалғыз тұратын қарттарға қамқорлық жасауды көздейді.

Жалпы бүгінде волонтер әлеуметтік трендке айнала бастады. Барлығы төтенше жағдайларда көмектесуге ұмтыла бастады. Жастардың арасында бұл әлеуметтік лифтке айналды. Осы реформалардың, өзгерістердің арқасында қоғамда волонтерлерге деген көзқарас позитивті болудан бөлек, жастан кәріге дейін волонтер болып, қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын орта қалыптастырамыз деген ойдамыз. Осындай қайырымды қоғам қалыптастырсақ, азаматтық қоғамды да қалыптастыра аламыз. Өйткені волонтерлер арқылы өзінің пікірін еркін жеткізе алатын, менің қатысым жоқ, бұған мемлекет кінәлі деп отырмайтын, керісінше мен жасаймын, мен көмектесемін деген белгілі бір позицисы бар адамдарды қалыптастыра аламыз. Адамдарды, халықты, азаматтарды мейірімділікке, қайырымдылыққа осы контекст арқылы баулып, кейін олардың азаматтық позициясын да қалыптастырамыз.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған


Редакция

Публикации автора

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

Что построят вместо резиденции президента в Актау

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы

56 подозреваемых в тяжких преступлениях выдали Казахстану

Россия и Узбекистан строят железную дорогу через Афганистан

Топ-тема

Другие темы

СПОРТ | 14.12.2024

Бельгия — фаворит. Мы — в аутсайдерах

ИНТЕРВЬЮ | 14.12.2024

Алексей Шемес: Я искал Спилберга!

НОВОСТИ | 13.12.2024

Токаев подписал указ о награждении энергетиков

НОВОСТИ | 13.12.2024

Что построят вместо резиденции президента в Актау

НОВОСТИ | 13.12.2024

Уволить акима района в Алматинской области рекомендуют в АДГС

НОВОСТИ | 13.12.2024

ЖК «Французский дом» сносят в Алматы