Өзбекәлі Жәнібеков - өткен ғасырдың 60-80-ші жылдарындағы Қазақ КСР-нің көрнекті партия қызметкері, оның мәдениет, білім, тарихты дамыту мәселелеріне сіңірген еңбегін көпшілік мойындайды. Өзбекәлі Жәнібековтің көптеген замандастарының естеліктері оның өмірлік құндылықтар жүйесінде саясаттан гөрі мәдениет мәселелері басым болғанын растайды.
Ол «Қазақтың ұлттық қолөнері», «Қазақ өнері», «Ежелгі Отырар» және т.б. кітаптардың авторы.
Қазақ журналистикасының ардагері және Жәнібековпен де, Назарбаевпен де жеке таныс Ержан Уайыстың айтуынша, Елбасы Өзбекәлі Жәнібеков туралы бірнеше рет, атап айтқанда, ол туған Отырар ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде жылы лебіз білдірген. «Сол кездесуде бұл елде Өзбекәлі Жәнібековтің туып-өскені сөз болды. Елбасы: «Өзбекәлі Жәнібеков менің ұстазым болған» деп Өзекең туралы жылы лебіз білдірді», - деп жазды Е.Уайыс өзінің «Өзаға және оның айналасы» атты мақаласында.
Назарбаев пен Жәнібековтің жақсы қарым-қатынаста болғанын Ниетжан Жәнібековтің (Жәнібековтің ұлы) естеліктері де растайды: «Бірнеше жылдан кейін Назарбаев біздің үйде қонақта болды, ал әкем оны министрлер, Орталық Комитеттің бөлім меңгерушілері және басқа да ірі басшылардың арасына, ең құрметті орынға отырғызды. Маған қызық болғаны, жап-жас жігітті жиналған көпшілік ұйып тыңдады. Менің «Бұл кісі кім» деген сұрағыма әкем: «Бұл республикамыздың болашақ басшысы, ал қазір ол Карметкомбинат парткомының хатшысы» деп жауап берді. 45 жыл бұрын әкем өз кітабында жас Назарбаев туралы жылы сөздер жазып, оның портретін басқалардың арасында бірінші қылып орналастырды».
Н.Назарбаев туралы Өзбекәлі Жәнібековтің естеліктерінде де жазылған, онда ол болашақ Президенттің мансап жолына өзінің жеке ықпалын атап көрсетеді: «Мен Назарбаевты Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы лауазымына резервке алдым және оның одақтық съездерге қатысуына, ең үлкен мінберлерден сөз сөйлеуіне ықпал еттім, оны барлық уақытта өзіммен бірге алып жүрдім».
Сонымен қатар, Өзбекәлі Жәнібеков естеліктер кітабында өзінің Қонаевтың идеялық жақтаушысы болмағанын атап өтіп, Назарбаевты республиканың бірінші басшысының орнын басуға ең лайықты адам деп санағанын жазады.
Айта кету керек, Өзбекәлі Жәнібеков Қазақ КСР Мәдениет министрі болды, ол кезде республика басшысы Геннадий Колбин болған, ал Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті басқарды.
Өзағаның бұл орынға тағайындалуына Назарбаевтың атсалысқаны Жәнібековтың отбасына жақын адамдардың ауызша деректері арқылы дәлелденіп отыр.
Осы Мәдениет министрі болып тағайындалған кезеңге дейін марқұм Михаил Есенәлиевтің (Д.А. Қонаевтың қызметтестерінің бірі) естеліктері бойынша, Қонаев Жәнібековты тым тік мінезді адамды санап, оған объективті көзқараста болмаған. Осылайша, М.Есенәлиев өзінің «Штрихи к портретам» атты естеліктер кітабында: көп жылдар бойы Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы лауазымын атқарған және Мәскеуде де, республикада да беделге ие болған Жәнібековтің бар «кінәсі» - осы лауазымынан кеткенде, Димаш Ахметұлы тағайындағысы келген адамға бұл орынға отыруға мүмкіндік бермегендігінде болды... өкінішке орай, өз пікірі бар және ұнамды болуды білмейтін тұлғаларға қатысты Димаш Ахметұлының көзқарасы өз мүддесін бәрінен биік қоятындарға қарағандайобъективті емес еді», - деп жазады.
Тәуелсіз Қазақстан жылдарында Назарбаев Жәнібековті республика Жоғарғы Кеңесі депутаттары арасында көргісі келген, сол жердегі «өз адамым» болса екен деп ойлаған. Себебі бұл заң шығарушы орган президентке бағынбайтын еді және Назарбаевтың бастамаларына жиі тойтарыс беріп отырған.
Алайда, Жәнібековтың өзі тарихи, мәдени ескерткіштерді жаңғырту мәселелері бойынша үкіметтік емес сектор саласындағы жұмысты құп көрді және «Арқас» қоғамдық қорын басқарды.
Өмірінің соңғы жылдары
Айта кетейік, Өзбекәлі Жәнібеков тік мінезімен де, өзіне және жақындарына бір нәрсе сұрай алмауымен де ерекшеленді, жалпы саяси амбициясы болмаған.
Мәселен, оны Н.Ә.Назарбаевқа оппонент болуға тиіс Қазақстан Коммунистік партиясының көшбасшысы болуға шақырғаны белгілі. Алайда, ол бас тартты.
Асылхан Мамашұлы «Азаттықтағы» мақаласында былай дейді: «Өзбекәлі Жәнібековпен өмірінің соңына дейін тығыз қарым-қатынаста болған дереккөздің айтуынша, жоғары лауазымнан кеткеннен кейін Жәнібеков ешқашан басқа лауазым сұрамаған, депутаттыққа да қызықпаған».
Ө.Жәнібековтің жұбайы Қалихан апайдың 2010 жылы Мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижанға жазған хатынан үзінді: «Өзеке кенеттен ауырып қалды. Ол әдетте барлық қиындықтарға төтеп беретін, тағдырдың талай сынынан өтті, бірақ ауру меңдеп барады. Әрине, емделуге ақша қажет. Қолымыздағы бар қаражат жеткіліксіз болды. Не істерімізді білмей қалдық, сол кезде Елбасы Н.Назарбаев көмек қолын созды. Қаражат бөліп, Англияға жіберді. Бұл нағыз адамгершіліктің үлгісі».
Расталмаған ақпарат бойынша, Н.Назарбаевтың тапсырмасымен сол кезде Қырымбек Көшербаев пен Иманғали Тасмағамбетов жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға барлық қажетті көмекті көрсетті.
Өзбекәлі Жәнібеков 1997 жылы қайтыс болып, Арыстан баб тарихи қорығында жерленді. Айта кету керек, Елбасы Назарбаевтың рұқсатынсыз бұл да мүмкін емес еді.
Еңбектері
Жазушы Шерхан Мұртаза Өзбекәлі Жәнібековтың еңбегін өте жоғары бағалап, оның халық алдындағы барлық еңбегін тізу үшін үлкен кітап жазу керек екенін айтқан.
Негізгі еңбектері:
- атақты «Тайқазанның» Петербург Эрмитажынан Түркістанға оралуына қол жеткізді;
- көптеген жылдар бойы тыйым салынған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев және басқа да ақын-жазушылардың, саяси қайраткерлердің шығармаларын басып шығарды;
- Қожа Ахмет Яссауи, Қарахан, Айша бибі кесенелерін және республика бойынша басқа да тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру мәселесін көтерді. Қазақстанда 80-ші жылдардағы көптеген мұражайлардың ашылуы оның есімімен тығыз байланысты;
- оның қатысуымен фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер, театрлар, мұражайлар, «Қазреставрация» және оның облыс орталықтарындағы филиалдары сияқты көптеген мәдениет ұйымдар құрылды;
- КСРО-да ұзақ уақыт тыйым салынған «Наурыз» мерекесін тойлауға рұқсат алды. Бұл Роза Рымбаеваның орындауында осы мерекенің әнұранының пайда болуына және теледидарда көрсетіліп, көптеген әдет-ғұрыптардың жандануына ықпал етті.
Міне, көріп отырғанымыздай, Ө.Жәнібектің таза саясаткер болмағаны және халық ықыласы мен сүйіспеншілігі жолында республика мен елдің бірінші басшыларының тікелей бәсекелесі бола алмаған. Оның еңбегі негізінен саяси емес, мәдени-тарихи, шығармашылық мұраларға байланысты еді...
check-point.kz аудармасы
Фотосурет ашық дереккөдерінен алынған